Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Домбыра

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабын анықтаңыз?

а) күй сандық

в) рояль

с) домбыра

д) скрипка

2. Домбыра қай елдің тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді?

а) алтай

б) түркі

в) славян

г) Шумер

3.Қажетті сөзді қойыңыз: Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, .... аспаптар тобына жатады.

а) үрмелі

в) ұрмалы

с) шертпелі

д) сілкілемелі

4. Аспаптар неден жасалады?

а) тастан

в) ағаштан

с) балшықтан

д) қыштан

5. Домбыраның қанша пернесі болады?

а) 8,10,12, 34

в) 5,6,15, 20

с) 9,11,14, 24

д) 2,16,19, 29

6. Домбыра аспабында қандай шығармалар орындалады?

а) симфония

в) күй

с) опера

д) пьеса

  1. Сөйлемді толықтырыңыз: ... күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

а) сазды

в) мұңлы

с) қайғылы

д) көңілді

Анықтама

Айтыс песенное состязание акынов в импровизации или состязание ораторов

Синкреттік жанр синкретический жанр

Ақындар акыны, поэты

Ауыз әдебиеті устная литература

Халықтық народный

Жырау представитель определенного жанра казахского исторического поэтического творчества

Көркемөнер художественное искусство

Зерттеушілер исследователи

Ақындар айтысы состязание акынов

Тезаурус

Айтыс ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Топшылау – бір нарсе жайлы ойша жорамалжасау, болжау.

Жымдасқан – бір-бірімен ниеттес, пікірлес.

43-сабақ

Ана тілі

Қай уақытта болса да, ана тілі туралы аз айтылып, аз жазылмайды. Тіл тағдыры сол ұлттың жанашыр адамдарын алаңдатқан, мазалаған. Себебі, әр түрлі ұлттардың өзара қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, бір тіл көбірек қолданылып, екінші тіл қолданыстан шығып қалады. Ондай жағдай болдырмас үшін отбасында ата-ана, қоғамда ұлтжанды адамдар тіл үшін күреседі, ұрпақтың ұмытуына жол бермейді. Біздің тіліміз қаншама ғасырлардан өтіп, бізге жетті. Осыдан елу, жүз жыл бұрынғы қазақ тілі мен қазіргі қазақ тілі арасында айырмашылық жоқ. Қазіргі қазақ тілі байып, дамыған тілге айналды. Шет елдің біраз сөздері тілімізге сіңді, орнықты. Бұндай үрдіс барлық тілде болады. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі де өзге ұлттың сөздік қорынан көптеп кездеседі. Дегенмен, тіл тазалығы сақталу керек. Қазақ тілінің мүмкіндігі кең. Ана тіліміз өмірдің кез келген саласында толық қолданыла алуға қабілетті. Тілді шұбарламай, таза сөйлеуге тырысу керек. Адамның мәдениетін оның қалай сөйлейтінінен аңғаруға болады. Ұлы Абай «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол – ақынның білімсіз, бейшарасы» деп дұрыс көрсеткен. Бұл жерде Абай ақын деп жалпы адамдарды айтқанын ұмытпауымыз керек. Академик Ахмет Жұбанов «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын» деп өсиет айтты. Сол секілді Елбасының «Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі» деген сөзінің мағынасы терең. Жыл өткен сайын қазақ тілін – ана тілім деп есептейтін өзге ұлт өкілдері артып келеді. Расында да, қазақ тілі – сыйлауға, таза сақтауға, кейінгі ұрпаққа бар қасиетімен жетуге лайықты тіл.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Тіл тағдыры қандай адамдарды мазалайды?

  2. Қазіргі қазақ тілі қандай тілге айналды?

  3. Тілдердің бір-біріне сіңу үрдісі қандай тілдерде болады?

  4. Халықтың тілі – ненің кілті?

  5. Тіл ұлттың қандай тұтастығына ұйытқы болады?

Жазылым. 1-тапсырма. Берілген сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.

1. ........... таза сөйлеуге тырысу керек.

2. .......... ол – ақынның білімсіз бейшарасы.

3. .........білімді, мәдениетті болсын.

4. ...... ана тілім деп есептейтін өзге ұлт өкілдері артып келеді.

5. .........ана тілі туралы аз айтылып, аз жазылмайды.

Жазылым. 2-тапсырма. Жақшаны ішіндегі сөздерге қажетті қосымшасын қойып, ашып жазыңыз.

  1. Қазақ тілінің (мүмкіндік) зор.

  2. Адамның мәдениеті оның қалай (сөйлеу) көрінеді.

  3. Тілдің қоғамда (атқару) қызметі үлкен.

  4. Білімді болғың келсе, алдымен (ана тілі) құрметте.

  5. Өзге тілдерді үйрен, ал қазақ (тіл) жетік біл.

Жазылым. 3-тапсырма. Жағдаяттық тапсырманы оқып, тырнақша ішіне дұрыс нұсқасын жазыңыз.

- Балалар, мен сіздердің шығармаларыңызды тексеріп әкелдім. Дәптерлеріңізді таратпас бұрын, мен көбіңізде кездесетін қателерді атап өткім келеді. Олар мыналар:

«Біз баруға керекпіз». Бұның дұрыс нұсқасы: 1. «...». «Мен ойлаймын, енді жақсы болады деп». Бұл сөйлемнің дұрысы 2. «....» болады. «Қашан маған 6 жас болды, мен мектепке бардым» деп жазылған. Бұл сөйлемнің орысшасы «Когда мне было 6 лет, я пошел в школу» болса керек. Ал бұның дұрыс аудармасы 3. «....» болады. Айта берсем, осындай қателер көп. Қане, енді өздеріңіз қандай қате жібердіңіздер, дұрыстап қарап алыңыздар. Келесі жолы ондай қате жасамауға тырысыңыздар.

Тыңдалым:

Тыңдалым

Күй— музыкалық жанр

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Күй— қандай жанр?

а) музыкалық жанр

в) драмалық жанр

с) сатиралық жанр

д) синкреттік жанр

2. Күйлер қайда орындалады?

а) оркестрлердің репертуарларында

в) әншілердің репертуарларында

с) суретшілердің бейнелеуінде

д) вокальдық орындауларда

3. Күй қай ғасырда жеке музыкылық жанр болып қалыптасты?

а) 14 ғасырда

в) 10 ғасырда

с) 17 ғасырда

д) 20 ғасырда

4. Қобыз күйлерінің құрылымы қандай болып келеді?

а) күрделі

в) жеңіл

с) оңай

д) күшті

5. Күй орындауда маңызды не ?

а) қағыс

в) ұру

с) шалу

д) соғу

44-сабақ