Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Төл мәдениет, өмір сүру салты, тілдің болашағы, жойылуы, ұлттар арасын жақындастырушы, ықпал ету, ортақ тіл.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

- Назым, «Тіл – татулық тірегі» деген тақырыпқа шығарма жазуым керек. Қалай бастарымды білмей отырмын, көмектесесің бе?

- Нұржан, мен саған қажет болатын мәліметтерді айтайын, өзің ойланып, содан кейін бір жүйеге түсіріп жазсаң болады.

- Жарайды, Назым, мен тыңдауға дайынмын.

- Кез-келген ұлттың өзінің төл мәдениеті, тарихы, өмір сүру салты және тілі болады. Қандай ұлт болса да, өз тілін сақтауға тырысады. Себебі, тіл – тек қатынас құралы емес. Тіл – халықтың өткені, бүгінгісі және болашағы. Ғалымдардың айтуынша, тілдің өмір сүруі үшін сол тілде ең аз дегенде 100 мың адам сөйлеу керек екен. Өзің білесің, өткен ғасырларда қаншама көп тіл болды, ал ХХ ғасырда солардың көбі мүлдем жойылып кетті. Тілдің жойылуы – халықтың жоғалуымен тең. Ал біздің ана тіліміз – қазақ тілі өзінің бар байлығымен бізге жетті. Біздің мемлекетімізде тұратын көптеген ұлт өкілдері қазір қазақ тілін білуге ұмтылуда. Қазақ тілі – ұлттар арасын жақындастыруға ықпал етіп отырған мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – жүрегі таза, жаны адал, Қазақстанды Отаным деп санайтын барлық адамдардың ортақ тілі.

- Иә, дұрыс айтасың, Назым. Мен өзге ұлт болса да, қазақ тілін жетік білетін, тілді құрметтеу арқылы елімізді сыйлайтын көптеген адамдарды білемін. Мен өз шығармамда солар туралы жазамын деп ойлап отырмын. Саған көп рахмет!

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіл – қандай құрал?

  2. Тілдің өмір сүруі үшін кем дегенде қанша адам сол тілде сөйлеу керек?

  3. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдері неге ұмтылуда?

  4. Нұржан шығармасында кімдер туралы жазбақ болды?

  5. Қазақ тілі кімдердің ортақ тілі?

Жазылым

1-жазылым.1-тапсырма. Берілген сөздердің жалғасын табыңыз.

1.Тіл – татулық ..........

2. Тілсіз ұлт .....

3. Тіл – қарым-қатынас ....

4. Елбасының Қазақстан халқына ......

5. Тілге құрмет – ....

Жазылым. 2-тапсырма. Кестедегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.

құрметтеу

барша

болашақ

ар

көне

жүзден аса

елімізде тұратын

ұлт

икемді тіл

Жазылым. 3-тапсырма. «Қазақ тілі – қандай тіл?» деген сұраққа жауап беретін сөздер мен сөз тіркестерін теріп алыңыз, оны орналастырыңыз .

Тіл, бейнелі, мемлекеттік тіл, тарихи, қолданбалы, көркемсурет, шығарма, ата-баба, әдеби-сыни, қарым-қатынас, руналық жазба, аса бай, латын графикасына негізделген, үндестік заңына сәйкес, ауызша тараған, ұлы Абай негізін салған, әлемге таралған, татулық тірегі, қысқаша, көне заманнан жеткен, нақты, қуатты.

Тыңдалым