Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GYLYMI_ZhOBAAA (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

2.1.Әлеуметтік желілерде қолданыс тапқан жаргондар.

ХХІ ғасыр – нағыз ғылым мен техниканың дамыған дәуірі екені белгілі. Бұл ғасырды адамзат баласының «алтын ғасыры» деп те атап жатады. Нарық пен бәсекелестіктің, шетелге деген еліктеушіліктің өрбіп тұрған кезеңі. Сонымен қатар, бүкіл әлемді өзіне қаратқан әртүрлі пайдасы мен зияны да қатар жүретін әлеуметтік желілердің заманы. Осы әлеуметтік желілердегі тіліміздің қазіргі ахуалы қалай болып жатыр екен деген өте орынды сұрақ туындайды. Бұл тіл экологиясының тағы бір қыры деп атасақ болады. Өйткені осындай мәселелерді зерттейтін тіл мәдениетінің үлкен саласы. Қазақ тілі жапырағын кеңге жайып, тамырын тереңге созып жатырған алып бәйтерек болса, оның саясына көлеңкелеуге келген «зиянкестердің» кесірінен зардап шегіп жатыр. Бұл қазіргі тіл болашағының үлкен көкейтесті мәселесі болып отыр. Қазіргі жастардың жүріс-тұрысы, киім киісі өзгеріп, енді тілімізге көшіп барады. Ана тіліміздің өте бай сөздік қорындағы сөздерді аздық еткендей орыс тілін шұбарландырып, жаргон сөздер жасап алған. Негізі қандай да бір қызығушылығы ортақ ортада ғана қолданылатын жаргондар бүгінде қазақ лексиконына еніп бара жатқандай. Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінетіні белгілі. Осы бейәдеби тілге жастардың жаргондарын жатқызуға болады [6].

Қазіргі кезде қазақ тілді сайттардың саны төрт мыңнан асады екен. Сайттардың көп болуы қазақтілді контенттің дамуына жол ашып отыр дегенімізбен, ондағы мәтіндердің сауаттылық деңгейін көтеруге ешқандай әсер етіп отырған жоқ. Ғалам­тордағы сауаттылық мәселелеріне бейжай қарау ертеңгі күні ұлттық тілге орасан зор қауіп тудыратыны айтпаса да түсінікті. Уақыт өте келе ғаламтор арқылы өзгеріске ұшыраған өскелең ұрпақ санасымен ұлт­тық тіл мәдениетінің нормалары бұзылып, жаппай жаргон, арго, т.б. тәрізді дисфемизмдермен ластанған қоғамдық қарым-қатынас қаупі туындауы мүмкін. Қалыптас­қан тілдік норма бойынша қа­рым-қатынас жасамау ғаламтор қолдану­шылардың тіл­дік санасындағы «дұрыс графикалық пор­третті» бұзып, «бұрыс графикалық порт­реттің» орнығуына ықпал етеді. Сондықтан бүгіннен бастап аталмыш мәселенің алдын алып, қиындық­тарды шешудің жолдарын қарастыру қажет. Ешкім өзге үшін бас қатырғысы келмейді. Алайда, ана тілінің болашағына ұлт тағдыры мен еліміздің ертеңі байланыс-ты екенін біле бермейміз. Тіл үшін күресіп, ана тіліміздің құндылығын дәріптеген кешегі Алаштың арыстары бүгінгі ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп кетті емес пе? Ал кез келген қоғамның ең белсенді бөлігі саналатын жастарымыздың сөйлеу мәнері мен санасы осылай сайраса, біз қайда бармақпыз? Әріптері түсіп қалған немесе қысқарған жаргондардан бөлек, кәдімгі сөйлеу стилімізде де орыс тілінің компоненттері шұбырып жүр.Тіл тазалығын, тіл мәдениетін сақтау үшін баланы жастайынан дұрыс сөйлеуге үйрету керек. «Жынды музыка» немесе «жынды айтады» яғни жанға жайлы музыка, әнді әдемі айтады дегенді білдіреді.Осындай сөздер кейде тіпті, көшеде келе жатып ілінген жарнамалардан да байқап жатамыз [7].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]