- •1.Лингвоэкология туралы түсінік
- •1. Лингвоэкология туралы түсінік
- •1.1Сөйлеу экологиясының зерттелуі
- •1.2Лингвоэкология «эколингвистика», «тіл экологиясы» терминдердің қолданысқа ие болуы
- •2. Лингвистика экологиясына нұқсан келтіруші факторлар.
- •2.1Жаргондардың қолданыс ерекшеліктері.
- •2.1.Әлеуметтік желілерде қолданыс тапқан жаргондар.
- •«Қорғауға ұсынылатын тұжырым»
- •Кесте 4 Жаргон сөздерді күнделікті өмірде жиі қолданысыз ба?
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
2. Лингвистика экологиясына нұқсан келтіруші факторлар.
2.1Жаргондардың қолданыс ерекшеліктері.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттеліп жатырғаны рас. Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде тіл мәдениеті дамиды [4].
Лингвистика экологиясына нұқсан келтіретін қазіргі заманғы факторлар деп: кесте 2
Осы аталған факторлардың ішіндегі біз үшін маңыздысы жаргон сөздер болып отыр. Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінеді. Осы бейәдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін жатқызуға болады.Сленг деп – белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді атайды. Қазіргі студенттердің арасында өздерінің қолданатын арнайы жаргон сөздері бар. Айталық, студент оқу ғимаратында жүріп және дәріс сабақтарында, кітапханада болғанда студент жаргонына тән сөздерді қолданады. Мысалы, «читалка» – «оқу залы», «внеаудиторка» – «аудиториядан тыс тапсырма», «препод» – оқытушы», «общяга» – «жатақхана», «столовка» – асхана, «Инетке барамыз ба?», яғни интернет орталығы деген сөз, «универде оқимын» – университетте оқимын дегені. Кеше маяк тастап едім, неге звондамадың? – қоңырау соғып едім, қайта телефон шалмадың; Тормозы ұстап қалды, зависать етіп қалды – бір жағдайдан шығатын шешім таба алмай қалды; Типаж болу, блатной болу – менменсу; Мамка-батялар курста ма? – ата-анаң біле ме? Жылауық – қызғаншақтық; Ауру – басқа адамдардың мазасын алу; Қуғынбай – бос сөзді көп сөйлеу; Крышасы бар – тірегі бар; Миды шіріту – бос сөзді көп айту, Жынды киініп алыпсың – әдемі киініп алыпсың т.б. Осы мәселеде студенттер тілдерін дұрыстауға, түзетуге тырыспайды, сондықтан оқу ғимаратындағы күнделікті қарым-қатынаста осы жаргон сөздермен сөйлейді. Әрине, бұл жаңа жаргон сөздердің кең таралуына әкеп соғады. Бұның өзі біздің еліміздегі тіл мәдениетінің төмендігін білдіреді. Көптеген жастар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық, бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша, ағылшынша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен, сленгтермен сөйлегенді сән көреді.
Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолданады: (3-кесте)
Кесте
1
Жаргон немес сленг – ерекше тарихи түрде қалыптасқан және жоғары не төмен деңгейдегі сөйлеушілердің барлық сатысына ортақ тілдік норманың нұсқасы болып табылады. Бұл лексикалық құбылыс. Сленг – бұл әдеби емес лексика, яғни қазіргі әдеби норманың талаптарына сай әдеби ағылшын тіліне жатпайды. Бұл ең алдымен ауызекі тілде пайда болатын және қолданылатын лексика. Сленг – эмоционалды бояуға ие лексика. Сленг – басым көпшілік сөз бен сөз тіркестерінің біршама айқын көрсетілген дөрекі мәнерімен сипатталады. Көптеген сленг сөздері мен сөйлемшелерінің дөрекі эмоционалдық бояуы бір-бірінен өзгеше реңктермен ерекшеленеді (әзілқой, келекелі, мысқылды, менсінбеген, кеміткен, елемеген, дөрекі және тіпті өрескел)[5 ].
