С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ФАРМАЦЕВТ-ТЕХНОЛОГ МОДУЛІ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ |
||
Бекітілді
ОТЖ жөніндегі проректор,
проф. Тулебаев К.А.
__________________
«__»_________2013ж.
Жұмыс бағдарламасы
Пән: Гомеопатиялық дәрілік құралдар
Мамандық: 5В051103 – «Фармация»
Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 (2)
Курс – 5, семестр – Х
Бақылау формасы: емтихан
Алматы, 2013
Жұмыс бағдарламасы модуль отырысында талқыланды, хаттама № «______» ________ 2013ж.
-
Модуль жетекшісі, фарм.ғ.д.
Сакипова З.Б.
Жұмыс бағдарламасы Фармация білім беру бағдарламасы бойынша Комитеттің отырысында талқыланды, хаттама № « __ » ________ 2013ж.
-
Төрайым, фарм.ғ.к.
Саякова Ғ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесінде бекітілді,
хаттама № « __ » ________ 2013ж.
-
Төраға, профессор
Тулебаев К.А.
Жалпы мағлұмат:
ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті
Модуль: Фармацевт-технолог
Мамандық: 5В051103 - «Фармация»
Пән: Гомеопатиялық дәрілік құралдар
Пәннің коды: EGLS 501
Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 (2)
Курс және оқу семестрі - 5, Х
2. Бағдарлама
Кіріспе: Фармацевтикалық гомеопатия – гомеопатиялық дәрілік құралдар гомеопатиялық технология бойынша өндіріліген және денсаулық сақтауда гомеопатиялық емдеу принциптеріне сәйкес қолданылатын құралдарды оқытатын фармацияның бір саласы. Гомеопатиялық құралдарды ережеге сай қолданғанда жанама әсерлері болмайды, организмнің қорларына негізделген, қорғаныс қызметін күшейтеді, жүйе деңгейінде – жеке органға емес, организмге бүтіндей әсер етеді, үнемі және ұзақ мерзімге қолданылады. Дәрілік құралдар әсерінің тиімділігі ұқсастық заңына сәйкес таңдауына, сұйылтулар бойынша дайындалуына және дайындау барысында белсенділігін потенцирлеуге байланысты. Гомеопатиялық препараттарды дұрыс қолдану гомеопатияның принциптеріне негізделген.
Пәннің мақсаты:
Білім алушыларда емдеудің гомеопатиялық әдісінің дамуы, қазіргі заманғы медицинадағы орыны, гомеопатиялық дәрілік құралдар және оларды өндірудің жетілдірілген әдістері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: Пәнді оқыту келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асады:
– дүние жүзінде гомеопатиялық емдеу әдісінің заманауи бағыты, денсаулық ісі мен фармация бойынша соңғы жетісітіктері, аталған саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары, гомеопатиялық дәрілік құралдар өндірісінің және айналымының негізгі міндеттері туралы түсініктерді қалыптастыру;
– әлемдегі және ҚР фармация дамуының тенденциялары және фармацевтика ғылымының қазіргі жағдайы; гомеопатиялық емдеу әдісінің дамуы, гомеопатия негіздері фармацевтикалық гомеопатия ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру.
– гомеопатиялық препараттардың әртүрлі дәрілік қалыптары, потенциялау, доза туралы түсінік, классификациясы және гомеопатиялық дәрілік препараттардың дәріханалық және өнеркәсіп өндірісіндегі жасалыну жағдайлары, таңбалау және орамдау, гомеопатиялық препараттарды сақтау, гомеопатиялық препараттардың сапасын тексеруді жүргізе алуды қалыптастыру.
– алған білім мен тәжірибені гомеопатиялық дәріханалар, дәріханалардағы гомеопатиялық бөлімдерді, гомеопатиялық дәрілік құралдарды дайындау технологиясын ұйымдастыруға, гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясындағы ерекшеліктерді меңгеру.
Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі қажет
фармацевтикалық, химия-фармацевтикалық өнеркәсіптердегі дәрілік қалыптар мен препараттар номенклатурасын
дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне әсер ететін фармацевтикалық факторларды
дәрілердің өнеркәсіптік өндірісінде қолданылатын машиналар, аппараттар мен автоматтар құрлысы мен жұмыс істеу принциптерін
дәрілердің өнеркәсіптік өндірісінде қолданылатын негізгі өндірістік процестерді
дәрілік препараттар мен дәрілік құралдардың сапасына жасалатын сатылық бақылау мен стандарттау әдістері және тәсілдерін
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін
Студент істей білуі қажет:
профессиональдық міндеттерді шешу үшін анықтамалық әдебиеттерді қолдануды
дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне әсер ететін фармацевтикалық факторлардың ықпалын ескеруді
өнеркәсіптік дәрілік препараттар өндірісінде қолданылатын машиналар, аппараттар, автоматтар мен автоматты желілерді дұрыс қолдануды
фармацевтикалық мекемелер ұжымындағы деонталогиялық принциптер мен өзара
фармацевтикалық этиканы сақтауды
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін қолдануды
Студент дағдыларды меңгеруі қажет:
профессиональдық міндеттерді шешу үшін анықтамалық әдебиеттерді қолдануды;
дәрілік препараттардың және дәрілік қалыптың тұрақтылығына сақтау жағдайларының және орам түрлерінің әсерін анықтауды;
өнеркәсіптік дәрілік препараттар өндірісінде қолданылатын машиналар, аппараттар, автоматтар мен автоматты желілерді дұрыс қолдануды
дәрілік препараттар өндірісінде қауіпсіз технологиялық процесті қамтамасыз етуді.
Пререквизиттер: фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармакогнозия
Постреквизиттер: дәрілер технологиясы бойынша өндірістік тәжірибе
Тақырыптық жоспар: тақырыптар, әрбір сабақтың жүргізілу формасы және ұзақтығы.
(практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ)
