- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Өлең – сөздің патшасы
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Әуелгі кезде, жатырқау, тосаңсу, дағдылану, ұқтыру, айып, қармай жазу, оқшау, сынау.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Абай – қазақтың бас ақыны
1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адам шапшаң оқып шықса, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың рет оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болса, айып – жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Оның сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі оқулыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыны да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардан оқшау, олар сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз. Сөзінің қандай екендігін оның жауһардай өлеңдері танытады. Абайдың өлеңдері шын мағынасында – сөздің патшасы, асылы.
Ахмет Байтұрсынұлы
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Автор Абай өлеңдерімен қашан танысты?
Авторға ұлы ақынның өлеңдері бірден түсінікті болды ма?
Ахмет Байтұрсынов Абай өлеңдерін қалай бағалады?
Ұлы ақынның өлеңдерін бұрын естімегендер тез қабылдай ала ма?
Абай өлеңдерін қалай жаза білді?
1. Жазылым.
Абай өлеңін еске түсіріңіз.
Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Жігіттер, ойын – арзан, күлкі .......
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен ........
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса жарайды, қылса ..........
Керек іс бозбалаға – ......,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы ........
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге .......
Кемді күн қызық дәурен тату .......,
Жетпесе, біріңдікін бірің ......!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен ......!
2. Жазылым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Қажетті қосымшасын қойыңыз: Абай Семей... мұсылман медресесінде оқиды.
А) –дей
В) –дегі
С) –ден
D) –деген
Е) –ді
2.Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз: Абай - ....... ақын
А) суырып салма
В) орыс тілінде жазған
С) Батыс Еуропа әдебиетін терең білген
D) суреткер және сыршыл
Е) термешіл, жыршыл
3. А.Байтұрсынов Абайды « ...... ..» деп бағалайды.
А) терең білімді ақын
В) орысшыл ақын
С) мәдениетті ақын
D) қарапайым ақын
Е) қазақтың бас ақыны
4. Абайдың ойшылдығы оның өлеңдерінен ғана емес, ... көрінеді.
А) поэмаларынан да
В) дастандарынан да
С) аудармаларынан да
D) қара сөздерінен де
Е) музыкасынан да
5. Сөйлемді толықтырыңыз: Абайдың 150 жылдық ... дүние жүзінде аталып өтті.
А) кеші
В) мерекесі
С) оқиғасы
D) тарихы
Е) шешімі
Тыңдалым.
Тыңдалымға қатысты тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Әкесінің Абайды елге қайтарып алуының себебі не?
А) ер жігіт болып өскендігі
В) оқуды үздік аяқтағаны
С) басқа оқуға бермек болғандығы
D) үй –ішінің жағдайы
Е) ел билеу ісіне үйретпек болғандығы
2. Абай қай кезде Шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады?
А) орыс мектебінде оқығанда
В) ауылда жүргенде
С) әкесінің үйретуі арқасында
D) медреседе оқығанда
Е) атақты ақын болып қалыптасқанда
3. Абай орыс тілін ненің арқасында тез меңгерді?
А) зеректігінің арқасында
В) орыс достарының арқасында
С) әкесінің ықпалымен
D) ел тұрмысын көріп-білгендіктен
Е) көптеген кітапханалардың арқасында
4. Абай қалай ержетті?
А) әр түрлі істерге араласып, халық тұрмысын көріп ержетті
В) ел басқара жүріп ержетті
С) медреседегі оқуын аяқтады
D) шет елдерге шығып жүрді
Е) орыс достарымен бірге жүріп ержетті
5. Бос уақытында немен айналысты?
А) саятшылықпен
В) саяхатқа шығумен
С) кітап оқумен
D) сауда –саттықпен
Е) әкесіне көмектесті
6. Абай оқуда болған жылдары нені меңгеруге тырысты?
А) өлеңді жақсы жазуды
В) көп тілді білуді
С) аударманың қыр-сырын
D) ел басқаруды
Е) діншілдікті
7. Ақын қандай әдебиеттің негізін салды?
А) Шығыс әдебиетінің
В) қазақ әдебиетінің
С) ауыз әдебиетінің
D) жазба әдебиетінің
Е) суырыпсалма ақындықтың
8. Абай поэзиясы нені танытады?
А) өмір шындығын
В) романтика сарынын
С) аңыздық желілерді
D) көне тарихты
Е) білімнің сан –саласын
9. 1940-1950 жылдары Абай шығармашылығын зерттеу қандай деңгейге көтерілді?
А) қазіргі деңгейге
В) дүниежүзілік деңгейге
С) толық зерттелді
D) М.Әуезовтен басқалар зерттей алмады
Е) кең көлемде зерттеліп, жаңа белеске көтерілді
10. Абайтанудың негізін қалаушы:
А) Ы.Алтынсарин
В) А.Байтұрсынов
С) М.Әуезов
D) С.Мұқанов
Е) Қ.Жұмалиев
Анықтама:
Әуелгі кезде – вначале
Жатырқау – чувство отчужденности
Тосаңсу – чуждаться, не припоминать
Дағдылану –привыкание
Ұқтыру – объяснить
Айып – вина
қармай жазу (фраз.) – толық, жан-жақты, тереңдетіп, түсіндіріп жазу
оқшау – бөлек, басқаша
сынау – критиковать
тезаурус
кемді күн – аз уақыт, қысқа өмір
мақтан көйлеу – мақтаншақтық, мақтауды сүю
қиянатшыл – жамандық жасаушы
күншілдік – біреуді көре алмау, қызғаныш
2-сабақ
