Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Уақытты бағалай біл

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт - әркімнің нақтылы өмір капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Сол себепті уақыт алтыннан да қымбат.

Уақытты басқару-өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ ешнәрсеге үлгере алмайды... Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында тамаша орындап үлгереді. Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демаласын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді.

Уақыт - ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Елдің бәріне ортақ бірақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. Кісінің кісілігі уақытты босқа жібермеуден басталмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады, өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Батыстың «уақыт – ақша» деген мәтелі бізге де келіп жатқан сияқты.

(axi-referat.ucoz.kz).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Уақыт адам өмірінің несі?

  2. Уақыт – әркімге қаншалықты қажет?

  3. Адамның босқа кеткен әрбір сәті немен тең?

  4. Уақытты басқару өнер ме?

  5. Елдің бәріне ортақ не бар?

  6. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын не?

Жазылым

1-жазылым.. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Халықтық өлшемнің бір түрі – уақыт ... .

2. Уақыт – ... маңызды категориясы.

3. Бұнсыз ... құндылықтарға назар аудару қиын.

4. Адам баласына уақыт бағалы, ... дүние.

5. Ата-бабаларымыз «уақыт алтыннан да қымбат» - деп тегін ... түймеген.

6. ... ұтылған өмірде де көп нәрседен ұтылады.

7. Уақытты қадірлемеу, бағаламау ... бос өткізгенмен бірдей.

(мәдениеттің, өлшемі, рухани, қымбат, ой, Уақыттан, өмірді)

2-жазылым. Мезгілдік конструкцияға айналдырып, оларды орыс тіліне аударыңыз.

Қазақ халқы, ұлы ақыны, мінезі жұмсақ, тілге бай, үйренуге тырысу, сынға алу, дүниенің кілті, дүние жүзі біледі, ақын өмірі, үлгі алу, үлкен азамат- ақын, дәрежеге жету, есімімен аталу.

Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.

Қазақ тілінде мезгіл, уақыт ұғымдары көптеген мақал-мәтелдерде де фразеологизмдер де бар.

Тез, шапшаңдық мағынасындағы мезгілді білдіретін фразеологизмдер: ә дегенше, әні-міні дегенше, әп-сәттің арасында, дем арасында, көзді ашып-жұмғанша, қас қағымда, ойда жоқта, сол бойда;

Іс-әрекеттің кенеттен болу мезгілінің берілуі:

Аяқ астынан, жоқ жерден, күтпеген жерден, ойламаған жерден;

Мезгілдің ұзақтығының берілуі: ертеден қара кешке дейін, күн ұзақ, ұзынды күн;

Тәуліктік уақыттың берілуі: кешкі уақыт, ымырт – ақ пен қызылдың арасында, апақ-сапақта, екі кештің арасында, ел орынға отыра, қас қарайғанда, қызыл іңірде, іңір қараңғылығында;

Қараңғы түн: ай қараңғысында, жеті қараңғыда;

Таң ату: ала таңда, құлқын сәріде, таң алагеуімде, таң ата, таң бозарғанда, таң қылың бергенде, таң сазарып атқанда, таң сәріде, таң сыз бергенде.

3-жазылым. Мақал –мәтелдердің мезгілдік конструкциясын анықтап, мағынасын ашыңыз.

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Жан жарасына уақыт емші.

Тыңдалым

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Мұқағали ақын ұйқымен өткізген күндерді неге балаған?

а) Жоғалғанға

в) Өлдіге

с) Байлыққа

д) Барға

2. « ..., барлығынан қайраң, қалам».

а) Оянсам

в) Барсам

с) Ұйықтасам

д) Оқысам

3. « ...маған ұйықтау үшін берілмеген».

а) Кеш

в) Таң

с) Кешке таман

д) Түн

4. Адамға ұйқы денесінің демалуы үшін емес, ... демалу үшін қажет екен.

а) аяғы

в) миы

с) қолы

д) көзі

5. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен ….. »

а) санасқан адам адаспайды

в) санасқысы келмеген адам адаспайды

с) санаспайтын адам адаспайды

д) санасуды ойламаған адам адаспайды

Анықтама

Ұтымды жоспарлау- выгодное планирование

Уақыттың маңызы - значение времени

Ыдыс - посуда

Қадірін білу - знать достоинство

Шәкірт - ученик

Күндік жоспар - однодневное планирование

Ыдысты толтыру – наполнить посуду

Тезаурус

Балта шабу - болашағын құрту

Ұйқыны өлімге теңеу - адамның ештеңеден хабарсыз, алаңсыз ұйықтауы

Шала-жансар- өлі мен тірінің арасында, өлмеші.

23-сабақ