Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GYLYMI_ZhOBAAA (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

1. Лингвоэкология туралы түсінік

1.1Сөйлеу экологиясының зерттелуі

Тіл білімінің негізгі міндеттерінің бірі әдеби тілді қалыптастыру. Тілді жетілдіру – барлық адамзаттың міндеті. Сол тілдің бүгіні мен ертеңі тілді қолданушылардың өз қолында. Сондықтан тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде соңғы кездері зерттеле бастаған лингвоэкология ғылымы осы бағытта ерекше орын алады. Лингвоэкология ғылымдағы жаңа бағыт ретінде адам мен қоғамның тілдік аясын зерттей келе, ереже мен қағида, жүйелердің қалыптасуына әкеледі, ол тек экология үшін ғана емес, тілдің дамуы мен қоршаған ортаның проблемаларын шешу мүмкіндіктері үшін қажет [1].

Лингвоэкология сөйлеу мәдениетінің мәселелерін қамтитын тіл білімінің бір саласы ғана емес, ол адамзаттың рухани инабаттылығын сақтай отырып, балағат, әдепсіз және тұрпайы лексикадан қорғайды. Лингвоэкологияның тағы бір ерекшелігі ол ғаламдастыруда тіл мәселесін шешуге көмектеседі. Себебі тіл - әрбір ұлттың рухани-мәдени мұрасын сақтаушы, оны келесі ұрпаққа жеткізуші. Экология терминін 1866 неміс жаратылыстанушысы Эрнст Геккель ғылыми айналымға енгізді. Ол экологияны қоршаған ортамен ағзаның барлық байланысын зерттейтін ғылым ретінде анықтады. Кейіннен америка лингвисті Эйнара Хауген 1970 жылы «Экология языка» баяндамасында тіл экологиясына тоқталып, оның дамуына ерке үлес қосады[1]. Р.Херре, И.Брокмайер, П.Мюльхойслер эколингвистиканың алғашқы әдістемелік жағдайларын дамытты. Қазақ біліміндегі зерттеулер бойынша бұл мәселені Д. Әлкебаеваның [5] пікірімен сабақтастыруға болады: «Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық зерттеулерді қажет ететін лингвистикалық экология саласы. Лингвистикалық экология тілдік ортаның динамикалы құбылысының мәселесін анықтайды. Лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталынады. Сөз мәдениетінің экологиясына (лингвистер көп жағдайда лингвистикалық экология терминін қолданбайды) мына мәселелерді жатқызуға болады: тілдік жағдай, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық үйлесімділіктің бұзылуы, сөйлеу әдебінің мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг т.б». Дегенмен, лингвоэкологияны тіл мәдениеті аясында қалдырсақ, тар мағынадағы түсінік болуы мүмкін, сондықтан Е. В. Иванова [6]: «Цели, задачи и проблемы эколингвистики. Прагматический аспект коммуникативной лингвистики и стилистики: сборник научных трудов» (2007), В. Ф. Нечипоренко [7] «Лингвофилософские основы эколингвистики» (1998) еңбектеріне сүйене отырып, лингвоэкологияны өзінің тарихы, зерттеу нысаны, терминологиясы мен идеологиясы және зерттеу аспектілері бар дербес ғылым ретінде танидыБіз де тіліміздің бар мүмкіншілігін сарқа пайдалана алмай жүрсек, оның себебін ең әуелі, өзімізден іздегеніміз жөн шығар. Өйткені «жасандылық» пен «жасампаздықты» ажырата алмайтын, «басынан бал-бұл ұшты» деп тұрақты тіркестерді қалаған жерден ұшырып, қалаған жерге қондыратын көбейіп кетті. Тіліміздің тазалығын сақтайтын,осы мәселенің түйінін шешуге көмектесетін лингвоэкологиягың алатын орны зор.

1.2Лингвоэкология «эколингвистика», «тіл экологиясы» терминдердің қолданысқа ие болуы

Лингвоэкология – әлеуметтік, психологиялық, философиялық ғылымдардың тоғысында пайда болған. Тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналатын қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы. Сөз мәдениетінің экологиялық аспектісінде адамгершілік, ізгілік элементтері қоса жүреді. Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияда тілдесушілердің адамгершілік сезімі тапталмауға, қоғамдық, моральдық-этикалық принциптер бұзылмауға тиіс. Лингвоэкология тілдің дамуының объективті бет-бейнесін көрсете білуге тиіс. [2].

Лингвоэкология саласында тіл басқыншылығы деген ұғым бар. Бөгде тіл басқындылығы ана тіліміздің тілдік ортасын тарылта бастайды. Сөйтіп, бөгде тіл басқыншылығы тілдік ортаны бұзып ірітіп-шіріте бастайды. Сондықтан тілдік ортаға зардабын тигізетін тіл басқыншылығына қарсы күрес негіздерін айқандау шараларын белгілеу лингвоэкологияның аса маңызды мәселелеріне жатады [2]. Тілдік орта - лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналатын қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық, этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы.

Тіл – адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-саламаттылығына тікелей тәуелді. Тілдің толып жатқан мәселесін экологиялық тұрғыдан қарастырудың мәні айрықша. Тілді тұтынушының, яғни тілдік тұлғаның, тілдік субъектінің ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, тілдің өткендегісі, бүгінгісі, болашағына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады.

Ана тілдің өмір сүру ортасы, сол ортада оны қызмет етуіне бөгет болатын нигилистік көзқараспен күресу тіл экологиясының негізгі міндеттерінің бір болмақ.

Лингвоэкологияда қарастырылатын мәселелердің тағы бірі – тілдік ортаның сөз тазалығы. Дөрекі, былапыт, боқтық сөздер – қоғамның, жеке адамның рухани саламаттылығына зиянын тигізетін дерттің бірі. Қазіргі қоғамда бұлардың жарыққа шығып, ашық түрде айтылу (легизациялану) қаупі жоқ емес. Телеэкранда көрсетілетін шетелдік мазмұны төмен фильмдер, видеофильмдердің әсерінен жастар арасында дөрекі, былапыт сөздер етек ала бастады. Қоршаған ортаның тілдік сөз тазалығына нұқсан келтіретін сөздің тағы бір түрі – жаргон сөздерге орынсыз әуестенушілік. Әсіресе өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарынан бастап қазақ жастарының тілі жаргон сөздерге үйірсектене бастады [3].

Жаһандану заманында лингвоэкология ғылымдағы жаңа бағыт ретінде яғни әдеби тілді қалыптастыру және жетілдіру мақсатында қалыптасты. Лингвоэкологияның ауқымы мен қарастыратын мәселелері одан сайын тереңдей түсті. 1-кесте

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]