- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Көркем сөз – көркем өнер
6-сабақ
Көркем стильдегі көріктеу құралдары
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Бейнелі, әуезді, оралымды, көріктеу құралдары, теңеу, қайталама, жинақы, талап, қорбаңдау, құлан иектену, болмыс, ырғақ, соңғы дем, сым перне.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Көркем стильдегі көріктеу құралдары
Қазақ халқының тілі – аса сұлу, бейнелі, оралымды, әуезді және тілдік қоры өте бай. Тіліміз өзінің мәні мен мағынасын жоғалтпай, дамып, толығып ғасырлардан ғасырларға жетіп келеді. Осынша бай әрі көркем тіл күнделікті қарым-қатынаста, ақпарат айдынында ғана емес, қазақ жазушыларының шығармаларында өзінің бар мүмкіндігін жарқыратып көрсетеді.
Көркем шығарма оқырманға эстетикалық ой, эмоционалды-экспрессивті әсер етуі арқылы өзге стильдерден ерекшеленеді. Жазушы даңқын да шығаратын – оның шығармасының терең мазмұны мен әсерлі тілі. Әсерлі, мәнерлі тіл жасайтын тәсілдерге түрлі көріктеу құралдары жатады. Олар: метафора, метонимия, теңеу, эпитет, психологиялық параллелизм, қайталама, фразеологизмдер, т.б.
Метафора – белгілі бір сөзді басқа сөзге балап, әсерлі ой туғызатын амал. Мысалы, «отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «мақта – ақ алтын», «көмір – қара алтын», «балалы үй –базар», «өмір – өзен», «уақыт – ақша», «көз – адам жанының айнасы» десек, осындағы асты сызылған сөздер метафора болады. Метонимия – қатар келген екі-үш сөздің ең негізгі біреуін ғана атау арқылы ойды жинақы жеткізетін амал. Мысалы: Мен Абайды оқып болдым. Жақсыға әркім де қызығады. Астана құшақ жая қарсы алды деген сөйлемдердегі «Абайды» деген сөзді «Абайдың толық шығармаларын», «жақсыға» деген сөзді «жақсы адамға», «Астана» деген сөзді «Астана тұрғындары (халқы)» деп ұғынамыз.
Теңеу әдетте, -дай, -дей, -тай, -тей, -ша, -ше, -іп, -ып жұрнақтарымен және сияқты, секілді, тәрізді деген сөздермен жасалады. Мысалы: баладай сенгіш, алтындай қымбат, алмастай өткір, таудай талап, аюша қорбаңдау, құсша ұшу, құлан иектеніп таң ату, т.б.
Эпитет өзінен кейінгі тұрған сөзді әсерлі айқындап тұрады. Мысалы, сары жапырақ, қоңыр қаз, ашық есік, ақ қайың десек, бұлар – сын есіммен тіркескен зат есімдер (бірақ, эпитет болмайды), ал сары уайым, қоңыр жел, ашық мінез, ақ көңіл десек, эпитетті тіркес болады.
Психологиялық параллелизмде адам мен табиғат, табиғат пен құбылыс, мінез бен болмыс, т.б. қасиеттер қатар суреттеледі. Мысалы: Көктемнің таза ауасы, самал желі қандай ғажайып болса, менің де сол күнгі көңіл-күйім сондай жайдары еді… Қызарып күн де батты, қарт ақын да соңғы демін алды…деген сөйлемдерде екі оқиға қатар суреттеліп, параллелизм жасап тұр.
Қайталама тәсілдері сөйлемнің кейде басында, не ортасында, кейде соңында келіп, ойға ерекше мәнер, мәтінге ырғақ түсіреді, сөйлемді әрлендіреді. Мысалы:
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын…
(Сәкен Сейфуллин)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ тілінің байлығы өзінің бар мүмкіндігін қайда көрсетеді?
2. Көркем шығарма өзге стильдерден қалай ерекшеленеді?
3. Жазушы даңқын не шығарады?
4. Метафора – қандай көріктеуіш амал?
5. Психологиялық параллелизмде нелер қатар суреттеледі?
1. Жазылым.
Метафоралардың қандай сөзге балама болып тұрғандығын табыңыз:
1. … - асқар тау. 2. … - білім бұлағы. 3. …- қорқақ, … -батыр. 4. … - қолға ұстаған мұз. 5. … - бір оқтық. 6. …- аң патшасы. 7. …- елдің көркі. 8. …- ас атасы. 9….- сөздің патшасы, сөз сарасы. 10….- зор байлық.
2. Жазылым. Тұрақты эпитетті тіркестердің сыңарын табыңыз.
1. Қолаң ....
2. қиғаш ...
3. бота ...
4. қыпша ...
5. маржан ....
6. ізгі ...
7. мөлдір ...
8. баянды ....
9. қажымас ....
10. асыл ....
3. Жазылым. Теңеулердің екінші сыңарын табыңыз:
1. Сүттей …
2. судай …
3. қылдай …
4. иттей …
5. арыстандай …
6. қояндай …
7. баладай …
8. бұлттай …
9. даладай …
10. көктемдей ….
Тыңдалым.
Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Жазушы өзі ұнататын автор шығармаларын қалай күтеді?
2. Қандай жазушының кітабы ыстық болады?
3. Жақсы кітапты қолға алғанда қандай әсерде боласың?
4. Кітапты оқу барсында жазушы туралы ойлап отырасың ба?
5.Сүйікті кейіпкерлер адам өміріне ықпал етеді ме?
Анықтама
бейнелі – образный
әуезді – мелодичный, приятный
оралымды – здесь: имеющий хороший слог, красноречивый
көріктеу құралдары – средства образных выражений
теңеу – сравнение
қайталама – повтор
жинақы – собранный, аккуратный, обобщающий
талап – требование
қорбаңдау – здесь: двигаться неуклюже
құлан иектену (фраз.) – ранний рассвет, светиться
болмыс – натура, естество
ырғақ – ритм
соңғы дем (фраз.) –здесь: последние дыхание - умирать
сым перне – муз. струна, лад
Тезаурус
Құлан иектену – құланның иегіндей болып таң ату
Қылдай бөлу – тең етіп бөлу
Сәлем хат – қал-жағдай сұрап, жаңалықтар айтып қағазға жазылатын хат
7-сабақ.
