Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу-әдістемелік кешен

Басылым: төртінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Филология факультеті

Практикалық қазақ тілі кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Филология факультетінің деканы

Жарқынбекова Ш.Қ.

________________________

«_____» _____________ 2015 ж.

K (R) Ya 1105 Қазақ тілі пәні бойынша

Барлық бакалавр мамандықтарының білім алушылары үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Астана

2015

Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.

Курс оқытушылары: Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С.Құлманов, доценттер ф.ғ.к. Б.С.Әбдуова, Б. Ақбұзауова, аға оқытушылар Қ.А. Ахметова, Л.Б.Байболат, Бердібаев С.Қ.

Байланыс телефоны: 70-95-00 (32-233) (жұм.); Kuandik @mail.ru.bayan 68@mail.ru. Lbaybolat@mail.ru, akhmietova.61@mail.ru.

Ғылыми қызығушылығы: Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Ғылыми мектебі: ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Т.Шонанұлының шығармашылық мұрасы» тақырыбында, ҚР ҰҒА академигі М.С.Серғалиевтің жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған.

2.Оқу пәні туралы мәліметтер

Оқу пәнінің атауы мен коды Қазақ тілі K (R) Ya 1105.

кредит саны ___3______

  1. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.

Сабақ түрлері

Жалпы сағат саны

Күзгі семестр

Көктемгі семестр

Аптасына

Барлығы

Аптасына

Барлығы

Дәріс

Практикалық сабақ

45

3

3

3

45

Семинар сабақ

Зертханалық сабақ

Студиялық сабақ

БӨЖ

90

6

90

6

90

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.

Постреквизиттері: бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттау және олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1 Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері

5.1 Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері

Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту. Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи және оны қолдана алу.

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде кәсіби лексикасын қалыптастыру.

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру.

Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар:

- тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу;

- сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;

-тыңдалым дағдыларын түсіну;

- электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана білу.

5.2.Оқу пәнінің құзіреттілігі

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

5.3. Пәнді оқыту жоспары

І семестр

апта

Тақырып атауы

Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары

БӨЖ тапсырмалары мен білімді бақылау түрі

дәріс

Практикалық сабақтар (семинар)

Зертханалық

Студиялық

БӨЖ

1

І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы

Отан отбасынан басталады

Грамматика: Субъектілік-предикаттық қатынастың берілуі

1-сабақ: Отбасы – шағын мемлекет

2-сабақ: Отбасы және ұлттық дәстүрлер

3-сабақ: Әйел – шаңырақтың құты

3

6

«Отбасы құндылығы» дегеніміз не? Ойталқы, пікір алаңына дайындалу

2

Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі

4-сабақ: Әке тәлімі

5-сабақ: Қазақстанды сағынып жүрмін

2 БЛОК. Жас отбасы және дәстүр

Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты

6-сабақ: Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер

3

6

Қазақ халқының отбасына қатысты ұлттық дәстүрлері

Баяндама әзірлеу.

3

7-сабақ: Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер

8-сабақ: Жас отбасы бюджеті

9-сабақ: Жас отбасының негізгі шығындары

3

6

Қазақстан Республикасындағы халықтық санақ, демографиялық жағдаяттар. Ғаламтор, БАҚ арқылы ақпараттар дайындау

4

10-сабақ: Таным патшалығы

11-сабақ: ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі

3 БЛОК. Қазіргі тұрғын үй

Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

12-сабақ: Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы

3

6

Тұрғын үй жайлылығы Баяндама

5

13-сабақ: Шаңырақ немесе отау көтеру

14-сабақ: Қала көркі – әсем үй

15-сабақ: Пәтер интерьері

3

6

Отау үй немесе жас шаңырақ (пікір алысу).

6

4-Блок.

Мінез және келбет

Грамматика: Сын есімді тіркестер мен сындық сипаттаманың берілуі.

16-сабақ: Кішіпейілдіктен адам кішіреймейді.

17-сабақ: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

18-сабақ. Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?

3

6

«Жаным - арымның садағасы» тақырыбында пікір алысу

7

19-сабақ: Ерекеңнің мінезі мен келбеті.

Грамматика: Іс-әрекет сыны мен интенсивтілігі дәрежесінің берілуі

5 Блок. Уақыт және адам

Грамматика: Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталуының берілуі.

20-сабақ: Уақыт – алтыннан да қымбат

21-сабақ: Уақыттың маңызы

3

6

Уақыт туралы қанатты сөздер Эссе жазу

Аралық бақылау. Эссе жазу.

8

Грамматика: Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіру.

22-сабақ: Уақытты бағала!

23-сабақ: Студенттің бос уақыты

24-сабақ: Күн тәртібі және денсаулық

3

6

Адамның жас кезеңдері

(баяндама жазу)

9

25-сабақ: Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?

6 Блок. Салауатты өмір салты

Грамматика: Салдардың берілуі.

26-сабақ: Дені саудың – жаны сау

27-сабақ: Тазалық – денсаулық кепілі

3

6

«Денсаулық – зор байлық» сипаттама беру.

10

28-сабақ: Ауру – астан

29-сабақ: Денсаулықты күтудің жолдары

30-сабақ: Пайдалы кеңестер

3

6

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

(реферат жазу)

11

ІІМОДУЛЬ.Қатысымның әлеуметтік-мәдени саласы

7 Блок. Менің Отаным – Қазақстан

Грамматика: Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі

31-сабақ: Менің елім – тәуелсіз Қазақстан

32-сабақ: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет

33-сабақ: Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені

3

6

Бұл – қазақ елі! эссе жазу

12

34-сабақ: Қазақ елі - бай ел

35-сабақ: Қазақстан нышандары

8 Блок. Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Грамматика: Анықтауыштық қатынастың берілуі.

Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі.

36-сабақ: Дәстүрлі өнер

3

6

Біздің елдің жері мен табиғаты

(Реферат әзірлеу)

13

37-сабақ: Халықтық қолөнер

38-сабақ: Қазақтың театр және кино өнері

39-сабақ: Өнер жұлдыздары

3

6

«Қолданбалы өнер – ұлттық мұрамыз»

ақпараттар әзірлеу

14

40-сабақ: Шәкен Айманов

9 Блок. Ұлттық мәдениет тамыры.

Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі

41-сабақ: Ұлттық мәдениет

42-сабақ: Тіл – татулық тірегі

3

6

Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің тамырлары

(баяндама дайындау)

Аралық бақылау. Коллоквиум

15

43-сабақ: Ана тілі

44-сабақ. Күй атасы – Құрманғазы және күйші Дина

45-сабақ: ҚР президенттік мәдениет орталығы

3

6

Ғасырлардан жеткен жауһар өнер (бейне көріністер мен слайдтар әзірлеу)

ІІ семестр

апта

Тақырып атауы

Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары

БӨЖ тапсырмалары мен білімді бақылау түрі

дәріс

Практикалық сабақтар (семинар)

Зертханалық

Студиялық

БӨЖ

11

Өлең – сөздің патшасы

Грамматика: Сөздердің семантикалық тіркесімділігі.

1-сабақ: Абай – қазақтың бас ақыны.

2-сабақ: Хакім Абайдың философиясы

3-сабақ: Абайдың әкесі.

3

6

Ұрпақ тәбиелеудегі ұлтық әдебиеттің маңызы (ой талқы, пікір алысу).

22

4-сабақ: Шәкәрім шығармаларындағы адамдық концепциясы.

5-сабақ: Ауыз әдебиеті.

Көркем сөз – көркем өнер

Грамматика: Әңгімені бастау, жалғастыру, қолдау, аяқтау тәсілдері

6-сабақ: Көркем стильдегі көріктеу құралдары.

3

6

Қазақ халқының аңыз әңгімелері (Баяндама әзірлеу).

33

7-сабақ: М.Әуезов – суреткер.

8-сабақ: «Абай жолынан» үзінді.

9-сабақ: Көркем әдебиет бастаулары.

2

6

Қазақтың мақтанышына айналған суреткерлер. Ғаламтор, БАҚ арқылы ақпараттар даярлау).

44

10-сабақ: Атақты аудармашы.

Адам және табиғат –егіз

Грамматика: Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі

11-сабақ: Адам және табиғат - егіз.

12-сабақ: Қазақстан экологиясы мәселелері

3

6

Қазақстанның әсем табиғаты (Баяндама)

55

13-сабақ: Қазақстан экологиясы

Грамматика: Себеп-салдар қатынастардың берілуі.

14-сабақ: Қазақстан қорықтары.

15-сабақ: Қызыл Кітап.

3

6

«Жері байдың– елі бай».

(пікір алаңын ұйымдастыру).

66

Туған жерге саяхат

Грамматика: Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі.

16-сабақ: Өз өлкеңді таны.

17-сабақ: Қазақстанның тарихи орындары.

18-сабақ: Қазақстанның көрікті жерлері.

3

6

Қазақ жеріндегі құнды жәдігерлер (Пікір алмасу)

77

19-сабақ: Астана – бас қала.

20-сабақ: Баянауыл.

Менің мамандығым

Грамматика: БАҚ ақпараттарына шолу жасау тәсілдері

21-сабақ: Университет – білім ордасы.

3

6

Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде.

(Эссе жазу)

Аралық бақылау. Коллоквиум

88

22-сабақ: Еуразия университеті – менің университетім.

23-сабақ: Мен таңдаған мамандық.

24-сабақ: Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі.

3

6

Университетім –мақтанышым (баяндама әзірлеу)

99

Басшы келбеті

Грамматика: Белгілі жағдаят бойынша сұрақ, қарсы сұрақ тәсілдері

25-сабақ: Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?

26-сабақ: Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?

27-сабақ: «Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»

3

6

Көшбасшы болу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

(сипаттама беру)

10

28-сабақ: Әркім бастық болмайды…

Қоғам және жастар

Грамматика: Тұрақты тіркестердің астарын аңдату

29-сабақ: Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда.

30-сабақ. Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында.

3

6

Ұлт тірегі –жастар!

(Реферат жазу)

11

31-сабақ: Жастар және қоғамдық ұйымдар

32-сабақ: Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі

Қазақстан - әлемдік кеңістікте

Грамматика: Төз сөз бен төлеу сөз жүйесі

33-сабақ: Әлем таныған Қаза Қазақ елі.

3

6

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі

(Эссе жазу)

12

34-сабақ: Жастар және «Қазақстан 2050» стратегиясы

35-сабақ: Ғылым мен білім

36-сабақ: АҚШ Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды.

3

6

ҚР Президенті өз халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы (реферат жазу)

13

37-сабақ: Тұрақтылық мекенінде тұрамыз

Қазақстандағы білім беру жүйесі

Грамматика: Эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданысы

38-сабақ: «…Ұйықтайтын бар не сиқың?!»

39-сабақ: Білім беру жинақтау салымы

3

6

«Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады». тақырыбында ақпараттар әзірлеу

14

40-сабақ: Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат

41-сабақ: «Болашақ» бағдарламасы

Ғылым мен техника

Грамматика: Құрмалас сөйлемдер жүйесі

42-сабақ: Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов

3

6

Қазақстан жаһандану дәуірінде (баяндама).

Аралық бақылау. Эссе

15

43-сабақ: Шоқан Уалиханов

44-сабақ: Ғарыштағы қазақ құрты

45-сабақ: Қазақтың кәде сыйы

3

6

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекетке айналу - елдің болашағы (бейне көріністер мен слайдтар даярлау)