Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
excel.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

30

    1. Microsoft Excel программасының негізгі ұғымдары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Microsoft Excel программасының негізгі ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаны іске қосу, терезе элементтерімен таныстыру,

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамыту

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды білімділікке, жауапкершілікке, өз білімін жүйелей білуге қалыптастыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

Жаңа түсініктер:

Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметттермен жұмыс істеуге негізделген. Microsoft Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграммалар тұрғызып, мәліметттер базасын даярлап, оламен жұмыс істеуді, сандық тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады. Microsoft Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.

“Электрондық кесте” термині мәтін түрде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тиігізетін әсерін зерттеу.

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.

Microsoft фирмасының Excel программасы кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Excel программасын іске қосу үшін Іске қосу(Пуск) → Бағдарламалар( Программы)→ Microsoft Excel командасын орындаймыз. Оны 1-суреттен көре аламыз.

1-сурет. Microsoft Excel программасын іске қосу жолы

Бұл команданы орындап болған соң экранда Microsoft Excel программасының дайын жұмыс кітабы ашылады.

2-сурет. Microsoft Excel программасының дайын жұмыс парағы

Excel программасының терезе элементтері:

  1. Тақырып қатары

  2. Мәзір қатары

  3. Стандартты саймандар қатары

  4. Форматтау саймандар қатары

  5. Формалар қатары – мұнда формулаларды өңдеуге, әр ұяшықтың мазмұнын көруге болады.

  6. Жұмыс аймағы – кесте жолдары Сайман, бағаналары Әріптестермен таңбаланады.

  7. Қалып-күй қатары – Excel кестесі туралы ақпарат шығып тұрады.

3-сурет. Excel программасының терезе элементтері

Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын АДРЕС-і бар. Мысалы: В3 адресі: В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиындысындағы ұяшықты анықтайды.

Белгіленген ұяшықтар тізбегін “Блок” немесе “Торлар аралығы” деп атайды. Блоктар тік төртбұрыш қалыпты болады. Мысалы: А7:Е25. Мұндағы А7-тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25-оң жақ төменгі бұрыштары.

4-сурет. А7:Е25 ұяшықтарының белгіленуі.

Әрбір жұмыс парағы 256-ға дейін бағана санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]