Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
excel.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

Тест тапсырмалары № 1

  1. Толықтыр.

Excel программасы ... кестелерді құру және оларды ... мақсатында қолданылады.

  1. Excel қандай салаларда қолданылады ?

А) Экономистердің, бухгалтерлердің, сурет салған кезде

Ә) Дәрігерлердің, ғылыми қызметкерлердің жұмыстарында, экономистердің

Б) Дұрыс жауабы жоқ

3. Электронық кесте қандай мағына береді ?

А) Қарапайым кесте деген ұғымды береді.

Ә) Кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу.

Б) «таблица» деген мағынаны береді.

4. Excelді- іске қосудың дұрыс жолын көрсет.

А) Пуск-Microsoft Excel

Ә) Пуск-программы-Стандартные- Microsoft Excel

Б) Пуск- Мой компьютер- Microsoft Excel

В)Пуск- программы- Microsoft Excel

5. Microsoft Excel программасының терезе элементтері.

А) Тақырып қатары, Стандартные, Мой компьютер

Ә) Форматтау қатары, Жұмыс аймағы, Мәзір қатары

Б) Мәзір, Меню, Мой компьютер

6. Жұмыс аймағының қызметі қандай?

А) Мұнда формулаларды өңдеуге болады.

Ә) Microsoft Excel кестесі туралы мәлімет шығып тұрады.

Б) Мұнда кестелермен түрлі жұмыстар жасауға болады.

7. Ұяшық дегеніміз не?

А) Электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.

Ә) Excel кестесіндегі төртбұрыштар

Б) Excel программасының кіші кестесі

8. Блок дегеніміз не?

А) Бағана мен жолдың қиылысын айтады

Ә) Бағаналар мен жолдарды айтады

Б) Белгіленген ұяшықтар тізбегін айтады

9. Microsoft Excel-де қанша қатар және қанша бағана бар?

А) 255, 16389

Ә) 256, 66533

Б) 256, 65536

10. Excel-де құрылған файлдың кеңейтуі.

А) doc

Ә) еxe

Б) хls

В) wrd

Г) bmp

11. Электрондық кестенің негізгі элементі.

А) Кесте

Ә) Жол

Б) Баған

В) ұяшық

Г) өріс

12. Электрондық кестеде В19:D20 ұяшықтар ауқымы ерекшеленген. Осы ауқым қанша ұяшықты қамтиды?

А) 4

Ә) 5

Б) 6

В) 7

Г) 8

13. Excel программасының жұмыс парағындағы бағандар саны.

А) 255

Ә) 256

Б) 65536

В) 5

Г) 452

14. Excel программасының жұмыс парағындағы жолдар саны.

А) 255

Ә) 256

Б) 65536

В) 65535

Г) 452

15. Электрондық кесте ұяшығына қандай мәліметтер енгізуге болмайды.

А) мәтін

Ә) сан

Б) формула

В) дата

Г) графиктік обьект

    1. Электрондық кестедегі есептеулер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Microsoft Excel программасында кестеде есептеулерді формулалардың көмегімен жүзеге асыру туралы түсінік қалыптастыру, ұяшықтарға сілтеме жасауды меңгерту

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше кестеде есептеулерді формулалардың көмегімен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды білімділікке, жауапкершілікке, өз білімін жүйелей білуге қалыптастыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

Жаңа түсініктер:

M icrosoft Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі ғана бейнеленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшелеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көз салу керек.

5-сурет. Ұяшықтарға сілтеме

Мына суреттегі формулада екі ұяшықтағы мәндерге амалдар қолданылған. Бұл жерде ұяшықтардың адресі көрсетілген. Осыны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдаланылған ұяшықтарға тәуелді болады.

Абсолютті және салыстырмалы сілтеме

Салыстырмалы сілтеме дегеніміз-формулаларды бір ұяшықтан келесі ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В1 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А7 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады, адресі А7 болып өзгереді.

6-сурет. Салыстырмалы сілтеме мысалы

Абсолютті сілтеме дегеніміз- формулаларды бір ұяшықтан келесі ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады деген сөз. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдында $ белгісін қояды. Мысалы: =$A$1+$В$2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан C6 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады, адресі =$A$1+$В$2 болып өзгеріссіз қалады.

7-сурет. Абсолютті сілтеме мысалы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]