Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия посл.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
624.13 Кб
Скачать

8 Тәулік тұндыру

Сүзгілеу

Белсенді заты ½ 45% этил спиртімен алынған эссенция (Ø)

Сапасын бақылау

Тұтынуға дайындау

Сызба №1. Эссенция технологиясының алгоритмі

Пияз басын сырт қабығынан тазалайды, ұсақтайды (пышақ немесе пластмассалы ысқылағыш), матаға орап пресс арқылы сығады. Алынған пияз шырынын тарирленген шыны ыдысқа құйып өлшейді, үстіне 90% этил спиртінің шырын салмағына тең мөлшерін қосады. Қосындыны 16 -17°С температурада 8 тәулік бойы тұндырады, содан кейін тыңғылықты сүзеді, сапасының нормативті талаптарға сәйкестігін анықтайды. Дайын эссенцияны жапсырмамен безендіреді:

Es Allium (Ø)

Күні Сериясы Талдауы Қолы

Жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша эссенциялар дайындалатын шикізаттар №3 кестеде келтірілген.

Кесте №3

Гомеопатия тәжірибесіндегі өсімдік шикізаттары мен қолданылуы.

Дәрілік өсімдік шикізаты

Қолданысқа арналған өсімдік

Өсімдіктің қолданылатын бөлігі (эссенциядағы шырын мөлшері)

Қолдан-ыстағы сұйылту

Қолданылуы

Аконит

(Aconitum)

Уқорғасын

Өсімдіктің барлық бөлігі, жас тамыр және тамыр жемісі (1:2)

Х1, Х3

және жоғары

Қан айналымы- ның қызметі бұзылғанда, параличте, парезде және басқа жағдайларда -сырт денеге

Тыржақгүл

(Calendula)

Тыржақгүл

Өсімдік гүлден-ген кезде - түгел не тек гүл шоқтары

Ø және ↑

Әр түрлі тері және шырышты қабаттарының зақымдануында дене сыртына қолданады

Хамомилла

(Chamomilla)

Дәрілік түймедақ

Барлық жаңа гүлдеген өсімдіктер (1:3)

Х3, 3

Диспепсия, асқазан неврозы және т.б.

Хелидонум

(Chelidonium)

Чистотел

Жаңа тамыры (1:3)

Бауыр ауруы

Рус токсикодендрон

(Rhus toxicodendron)

Улы сумах

Балауса жапырағы (1:2)

Х 3және жоғары

Ревматизм, ревмакардит, экзема – тері созылмалы жарақаты және т. б.

§1 Бойынша эссенциялар дайындалатын шикізаттар Сұйық дәрілік қалыптар

Сулы ерітінділер. 1 салмақтық бөлшекке 9 немесе 99 бөлшек су қосады, сүзеді. Осылай дайындалған ерітінділер бірінші ондық Х1 немесе бірінші жүздік С1 сұйылтуға сәйкес.

Спиртті ерітінділер. Дәрілік заттың 1 бөлшегін спирттің 9 немесе 99 бөлшегімен араластырады Х1 немесе С1 жүздік сұйылту ерітіндісі шығады. Қолданылатын этил спирті концентрациясы жеке баптарда көрсетіледі.

Дәріханаларда сұйық сұйылтуларды эссенциялардан, тұндырмалардан, ерітінділерден 45% этил спирті көмегімен дайындайды.

Сұйық сұйылтуларды ұнтақтардан дайындау. Үшінші жүздік тритурацияның 1 салмақтың өлшемін судың 79 бөлшегімен ерітіп, 90% этил спиртінің 20 салмақтық бөлшегін қосады, құбырдың 2/3 көлемін алатын ерітіндіні 10 рет шайқайды. Бұл ретте төртінші жүздік (4) алынады. Егер 4 сұйылтудың 1 бөлшегін этил спиртінің 99 салмақтың бөлшегімен 10 рет шайқап араластырса, 5 сұйылту алынады. Келесі жүздік сұйылтуларды алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлшегіне 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлшегін араластырып алады.

Линименттер (сұйық оподельдоктар). Оподельдок негізін сабын спиртінің 2 бөлігін, судың 1 бөлігін және 96% этил спиртінің 1 бөлігімен араластырып алады. Бұл негізді тұндырмалардың (3%, 5%, 10%) әртүрлі мөлшерімен араластырып алады.

Мысалы, оподельдок Ледум 10% багульник тұндырмасынан тұрады, оподельдок Рус-5% ұлы сумах тұндырмасынан тұрады.