Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
excel.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать
    1. Microsoft Excel-дің графикалық мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Microsoft Excel-дің графикалық мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру, диаграмма құру жолдарын меңгерту, диаграмма түрлерімен таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше Microsoft Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграммаларды құра білу әрекеттерін қалыптастыру

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды білімділікке, жауапкершілікке, өз білімін жүйелей білуге қалыптастыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

Жаңа түсініктер:

Диаграммалар – дерек, мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің арнайы түрі.

Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.

  1. діңгектік – гистограмма

  2. сызықтық – линейчатая

  3. график-график

  4. дөңгелек - круговая

  5. нүктелік - точечная

  6. аймақты - с областями

  7. шығыршықтық - кольцевая

  8. нүктелік /жапырақтық/ - лепестковая

  9. беткейлік - поверхность

  10. көпіршікті - пузыркоая

  11. биржалық - биржевая

  12. цилиндрлік - цилиндрическая

  13. конустық - коническая

  14. пирамидалық - пирамидальная

  1. Диаграмма тұрғызу үшін алдымен кестенің қажетті бөлігін ерекшелеп алу керек.

  1. Стандартты саймандар қатарындағы “Диаграмма шебері” /мастер диаграмма/ батырмасын шерту.

  1. Диаграмма шебері - /1-қадам диаграмма типі/ терезенің “Тип” тізімінен диаграммалық типін таңдау “Далее” бастырмасын шерту.

  1. Диаграмманы тұрғызудың ауқымы көрсетілетін /2-қадам диаграмма деректерінің көзі/ диалогтың терезесі болады.

Мұнда диаграмма қатарларын бағана немесе жол бойынша тұрғызу ұсынылады, қажеттігін таңдау. “Далее” батырмасын шерту.

  1. Диаграмма шебері /3-қадам диаграмма параметрлері/ диалогтың терезесінде диаграмманы безендіру бойынша сервис ұсынылады.

Осьті жазып қоюға, диаграммаға ат беруге болады. Тор сызықтарын, аңыз орнатуға да болады. “Ары қарай” батырмасын шерту.

  1. Диаграмма шебері /4-қадам диаграмма орналастыру/ диалог терезесі диаграмманы “бар бетте” немесе “жеке бетте” орналастыруға болады.

а\ Бар бетте – таңдау “Дайын” /Готово/ батырмасын шерту.

Диаграмма кестемен бірге орналасады.

ә\ Жеке бетте – диаграмма жеке бетте орналасады.

Диаграмма көлемін өзгерту үшін:

  1. Кестенің диаграммасын бір шерту арқылы ерекшелеу.

  2. Д иаграмма жақтауларында ■ белгілеу маркерлері болады. Соның кез-келгеніне курсорды әкелсек, ол сызыққа айналады, тарту арқылы көлемді өзгертуге болады.

Диаграмма типін өзгерту үшін:

  1. Диаграмманы бір шерту

  2. Мәзір қатарынан Диаграмма → Диаграмма түрі (Тип диаграммы) пунктін таңдау.

  3. Қажетті түрді ашылған терезеден таңдау, ОК батырмасын басу.

Диаграмма мынадай элементтерден тұрады:

  1. Тор

  2. тақырып – диаграммаға атау беру.

  3. Аңыз – диаграммада берілген бірқатар деректерді ажыратуға көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]