- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Көркем әдебиеттің бастаулары
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Қадірлі, тума көркемдік, қабілет, сезімталдық, бейтарап, жіті бақылағыштық, мүдде, соқыр сенім, жібі түзу, әлеуметтік кейіп.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Көркем әдебиеттің бастаулары
Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей түсінікті деу қиын: сөз – бояу не дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар: әдеби шығарма сол тілде ғана туады.
Көркем сөз – құдіретті нәрсе! Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі өнерді де, көркем әдебиетті де жан жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Көркемдікке қажеттілер:
Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген – түйсінген шындығына бейтарап қала алмай, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату, бәрінен бұрын, ақынға тән қасиет. Ал суреткер, бәрінен бұрын, ақын.
Екіншіден бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ? Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұнын танытпақ.
Үшіншіден, қиял. Шығармашылық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты шығармашылық қиял – таланттың серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпы әдеби шығарма болуы мүмкін емес.
Төртіншіден, интуиция. Мәселен өлең жазу – есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.
Бесіншіден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да күшті, мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің шығармашылығы да мазмұнды» болатынын Ибсен біліп айтқан.
Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек.
Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық – еңбек сүйгіштік. Талант – бәрінен бұрын еңбек, содан соң батылдық деп тегіннен тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес.
Сегізіншіден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық – қабілетсіздік, қабілетсіздік- дарынсыздық, дарынсыздық – талантсыздық. «Ең арғы жағы геометрияға да шабыт керек» (Пушкин). Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалқар шабыт, шығармашылық құлшыну мен құштарлық, Станиславский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады.
Суреткер бітімін, талант табиғатын байыптағанда жоғарғылар секілді өнерліге тән жекелеген ерекшеліктерге назар аудара тұра, сайып келгенде, оның жеке өз басының дара қасиетін, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүниетанымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдениетін ескермеуге тіпті де болмайды.
(Ғаламтор желісінен бейімдеп алынды)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпыға бірдей түсінікті қандай өнерлер?
Тума көркемдік қабілет кімдерде бар?
Өлең – ненің нәтижесі?
Қандай адамның таланты күшті, мықты болады?
Талант дегеніміз не?
Жазылым.
Тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Шығармашылық фантазия дегеніміз –
Шын талантқа керектер –
Шалқыған шабыт болмайынша, ....
4. Суреткер өнердегі өзін емес, .....
Тыңдалым:
Диалог мазмұнын анықтаңыз.
A) Ашық есік апталығы туралы
B) «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы
C) кітапханадағы «Ашық есік апталығы» туралы
D) Тұрақты оқырмандардың көбейіп жатқандығы туралы
Диалог мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.
A) кітапханада ақын-жазушылар еңбектері болады
B) «Мәдени мұра» бағдарламасы жазушыларға қажет
C) Кітапханаға жаңа кітаптар жиі әкелінеді
D) Оқырмандар кітапханаға апталық кезінде ғана барады.
Кітапханашының көзқарасын көрсетіңіз.
A) Оқырмандар қызықты әңгімелерді ұнатады
B) Оқырмандардың көп болғаны жақсы
C) Кітап – білім бұлағы
D) Жаңа кітап – жан серігі
Анықтама:
қадірлі – сыйлы, құрметті
тума көркемдік – туғаннан-ақ сезілетін көркемдік
қабілет – способность
сезімталдық – чувствительность
бейтарап – нейтральный, оставаться равнодушным
жіті (зорко) бақылағыштық – мұқият қарау, бақылау
соқыр (слепой) сезім – жай, бос сезім
мүдде – интерес
жібі түзу – дұрыс, қалыпты
әлеуметтік кейіп – әлеуметтік бейне, келбет
құштарлық – страстное желание, увлеченность
Тезаурус
Сайып келгенде – қорыта келгенде, түбінде
Шындықтың парқы – шындықтың өлшемі, негізі
Сарабдал сана – ақылды, ойлы сана
10-сабақ
