- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
«Абай жолынан» үзінді
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Телміре қарау, бешпент, қайран болу, шолпы, аттай тулап соғу, құйын, мызғу, тысқа шығу, сұрғылт тарту, жүдеу, түндік, тебініп жүріп кету, қимай қарау, көгал дөң, лүп-лүп соғу.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
«Абай жолынан» үзінді
Тоғжан есікке қарай қозғалғанда, Абай қадалып телміре қарап қалып, бешпентін екі иығынан шеше беріп еді. Бірақ Тоғжан бір қарамағанға қайран боп, кеткенін қимағандай қалт тұрып қапты.
Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғана сылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық қымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығы ұрлап кеткендей, жұтып кетті.
Шамды Қарабас өшірді.
Шам өшсін-өшпесін, Абайдың көз алдына қазіргі мезгіл, бұл сәт самалдай жарық. Шамның өшкенін байқаған да жоқ. Көзі жұмулы, көңілі тыныштықтан, сабыр ойдан айырылған. Құйын үстіндегі алай-түлейде.
Бұл түнде таң аппақ атқанша Абай бір секунд та көз ілген жоқ. Күн шығарда ғана азғантай мызғыды. Бірақ үй іші оянғанда бірге оянып, ерте тұрды. Өңі сұрғылт тартып, жүдеп тұрды. Шай алдында тысқа шығып, далада бой жазып жүрген уақытта, Тоғжан жатқан үйді оңаша іздеді. Сүйіндіктің үлкен үйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй тұр. Кіші үй сол болуға лайық. Абай қайта-қайта сонда қарайды. Бірақ үйдің түндігі жабық, Тоғжан да, шешесі де әлі оянбаған, тұрмаған сияқты.
Шай уақытында Тоғжан келген жоқ. Асылбек, Әділбектер де өз үйінде болу керек.
...Сүйіндік үйінің жанынан үлкендерге «қош-қош» айтып, рақмет айтып кетіп бара жатып, Абай кіші үйдің түндігіне тағы қарады. Түндік әлі ашылмапты. «Тоғжан енді бір көруді ойламаған ба! Тұруға да, көруге де асықпаған ғой!...»
Бала жігіт көңілге ала қызған толқын алып, амалсыз тебініп жүріп кетті. Ауылдан алыстаңқырап бара жатқанда ең соңғы рет артына бұрылып, кіші үйді тағы қимай қарап еді. Үй жанынан бір әйелдің бойы көрінді. Басына қара шапан жабылған, ақ көйлегінің етегі шұбала түскен, Тоғжан сияқты. Жаңа тұрған ғой. Бірақ есіктен шықты да, Абай кеткен жаққа қарамай, әрі қарай көгал дөңге қарай ақырын басып жүріп кетті.
Абайдың көңіліне Тоғжанның шолпысы шылдыр-шылдыр етіп, ап-ашық естіліп бара жатқан сияқты. Өз жүрегінің лүп-лүп соққан қатты толқын ырғағы.
Амалсыз ұзап кетті. Жұмсақ мінезді боп, сұлу мекен, сұлу жан қалды.
(М.Әуезов)
Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A) Абай шай үстінде Тоғжанға қадала қарап отырды.
B) Сұлу қыздың бейнесі жас жігіттің жүрегіне еніп бара жатты.
C) Сүйіндіктерден кетерде Абай Тоғжанға қоштасып, қол бұлғады.
D) Қызды жеңгесі жетектеп, жеке отауға алып кетті.
2. Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A) Жастардың бірін-бірі ұғынысуы сүйіспеншілікке апарады.
B) Қазақ қыздарының шолпысы – әсем жүрудің үлгісі.
C) Абайдың сезімін қозғаған Тоғжан қыз.
D) Шам сөнсе де, сезімшіл жүрек тыншымайды.
3. Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.
A) Абай түні бойы бір белгісіз, мазасыз күй кешті.
B) Балаң жігіт өзінің шын ғашық болғанын амалсыз мойындады.
C) Шам сөнгенде, Абай Қарабастан Тоғжан туралы сұрады.
D) Жолаушылар ертемен жолға шығып кетті.
4. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
A) Тоғжан таққан шолпы сыңғыры Абайдың жүрек лүпіліне ұласты.
B) Абай енді Сүйіндік ауылына талай рет келетініне сенімді болды.
C) Тоғжандар шығып кеткенше, Абай оны бір бұрылып қарар деп ойлады.
D) Тоғжан жатқан отауды Абай білмесе де, сырттай жобалады.
5. Мәтіндегі қосымша ақпаратты табыңыз.
A) Абай таңертеңгі шайда Тоғжандарды келер деп күтті.
B) Кіші үйдің түндігі ашылмағаны – Тоғжанның тұрмағандығынан болар.
C) Таң алдында ғана көз шырымын алған Абай жүдеу қалыпта болды.
D) Абайға тосыннан келген бейтаныс сезім жанын жаулап, маза бермеді.
6. Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.
A) Таңертең сыртқа шыққан Абай Тоғжан отауын көзбен іздеді.
B) Бала жігіт өзін ынтықтырған қыздың оянуын асыға күтті.
C) Шолпысы сыңғырлап бара жатқан қыз Абайдың тыныштығын ұрлады.
D) Шай уақытында Абайдың күткен адамдары келмей қойды.
7. Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.
A) Абайлар сұлу мекен, сұлу қызды қимай қош айтысты.
B) Төсек жайлы болса да, көңіл толқып, тыншымады.
C) Тоғжанның Абаймен қоштасуға келмегені көңіліне толқын ойнатты.
D) Жолаушылар соңғы рет бұрылып қарағанда, үйден Тоғжан да шықты.
8. Мәтіннің түйінін көрсетіңіз.
A) Қыз өссе – елдің көркі.
B) Абайға ән жаздырған сұлулық.
C) Көңіл сезіммен көркейеді.
D) Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Абайдың көңілі неге алай -түлей күйге түсті?
2. Тоғжандар үлкен үйде тұратын ба еді?
3. Киіз үйдің түндігі жабық болса, ол – ненің белгісі?
4. Тоғжан секілді қазақ қыздары шашына не тағатын болған?
5. Абайлар өз ауылдарына немен кетті?
Жазылым:
Берілген диалогты толықтырыңыз:
– Көктем келгенмен, ауада ызғар бар-ау .....
– Сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты, суық ....
– Сәуірді осы жұлдызша не ....?
– Көкек деп те атайды. Сәуір – бұл айдың арабша ....
– Әжемнен өткенде «отамалы» дегенді естіп .... Ол не деген сөз?
– Әжең ескінің адамы ғой, Абайжан. Олар күн қайырудың есебін .... Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде .... Желсіз, борансыз өтпейді. .... ең соңғы қаһары сонда. Содан кейін ... күн жылып, көк шығады. «Сәуір болмай, ... болмас» деп бұрынғылар жайдан-жай айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, ... шықпайды дегені.
(М.Әуезов. «Абай жолы»)
Тыңдалым.
Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз
A) Академиялық драма театры Абай атында.
B) Пьесада Абайдың махаббат өлеңдері оқылады.
C) Әуезов театры Керекуге гастрольдік сапармен барады.
D) Гастроль Кереку өңірінде бір ай көлемінде спектакль қояды.
Диалог бойынша қате ақпаратты көрсетіңіз
A) Абай рөлін екі әртіс сомдайды.
B) Театр гастрольдік сапарға бір аптаға келген.
C) Абай – болмыс-бітімі жағынан да өзгеше ақын.
D) Абай рөлін театрдың жас әртістері ойнайды.
Диалогқа сәйкес пікірді табыңыз.
A) Режиссер Абайдың композиторлық қырына көбірек көңіл бөлген.
B) Абай рөлін сахнада сомдау кез-келген актерге қиын тиеді.
C) Абай – қазақ халқының ғана емес, әлем халқының да ақыны.
D) Режиссер «Абай» спектаклін дайындауға көп уақыт жұмсады.
Анықтама:
телміре қарау – ұзақ, көз алмай қарау
бешпент – қазақтардың әдемі сырт киімі
қайран болу – таң қалу
шолпы – шашқа тағатын әшекей (күмістен, алтыннан жасалатын
сылдырмақтары болады)
аттай тулап соғу – жүрегі жиі соғу
құйын – вихрь, смерч
мызғу – вздремнуть, дремота
тысқа шығу – сыртқа (далаға) шығу
сұрғылт (бледноватый) тарту (фраз.) – түрі (өңі, реңі) сұрғылт болу
жүдеу – исхудание, изнурение, страдание
тебініп жүріп кету – атқа отырып жүріп кету
қимай қарау – здесь: сожалеть, жалеть
көгал (луг) дөң (холм, бугарок) – жасыл, шөбі мол дөң, белес
лүп-лүп соғу – здесь: учащенное биение сердца
Тезаурус:
Шымылдық – перде, жамылғы
Композиторлық қыры – сазгерлік дарыны, ерекшелігі
Сомдау – ойнау, рөліне ену
9-сабақ
