- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Өнер жұлдыздары
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Сөз өнері, ән би, күй, сурет өнері, ел дауы, жер дауы, шешкен, елге ақылымен, даналығымен, аты шыққан, билер.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Күләш Жасынқызы Байсейітова
Күләш Жасынқызы Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Ол Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
Еліміз Күләш есімін жаңа қырынан танып, халық «Қазақтың бұлбұлы» деп өз атағын берді. Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы «Қыз Жібектің» қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. 1936 жылы Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндерінде Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды.
Күләш Бәйсейітова драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі. Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.
Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы – операға байланысты. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды.
Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады.
Әншінің өнері арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі.
К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланып, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есте мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына берілді.
Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты өнердің неше алуан түрлерімен айналысқан. Сол арқылы жастарды ұлттық әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, өнерін қастерлеуге тәрбиелеп келеді. (Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Күләш Жасынқызы Байсейітова қай жылы, қай қалада дүниеге келді?
Күләш қай жерлерде өнер көрсетті?
Күләш әндерді қалай айтатын?
Күләштің дауысы қандай дауысқа жатады?
Қазақ халқы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын кім арқылы таныды?
Күләш кімдердің бейнесін сомдаған?
Күләш есімімен байланысты қандай іс шаралар болып тұрады?
Жазылым
1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.
Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, .......................
Әнші гастрольдерге жиі шығып, ................
Күләштің осындай сапарлары арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, ................................
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, .............
Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне, ...................
Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, ...................
Сол арқылы жастарды ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлерін,...................
2-жазылым. Атау, аталу етістігін қолдана отырып, сөйлемдер жазыңыз.
Үлгі: Күләштің шын табиғи дауысын – жіңішке «колоратуралық сопрано» деп атайды.
Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды.
“Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.
К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады.
3-жазылым. Берілген мақал - мәтелдердің мағынасын ашыңыз.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Ерінбеген етікші болады.
Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Қазаншының өз еркі,
Қайдан құлақ шығарса.
Тыңдалым
Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісі Күләш Байсейітоваға қандай мәртебе берілді?
а) Ұлттық
в) Отандық
с) Патриоттық
д) Қайраткері
2. К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры қазіргі таңда қандай театр?
а) Ең әдемі театр
в) Ең жас музыкалық театр
с) Ең кішкентай театр
д) Ең ғажайып театр
3. Ұлттық театрдың мақсаты қандай?
а) Жаңа шығармаларды жарыққа шығару
в) Ескі шығармаларды жарыққа шығару
с) Көне шығармаларды жарыққа шығару
д) Әдемі шығармаларды жарыққа шығару
4. Театрдың ұлттық репертуары қандай туындыларымен толыға түсті?
а) Аса көрнекті
в) Аса суретті
с) Аса бейнелі
д) Аса жарқын
5. Астананың мәдени өмірін дүр сілкінткен қандай туынды?
а) «Батыр Баян туралы аңыз»
в) «Қамр сұлу»
с) «Қыз Жібек»
д) «Ер Тарғын»
Анықтама
Көркем сөз өнері – художественное искусство слова
Ән мен би – песня и танец
Күй орындау – кюи, исполняемые на домбре
Сурет өнері – живопись
Шешкен – решил
Ақылымен – благоразумием,благоразумно, рассудительным
Даналығымен – мудрым, гениальностям
Аты шыққан – знаменитый
Тезаурус
Маңдайалды – үлгілі , алдыңғы қатардағы.
Жанқиярлық – елі, жері үшін басын өлімге тігу.
Үйлесімі– жан – жақты сәйкестілік, бір–бірі мен сәйкес келу.
40-сабақ
