Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:

А) халық поэзиясы

В) халық прозасы

С) халық қазынасы

D) халық жыры

Е) халық ауызы

3. Ағылшын Вильям Томс «фольклор» терминін не істеді?

А) айтты

В) жазды

С) ұсынды

D) алды

Е) тауып алды

4. Ауыз әдебиетінің бірнеше атауы қазір қалай қолданылады?

А) тек «фольклор» термині ғана қолданылады

В) олар бірінің орнына бірі қолданыла береді

С) қазақ әдебиетінде біреуі ғана қолданылады

D) қазір жаңа термин ойластырылуда

Е) «ауызша тарих» термині ғана қолданылады

5. Ауыз әдебиеті қалайша дамыды?

А) халықтың қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты дамыды

В) халықтың біліміне қатысты дамыды

С) халықтың тарихына қатысты дамыды

D) адамдардың тұрмысына байланысты дамыды

Е) ақсақалдардың санасына байланысты дамыды

6. Ауыз әдебиеті нелерден мағлұмат береді?

А) ата-бабаларымыздың ерліктері мен дәстүрінен

В) арғы аталарымыздың тұрмыс –тіршілігі мен түсініктерінен

С) өзге елдермен байланысынан

D) сол дәуірдегі жаңалықтардан

Е) ата-бабаларымыздың өнерінен

7. Ауыз әдебиетін халық не істейді?

А) жасайды, жаттайды

В) шығарады, таратады

С) толықтырады, көшіреді

D) өзге елдерге үйретеді

Е) кітапханаға өткізеді

8. Қазақ даласында болған саяхатшылар неге таңданды?

А) кең далаға

В) мәдениетке

С) діншілдікке

D) ауыз әдебиетіне

Е) бауырмалдыққа

9. Қазақ даласы саяхатшылар мен зерттеушілерге қалай әсер етті?

А) ән салып тұрғандай

В) ән тыңдап тұрғандай

С) ән ойнап тұрғандай

D) әншілер тұрғандай

Е) әнмен тұрғандай

10. Ауыз әдебиетінің қандай жанрлары қазір де бар?

А) ән, өлең, ертегі

В) айтыс, әңгіме, толғау

С) аңыз, шешендік өнер, ән

D) жар-жар, беташар, бата

Е) бата, тілек, тұрмыстық өлең

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ауыз әдебиетінің шығарушы авторы бар ма?

  2. Ауыз әдебиетінің қандай мәндері бар?

  3. Қай кезде ауыз әдебиеті классикалық деңгейге көтерілді?

1. Жазылым.

Ауыз әдебиеті бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді аяқтаңыз: Қазақ халқының ауыз әдебиеті қазір де ......

А) болады

В) жиналуда

С) жетті

D) сақталды

Е) жалғасты

2. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: Көшпелі қоғам мәдениетінде ауыз әдебиеті барлық белгілері ..... классикалық деңгейге көтерілді.

А) түрлері

В) туралы

С) сияқты

D) жағы

Е) бойынша

3. Сөзге қажетті жұрнақты қойыңыз: Көшпе... тіршілік

А) –нділер

В) –лілеу

С) –лі

D) –лілер

Е) –ндік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің .............. ерекшеленеді

А) тарихи желілерді сақтауымен

В) батырлар жырының молдығымен

С) ғашықтық жырларының көптігімен

D) қызықты сюжетімен

Е) көркемдік күші және жанрының көптігімен

5. Сөздердің сыңарын табыңыз: ......арман, ...... мұрат, .....-сенім

А) мол, асыл, салт

В) асыл, мақсат, ғұрып

С) асыл, биік, наным

D) биік, адал, нану

Е) ақ, таза, таным

6. Мәтіндегі «мағлұмат» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

А) жаңалық

В) оқиға

С) түсінік

D) мәлімет

Е) білім

2. Жазылым:

1927 жылы жаздыгүні Көкшетауда жүрген Сәкен Сейфуллинді 71 жастағы Ыбырай іздеп келді. Мен Сәкеннің қасында жүр едім. Ыбырай мен Сәкен бұған дейін жүз таныс емес екен. Ыбырайдың ірі ақын, ірі әнші екенін бұрын естіген Сәкен: «Оқжетпестің түбінде отырып тыңдау керек», - деді. Сонда Көкшенің жотасы қоршаған Оқжетпес қасында Ыбырай «Көкшенің биігі-ай» деп басталатын «Қарагөз» әніне шырқап жібергенде, жантайып жатқан Сәкен орнынан атып тұрып, Ыбырайдың алдына шөге түсіп, қатты да қалды. Аса ырғақты және аса биік бұл ән орындалып болғаннан кейін Сәкен: «Апырай, бұндай да биік және көркем дауыс болады екен» деп, Ыбырайды құшақтап сүйді. (С.Мұқанов)

Жазылым бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Сәкенді қарт әнші не үшін іздеп келді?

2. Сәкен Ыбырайды бұрын көрген бе еді?

3. Сәкендер әншіні қай жерде тыңдамақ болды?

4. Сәкен әншінің дауысын қалай бағалады?

5. Сәкен өз ризашылығын қалай білдірді?

3.жазылым.

Мәтіннен адамның қимыл-әрекетін бейнелейтін сөздерді тауып жазыңыз.

4. жазылым. Мәтіндегі жүз таныс, Көкшенің жотасы, шырқап жіберу, жантайып жату, атып тұру, шөге түсу, қатып қалу, аса ырғақты, орындалып болу сөздеріне синоним келтіріңіз. Адам іс-әрекетін бейнелейтін етістіктерді орысша аударыңыз.

Тыңдалым.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Ақын үшін табиғат пен адам – егіз.

B) Көктем келгенде қыс таулардан асып кетеді.

C) Ақын қара жұмыс, ой еңбегі туралы да жырлады.

D) Ақын өлеңдерінде жер «ана» бейнесінде сипатталады.

Мәтін мазмұнында жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A) Қазақтың әсем даласы тек өлеңде ғана жырлана ма?

B) Ақын өлеңдеріндегі табиғат адам секілді бейнеде ме?

C) қайыңның жапырақ-жүректері поэзиялық образ ба?

D) ойлы жерден тесіп шыққан бұлақтар теңізге құяды ма?

Мәтін мазмұнын анықтаңыз.

A) қоршаған орта мен дарынды ақын

B) Мұқағалиға туған жер құсы да қымбат

C) Ақын өлеңдеріндегі табиғат сұлулығы

D) Қаршыға, қарлығаш және жас қайың

Мәтін мазмұынына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Туған жердің қасиетін ақынша түсіну керек

B) Ақын өз жанын қайың жанымен бірге деп ойлайды.

C) Жер-Ананың сұлулығын жазушылар шебер көрсетеді.

D) Туған жердің құнарлы бұлақтары таудан басталады.

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

A) Табиғаттың ғажайыптары

B) Туған жерге мың сәлем!

C) Ақын мен табиғат – егіз

D) Мұқағали Мақатаев

Анықтама

Айрықша – ерекше

көркемдік нәр – көркем мазмұн

тас дәуірі – тас ғасыры

наным-сенім – верование

өз еншісі – өз мұрасы, өз байлығы

жаппай – сплошной, поголовно

айтыс – песенное состязание акынов(биев, ораторов) в импровизации

жар-жар – здесь: казахская обрядовая песня-напутствие

бата – благославение, доброе пожелание

әдістеме – методика

жүз таныс – таныс, білетін адам, кісі

бөрік – бас киім

тезаурус

беташаркелін келгенде бетін өлеңдетіп ашатын дәстүр

жар-жарүйленген жастарға айтылатын тілек-өлең

батаүлкен кісілердің ақ тілегі

толғауақындардың философиялық мазмұндағы өлеңі

жүз танысжүз –бет – түр-келбет-рең (синоним)