- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Жан дүниесі, сана-сезім, сыйласу, психикалық өзгешеліктер, жүріс-тұрысы, ақау, ерік күші, аңғару.
Мәтінді оқыңыз.
Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді адамтану бойынша зерттеу жүргізушілер. Бәрі мүмкін. Өйткені ойшыл Меһмет Соймен айтпайды ма: «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді», – деп.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Адамның жан‑дүниесін қалай танып‑білуге болады?
2. Адамның ерекшеліктерінің қалыптасуына не әсер етеді?
3. Адамтанушылар адамды танып‑білуге болатын әрекеттерге нені жатқызады?
4. Меһмет Сойменннің пікірінше дене мен рух қандай нәрселер болып саналады?
1-жазылым. Тұрақты тіркестердің сәйкес мағыналарын табыңыз
басыңа іс түсу
жаның күйзелу
өмір өткелдерінен өту
басыңнан бақ таю
күш-қуатың кету
кедергілерге ұшырау
шаңырағы шайқалу
2-жазылым. Сыртқы келбетті бейнелейтін бірнеше сөздер мен тіркестер жазыңыз.
Үлгі: кең маңдайлы, қыр мұрынды, ...
Тыңдалым
Мағжанның сыры
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.
A) Режисер Д. Исабековке пьеса жазуға тапсырыс береді.
B) Жазушы пьесаларды тек қана тапсырыспен жазады.
C) Мағжанды Пушкинмен теңестіруі.
D) Жазушыға Мағжанның әсіресе Москвадағы өмірінің ұнауы.
Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
A) Жазушының Мағжанның мұхиттай, айсбергтей екенін тануы
B) Жазушыны тарихи тақырыптың қызықтырмауы.
C) Ақынның ғашықтық жырларының көркемдігі
D) Мағжанның ғылыми еңбектері
Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.
A) Мағжанның азғантай өмірде бәріне үлгіруі.
B) Жазушының Мағжанды өзі үшін ашуы.
C) Мағжанның М. Горький, В. Брюсов, С. Есенин, Д.Бедныйларды таңғалдыруы.
D) Мағжанды көрген қыздардың оған ғашық болуы.
Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.
A) Мағжанның жазушылардың манифестін жазуы.
B) Мағжанның педагогиканы жазуы.
C) Мағжанның телегей теңіз талантпен біздің елде тууы.
D) Жазушы пьесаларының сахнадағы ғұмыры.
Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.
A) Мағжан өмірінің ешкімге ұқсамайтындығы.
B) Мағжанды жазушының зерттеуі.
C) Жазушының репрессия, түрмеден басқа не жазам деп ойлауы.
D) Балуан Шолақ туралы пьеса жазуы.
Анықтама
жан дүниесі – внутренний мир
сана-сезім – сознание
сыйласу – взаимоуважение
психикалық өзгешеліктер – психические особенности
жүріс-тұрысы – поступки и поведение
ақау – дефект, недостаток, изъян
ерік күші – сила воли
аңғару – заметить
Тезаурус
кілтін табу – шешімін табу
жылы қабылдау – жақсы қарсы алу
телегей теңіз шығарма – мол шығарма
18-сабақ
