Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Сыпайылық, мінді іс, өрмелеу, сайтандыққа тарту, жұртшылықтан кету, асық, сақа, манар тау, басалқа, тізгін, шылбыр, бейіл, кейіс, күндестік.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Рас, бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады. Жұртшылықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.

Ол екі мінезді қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қоңды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүгірмек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп, мал айтып тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?

Екіншісі – намысқор болады екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын келтірер» деп, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар» десіп.

Кәніки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық.

Ендігілердің достығы – бейіл емес, – алдау, дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бұрынғы ата-бабаларымыздан қазір неміз артық?

2. Ата-бабаларымыздың қандай жақсы жағын жоғалтып алдық?

3. Топ басы, ел басы қандай мәселелерді шешетін болған?

4. Ата-бабаларымыз намысқор болудың арқасында қандай қылықтарға жол бермеген?

5. Қазіргі адамдардың достығы мәтінде қалай бағаланды?

6. Дұшпандық қалай суреттелді?

1. Жазылым.

Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Абай – қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, iрi ағартушы, қазақ әдебиетiнiң (1) ..., қоғам қайраткерi. Абай 1845 жылы Семей (2)... туған. Әкесi Құнанбай бай, би, ру басы, Қарқаралы (3) ... аға сұлтаны болған. Анасы Ұлжан, әжесi Зере мейiрiмдi, қамқор адамдар (4) ... Олар Абайға ертегi, (5)..., әңгiме көп айтатын.

Құнанбай дiншiл (6)... ауылына Ғабитхан деген молданы алдырып, балаларға сабақ бергізген. Абай да (7) ... оқыған. Абайдың зеректiгiн байқаған соң, әкесі (8) ... Семейдегi діни медресеге берген. Абай медреседе оқып жүрiп, шығыс классикалық поэзиясымен (9) ... Оқу-білімге ықыласы ерекше (10) ... қаладағы 3 айлық орыс мектебiнен де дәрiс (11) ... 13 жасында әкесi баласын медреседен (12) ... алады, өйткенi Абайды ел билеуге (13) ... болады. Елге (14) ... кейін де жас Абай өнерге құштарлығын әлсіретпейді. Ел аралап жүрiп, ол қазақ ғұламаларының халық (15)... сөздерiн, мақалдарын, ертегiлерi мен нақылдарын меңгередi. Өсе келе Абай араб, парсы, түркi тiлдерiн кiтап (16)...... үйренедi, осы тiлдердегi шығармалармен танысады. Ол махаббат бостандығын, адам жанының сұлулығын, қоғам тынысын жырлайтын Низамидi, Науаидi, Хафиздi, Фирдаусидi ( 17).

Семейде ол саяси жер аударушылар Грось және Михаэлспен (18)... Олар Абай ауылында талай рет (19)... болады. Солардың ықпалымен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Достоевский, Белинский (20)..... танысады. Абай әсiресе, Лермонтов пен Пушкиннің шығармаларын сүйiп оқиды, өлеңдерiн (21).... Абай қазақ тiлiне “Евгений Онегиндi” аударды, оның iшiнде аудармашының өзi ән (22)..... “Татьянаның хаты” қырда үлкен сүйiспеншiлiкке бөлендi.

Абай – қазақ өмiрiнiң энциклопедиясын жасаған (23)..... суреткер. Оның шығармалары (24)..... оқу-бiлiмге шақыруымен, адам бойындағы (25).... қасиеттерді бағалай білуге үйретуімен құнды. 1904 (26).... Абай қайтыс болды. Ұлы ақын (27) .... үлкен iз қалдырды. Абай - қазақтың ғана ақыны емес, бүкiл (28)..... ақыны, әлемдiк поэзия алыптарымен қатар тұрған ғаламат (29).....

2. жазылым.

Абайдың 39-қара сөзіндегі мақалдарды іздесеңіз, алтау шығады. Іске сәт!

1..................

2.................

3.....................

4...................

5.................

6.................

Тыңдалым.

Диалогке негіз болған жағдаятты көрсетіңіз.

A) Абайдың есті балалары

B) Абай мен Әуездің ауылдас болуы

C) Әуездің Абай ақынның сөздерін үйретуі

D) Мұхтардың Абай туралы жазуы

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Абай ауылы Әуез ауылына алыс болды ма?

B) Әуез ақсақалдың үйреткендерін Мұхтар жазып отырушы ма еді?

C) Мұхтар естігендерін Абайдың өзінен жазып алды ма?

D) Әуез ақсақал қара сөздерді жатқа айтуды Мұхтардан ғана талап етті ме?

Диалог мазмұнында жауабы жоқ сұрақты табыңыз.

A) Естіген нәрсені ұмытпау үшін жазып қойып отыру керек пе?

B) Әуез ата Абайдың қара сөздерін жаттап алуды міндеттейді ме?

C) Абай ауылымен жақын отыру Мұхтардың тәрбиесіне әсер етті ме?

D) Мұхтардың Абай сөздерін жазуына Әуез ата себеп болды ма?

Сұхбаттасушының ниетін білдіретін сөйлемді анықтаңыз.

A) Әуез ата мұғалім болғысы келді.

B) Мұхтар кішкентай кезінен жазушы болғысы келді.

C) Балалар Абайдың балаларынан сабақ оқымақ болды.

D) Әуез ата Абай сөздерінің тәрбиелік мәнін балаларға үйреткісі келді.

Анықтама

сыпайылық – учтивость, вежливость

мінді іс –дело, имеющее изъян

өрмелеу – взбираться (наверх)

сайтандыққа тарту (фраз.) – сайтанға ұқсау

жұртшылықтан кету (фраз.) – потерять человеческий облик

асық –асык, альчик (коленная косточка овцы или козы)

манар тау (фраз.) – үлкен, биік тау

басалқа – совет, наставление

тізгін – поводья, вожжи

шылбыр – чембур (длинный повод для привязывания коня)

бейіл – любезность, нрав, характер

кейіс – огорчение

күндестік – завистливость

тезаурус

асық, асық ойнау

сақаасықтың ең ірісі, үлкені

бейілпейіл, адамның ниеті

басалқаақыл, кеңес

3-сабақ Абайдың әкесі

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Пір тұту, түкпір-түкпір, толассыз, кесек ақыл, жүйрік тіл, қара қылды қақ жару, қағида, ділмар, жалбарыну, қарадан шыққан хан, дес бермей кету, сызат түсу.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.