Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Назар аударыңыз!

Іс-әрекетке бұйыру тек қана бұйрық рай формасында ғана емес, бірқатар басқа грамматикалық, лексикалық, интонациялық құралдармен де беріледі.

Іс-әрекетке бұйырудың үш түрі бар:

- іс-әрекетті жүзеге асыруға бұйыру;

- үзілген іс-әрекетті жалғастыруға бұйыру;

- іс-әрекетті бастауға бұйыру.

2-жазылым. Сөйлемдерді оқыңыз. Іс-әрекетке бұйыру мәнді сөйлемдердің жоғарыда аталған үш түрі бойынша айқындаңыздар.

1. Сабаққа уақытында келіңіз: студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. 2. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып, кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. 3. Рұқсат алған жағдайда жылдам және студенттердің назарын өзіңізге аудармай орныңызға барып отырыңыз. 4. Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды өшіріп қоюды ұмытпаңыз. 5. Сабақ үстінде бөгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты сөйлеу, музыка тыңдау сабақ өтуге кедергі келтіреді. 6. Егер Сіздің оқытушыға қояр сұрағыңыз болса, қол көтеріп сұрай беріңіз. 7. Есіңізде болсын, оқытушы сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! 9. Бұл жағдайда оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол бермеңіз!

3-жазылым. Сөйлемдерді оқыңыз. Осыған ұқсас бұйыру мәнді сөйлемдерді құраңыз.

Келіңіз! Сұраңыз! Отырыңыз! Ұмытпаңыз! Сұрай бермеңіз! Есіңізде болсын! Жол бермеңіз!

Тыңдалым

Күн тәртібі және денсаулық

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Уақыт мезгілін есептейтін оны анықтайтын жүйені көрсетіңіз.

а) Күнтізбе

в) Сағат

с) Жылнама

д) Құмсағат

2. Ерте замандағы халықтар күнтізбелерді қалай пайдаланған?

а) Табиғи құбылыстарға

в) Аспан денелерінің қозғалыстары

с) Алдын-ала болжаумен

д) Жануарлардың әрекетінен

3. Алғашқы Күнтізбелер қай елде шықты?

а) Ежелгі Грекия

в) Ежелгі Рим

с) Ежелгі Шығыс

д) Ежелгі Македония

4. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді қанша топқа бөлген?

а) 2 топқа бөлген

в) 3 топқа бөлген

с) 6 топқа бөлген

д) 9 топқа бөлген

5. Һижра күнтізбесі қай елдерде ресми қолданылады?

а) Араб

в) Египет

с) Еуропа

д) Азия

6. Қазақстанда 1918 жылдан бері қай күнтізбесі қолданылып келеді?

а) Юлий күнтізбесі

в) Араб күнтізбесі

с) Григорий күнтізбесі

д) Вавилон күнтізбесі

Анықтама

ұйқы – сон

барлық өмір – вся жизнь

тамақтану – питаться

ыңғайына қарай – по удобству, удобный момент

адам денсаулығы – здоровье человека

тәулік – день

денінің саулығын елестету – представить здоровое тело

оптималды тәртіп – оптимальный режим

төрт фазалы тамақтану – четырёхфазное питание

Тезаурус

Күнтізбе – уақыт мезгілін есептейтін аспан денелерінің ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.

Табиғи күнтізбелер – қардың еруі, судың тасуы, жануарлардың әрекеттері.

25 -сабақ

Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Бос уақыт, жүйелі, дағды, өкпе арту, бағалай білу, мүмкіндік, жастар, сауалнама, қоршаған орта, агент, ғаламтор, ойын алаңдары, қалауы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.