Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Абайдың әкесі

Қарапайым халық Абайды ғана емес, кезінде Құнанбайды да пір тұтқан. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы өмірге келген. Ол өзі өмір сүрген ортасында өте беделді, абыройлы адамның бірі болады. Ақыл сұрап, әділдік іздеген қазақтар оған елдің түкпір-түкпірінен толассыз келіп жатады, себебі ол іскер, әділ жан болған. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Бұл қасиеттері Құнанбайды қара қылды қақ жарған әділ би атандырады. Дала заңдарын, үкімет жарлықтарын, Құран қағидалары мен небір шежірелерді жетік білетін әрі оны жатқа айтатын ділмар етеді. Сол себепті жұртшылық Құнанбайды қатты қадірлеген, құрметтеген. Ол ауырып, өлім халінде жатқанда, барша туған-туысы, алыс-жақын ағайыны Құдайға жалбарынып, амандық тілеген.

Құнанбай өзінің ұзақ та өнегелі өмірінде көптеген игілікті іс тындырған. Жұрт оны сол кездің өзінде-ақ «қарадан шыққан хан» санап кеткен. Өйткені ол қарапайым қазақтың баласы бола тұрып, аға сұлтандыққа сайланады. Аға сұлтандық – бұл беделді, жоғары лауазым, ел басқаратын қызмет. Сұлтан болу әркімнің қолынан келе бермеген және сұлтандыққа кез келген адамды тағайындамаған.

Құнанбай аға сұлтан қызметін атқарып жүрген кезінде Қарқаралы қаласында жұртшылыққа арнап мешіт салдырады. Кейін қартайған шағында ел билеу тізгінін артындағы жастарға тапсырып, Меккеге қажылыққа барады. Осы сапарында Меккеге келген қазақтар тоқтап, түсіп жүрсін деген ниетпен өз қаражатына «Тәкия» дейтін жатын үй (қонақ үй) салдырып кетеді. Құнанбай қажының осындай істері ғибраты мол даңқының кеңінен жайылуына себеп болған. Қарқараладағы мешіт те, Меккедегі «Тәкия» үйі де қазірге дейін сақталған.

Дегенмен, Құнанбайдың қатал әрі көңілі қаламаған нәрсені бетке айтатын тура мінезі болған. Ел-жұрт оның турашылдығын, шешендігін мойындаса да, ешкімге дес бермей кететін бірбеткей қаталдығын құптамаған. «Қыс алты ай болса, Құнанбаймен жетеу болды» дейтін сөз осыған байланысты айтылса керек.

Әйгілі Кеңгірбай бидің ұрпағы Бөжеймен Құнанбай бірін-бірі жақын тартып, сыйласып жүретін. Бірде екеуінің арасына әлдеқандай салқындық кіріп, сыйластық қатынастарына сызат түседі. Абай осы жағдайды біле тұра, бір күні Бөжейді көріп қалып, ерекше ізетпен сәлем береді. Бөжей баланың шын ниеті мен сәлеміне, ақылына риза болады. Абайға бата беріп тұрып, «әкесінің мінезін бермесін» деген екен. (Б.Майтанов. «Абай. /Тарих, тұлға, уақыт»)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қарапайым халыққа Құнанбай несімен қадірлі болды?

2.Құнанбайдың шешендігі неден байқалатын болған?

3. Сұлтандыққа тегі бойынша кімдер сайланушы еді?

4. Оның қандай мінезі туыс адамдар арасының алшақтауына себепкер болды?

5.Бөжей Абайдың сәлемін неліктен алды?

6. Бөжей батасында не тілек білдірді?

1. Жазылым.

Абайдың қанатты сөздерін толықтырыңыз.

1. Жаман дос – көлеңке,

Басыңды күн шалса,

Қашып ........

2. Басыңды бұлт шалса,

Iздеп ........

3. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен ....

4.Ұстаздық еткен ....

Үйретуден балаға.

5. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,....

6.Сен де бір ....

Кетігін тап та, бар, қалан.

7. Өлең – сөздің патшасы, ....

Тыңдалым.

Полилогке негіз болған себепті көрсетіңіз.

A) Әуезовтің дәріс берудегі өзіндік ерекшелігі

B) Шәкірттердің ұстазынан шет ел әсері жайлы айтуды өтінуі

C) Үнді елінің бейтаныс ел туралы білуге құштарлығы.

D) Жамбыл Жабаевтың үнді еліне таныс болуы

Полилог мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

A) Ақындар – ұлт атағын шығаратын тұлғалар.

B) Қазақ елі үнді жұртымен бауырлас.

C) Әуезов – кеңестік делегацияны басқарушы

D) Ұстаздың бергенінен берері көп.

Полилогке қатысушылардың көзқарасын анықтаңыз.

A) Кеңестік делегация қазақ жұртын жарнамалауды жөн көреді.

B) Залда отырғандар үшін қазақ сөз әуені әнмен бірдей.

C) Әуезовке «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін айту ұнайды.

D) Залдағылар үшін қазақ деген ел бейтаныс.

Полилогке қатысушылардың көзқарасын анықтаңыз.

A) Үнді елі үшін қазақ емес, Жамбыл өлеңдері маңызды.

B) Әуезовтің шығармашылығы оларға қажетсіз.

C) Студенттер ұстаздарының дәрісіне риза.

D) Үнді елі үшін қазақ әдебиетінің даму тарихын білу маңызды.

Полилогке қатысушылардың көзқарасын анықтаңыз.

A) Әуезов қазақ сөз өнерінің барлық жанрын түсіндіруді көздейді.

B) Залда отырғандар үшін қазақ сөздерінің әуенін білу маңызды.

C) Залда отырғандар үшін әр ұлт өкілінің өз ана тілінде сөйлей білуі маңызды

D) Залдағылар үшін Абайдың аудармасы, оның әнін естуі маңызды.

Полилог мазмұны бойынша қате ақпаратты табыңыз.

A) Өз реті келгенде сөз алған Әуезов сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді.

B) Залда отырғандарға Әуезовтің ұлты таныс болмай шықты.

C) Отырғандардың Жамбылды білуі Әуезовке мақтаныш сезімін туғызды.

D) Қазақтың ұлы тұлғаларын бірінен кейін бірін айтып көрді.

Полилогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Студенттердің Әуезовтің дәрісін ынта қойып тыңдауы

B) Әуезовтің адам бақыты деп оның танымалдылығын ескеруі.

C) Үнді елінен алған әсерін ұстаздың студенттерімен бөлісуі

D) Әуезовтің қазақ тілінде өлең оқып беруі

Полилогтің қорытындысын көрсетіңіз.

A) Әуезовтің үнді еліне сапары оны танымал етті.

B) Әуезовтің үнді елінде оқыған баяндамасы оның даңқын асырды.

C) Әлемге танылу үшін Жамбылдай болу керек.

D) Әлемге танымал болу үшін білім мен өнер болу керек.

Анықтама:

пір тұту (фраз.) – қасиетті деп санау, әулие деп есептеу, құрметтеу

түкпір-түкпірден – жан-жақтан, алыс жақтан (глушь)

толассыз – беспрерывно

кесек ақыл – толық, терең ақыл

жүйрік тіл – шешен, тапқыр сөйлеу (сведующий, находчивый)

қара қылды қақ жару (фраз.) – әділ, әділетті

қағида – ереже, заң

ділмар – шешен, тапқыр сөйлейтін адам

жалбарыну – мольба, упрашивание

дес бермей кету – ешкімге көнбеу, өз дегенінен қайтпау

сызат түсу – реніш пайда болу

Тезаурус

Қарадан шыққан ханқарапайым халықтың арасынан шыққан хан

Бас шұлғып амандасубас изеп амандасу

Тәуелсіздіктің ақ таңытәуелсіздік алған уақыт

4-сабақ