Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

6 Блок. Саламатты өмір салты

26-сабақ

Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Салауатты өмір салты, қағида, жауапкершілік, барша, жан мен тән, зор байлық, ұрпақ, болашақ, қуаныш, күйініш, шаттық кернеу.

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сондықтан да қазақ елінің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын ұстану. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жол көрсету – баршамыздың міндетіміз.

Денсаулық – адамның жаны мен тәнінің амандығы. Қоғамдағы әрбір адамның денсаулығының мықты болуы – мемлекеттің мықты болуы. Өйткені денсаулығы зор адам ғана өзіне жүктелген жұмысты ойдағыдай атқара алады. Аталарымыз «Денсаулық – зор байлық» деп текке айтпаған ғой. Сондықтан да денсаулықтың қадірін біліп, оны сақтауға көңіл бөлуіміз керек. Әрбір адам өзінің денсаулығына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлсе, онда оның келер ұрпағының да дені сау болады. Сол себепті ұрпақ алдындағы міндетіміздің ең бастысы денсаулықты сақтау екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет. Дені сау ата-анадан дені сау бала өмірге келеді. Яғни бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы, болашағы.

Адам денсаулығының жақсы сақталуына ең әуелі жан тазалығы әсер етеді. Ол үшін адам өзгеге де, өзіне де ешуақытта жамандық ойламай, өз ішкі дүниесін таза ұстағаны жөн. Қызғаныш, күйініш сияқты жаман қасиеттер адамды аздырып, орны толмас күйінішке алып келеді. Өзіңнің қуанышың мен табысыңа қуанғаның сияқты, өзгенің де қуанышына ортақ бола біл. Сонда ғана сенің жан дүниең таза болып, кеудеңді қуаныш кернейді. Ұйқың да тыныш болады. Жүзіңді шаттық кернеп, айналаңа нұр сыйлайсың.

Әрине, денсаулықтың бұзылуына сыртқы дүниенің де әсері мол. Экологиямыздың нашарлауы, адамдардың өз денсаулығына салғырт қарап, ішімдік ішіп, темекі шегу сияқты жағымсыз әсерлер – денсаулықтың нағыз жаулары. Ең әуелі осы әдеттен арылу керек. Әр адамның өмірі өз қолында.

Жақсылыққа ұмтылса жақсылыққа жетеді, жамандыққа ұмтылса жамандыққа жетеді. Сондықтан да денсаулықты сақтай білу қажет. Денсаулығы жақсы адам ғана бақытқа жете алады. Бақытты жіберіп алмайық!

(«Жан мен тән денсаулығы» газетінен, 2013ж.)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Елдің болашағы неге байланысты?

2. Біздің міндетіміз не?

3.Өзіне жүктелген жұмысты қандай адам атқара алады?

4.Жан тазалығы дегеніміз не?

5. Денсаулықтың бұзылуы неге байланысты?

6.Қандай адамның денсаулығы жақсы болады?

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым. Мәтіннен себеп-салдарлық қатынастарды білдіріп тұрған сөйлемдерді тауып жазыңыз.

2-жазылым. Өйткені, сондықтан, сол себепті, сол үшін деген жалғаулық шылауларды пайдаланып сөйлем құраңыз.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Дені саудың – жаны сау

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан азаматтары қандай ұстанымды басшылыққа алады?

2. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге денсаулықтың әсері бар ма?

3. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы кім пікір айтты?

4. Қоғам болашағы кімдердің қолында?

5. Әрбір адам қандай қағиданы естен шығармауы тиіс?

Анықтама

салауатты өмір салты здоровый образ жизни

қағида правила

жауапкершілік ответственность

барша весь, все

жан мен тән душа и тело

зор байлық огромное богатство

ұрпақ наследник

болашақ будущее

қуаныш радость

күйініш огорчение, досада, печаль

шаттық кернеу переполнение радости

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз

(Көп нүктелердің орнына мәтінге қатысты сөздерді қойыңыз).

1. ..................... – табиғаттың ең қымбат жемісі.

А) ауру адам

В) сау адам

С) денсаулығы мықты адам

D) дені сау адам

2. Республика президенті салауатты өмір салтын ұстану туралы «........»

бағдарламасында айтты.

А) Қазақстан - 2030

В) Қазақстан халқына Жолдауы

С) Жастар саясаты

D) Денсаулық

3. Қай халықтың болса да ..................... жастардың денсаулығына тікелей байланысты.

А) келешегі

В) тағдыры

С) болашағы

D) денсаулығы

4. Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын .......... тәрбиелеу өз қолымызда.

А) жастар

В) жас ұрпақ

С) балалар

D) адамдар

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі – ұзақ мерзімді қажет ететін ....................

А) баяу процесс

В) қиын процесс

С) оңай процесс

D) жеңіл процесс

6. Ұзақ өмір сүргің келсе ............................ ....... керек.

А) қозғалмау

В) қимыл-қозғалыста болу

С) жүгіру

D) секіру

27-сабақ