Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эмбриология тест Perizat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.91 Кб
Скачать

3.Эмбриология

Бір дұрыс жауабын табыңыз:

3-1.Пішіні шар тәрізді,диаметрі 130 мкм,сырты жылтыр жане сәулелі тәж тәрізді қабықтармен қоршалған,гаплоидты хромасомалар жиынтығы бар,жыныстық жасуша:

a.овогония

b.I реттік овоцит

c.II реттік овоцит

d.жұмыртқа жасушасы

e.редукциялық денешігі

3-2. Цитоплазмасында сары уыз қосындысының орналасуына байланысты адамның жұмыртқа жасушасы мыналардың қайсы:

a.центролецитальдік

b.тура телолецитальдік

c.тура емес телолецитальдік

d.изолецитальдік

e.алецитальдік

3-3. Адамның жұмыртқа жасушасында мыналардың қайсысы болмайды:

a.митохондриялар

b.эндоплазмалық тор

c.рибосомалар

d.Гольджи комплексі

e.жасуша орталығы

3-4.Жұмыртқа жасушасындағы кортикальді түйіршіктерінің қызметі:

a.сперматозоидтың дистантты түрде әрекеттесуі

b.сперматозоидтың контактілі түрде әрекеттесуі

c.сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына енуін тездетеді

d.ұрық қабығын түзуге қатысады

e.екі пронуклеустердің қосылуы

3-5.Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының ұқсастығы неде:

a.пішінінде

b.мөлшерінде

c.қозғалуында

d.қоректік затында

e.гаплоидты хромосом санында

3-6.Пішіні жіп тәрізді, ядросында 23хромосомалары бар,жыныстық жасуша қайсы:

a.сперматогония

b.сперматид

c.I реттік сперматоцит

d. сперматозоид

e.II реттік сперматоцит

3-7.Адам сперматозоиды ядросындағы хромосом саны қанша:

a.анэуплоидты

b.гаплоидты

c.диплоидты

d.тетраплоидты

e.октоплоидты

3-8.Сперматозоидтың мына құрылымдарының қайсысында микротүтікшелері бар:

a.акросомасында

b.ядросында

c.денесіндегі митохондриясында

d.біліктік жіпшесінде

e.цитолеммасында

3-9. Сперматозоитың ядросы қайда орналасқан:

a.басында

b. құйрығының байланысқан бөлігінде

c.құйрығында

d.құйрығының аралық бөлігінде

e.құйрығының терминальді бөлігінде

3-10. Сперматозоитың митохондриялары қай бөлігінде орналасқан:

a.басында

b. құйрығының байланысқан бөлігінде

c.құйрығының аралық бөлігінде

d.құйрығында

e.құйрығының терминальді бөлігінде

3-11. Сперматозоитың проксимальді жасуша орталығы қай бөлігінде орналасқан:

a.басында

b. құйрығының байланысқан бөлігінде

c.құйрығының аралық бөлігінде

d.құйрығында

e.құйрығының терминальді бөлігінде

3-12. Сперматозоитың акросомасы мыналардың қайсысының туындысы:

a.митохондриялардың

b.біліктік жіпшесінің

c.дистальді жане праксимальді жасуша орталығының

d.түйіршікті эндоплазмалық тордың

e.Гольджи комплексінің

3-13. Сперматозоитың көлденең кесіндісінің электронды микросуретте біліктік жіпшесін қоршаған митохохондриялар көрінеді.Бұл сперматозоидтың қай бөлігінен аланған кесінді?

a.басынан

b.құйрығының байланысқан бөлігінде

c.құйрығының аралық бөлігінде

d.құйрығынан

e.құйрығының терминальді бөлігінде

3-14.Эмбриогенездің сатыларының дұрыс тізбегін табыңыз:

a.гистогенез бен органогенез-бөлшектену-гаструляция-ұрықтану

b.бөлшектену-гаструляция-ұрықтану-гистогенез бен органогенез

c.ұрықтану-гаструляция-бөлшектену- гистогенез бен органогенез

d.гаструляция-бөлшектену- ұрықтану-гистогенез бен органогенез

e.ұрықтану- бөлшектену- ұрықтану-гистогенез бен органогенез

3-15.Адамның жұмыртқа жасушасының ұрықтануы қайда жүреді:

a.жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде

b.жатыр мойнында

c.жатыр қуысында

d.құрсақта

e.қынапта

3-16.Аналық, аталық жыныс жасушаларының қосылып,зиготаның пайда болуы қай процеске жатады:

a.ұрықтануға

b.бөлшектенуге

c.гаструляцияға.

d.имплантацияға

e.гистогенез бен органогенезге

3-17.Сперматозоидтың реотаксис қабілеті-бұл:

a.жұмыртқа жасушасымен жақындасуы

b.жұмыртқа жасушасымен дстанттық түрде әрекеттесуі

c.сперматозоидтың секретке қарсы жылжуы

d.жұмыртқа жасушасының мөлдір қабығы арқылы енуі

e.жұмыртқа жасушасының плазмолеммасы арқылы енуі

3-18. Сперматозоидтың хемотаксис қабілеті-бұл:

a.жұмыртқа жасушасымен жақындасуы

b.жұмыртқа жасушасымен дстанттық түрде әрекеттесуі

c.сперматозоидтың секретке қарсы жылжуы

d.жұмыртқа жасушасының мөлдір қабығы арқылы енуі

e.жұмыртқа жасушасының плазмолеммасы арқылы енуі

3-19.Капацитация деп:

a.сперматозоидтың белсенділігінің артуы

b.ұрық қабығының пайда болуы

c.сперматозоид жіпшелерінің жойылуы

d.сперматозоидтың сұйыққа қарсы жылжуы

e.акросомадан ферменттердің бөлінуі

3-20.Ұрықтану кезеңіндегі контактылы әрекеттесуде мыналардың қайсысы жүреді:

a.акросомальді реакция

b.хемотаксис

c.реотаксис

d.капацитация

e.кортикальді реакция

3-21.Акросомальді реакция деп:

a.ұрық қабығының пайда болуы

b.сперматозоид жіпшелерінің жойылуы

c.акросомадан ферменттердің бөлінуі-гиалуронидаза мен трипсин

d.сперматозоидтың белсендігінің артуы

e. сперматозоидтың сұйыққа қарсы жылжуы

3-22.Ұрықтану қабығын түзуге қатысатыны қайсы:

a.ядросы

b.Гольджи комплексі

c.митохондриялар

d.кортикальді түйіршіктері

e.эндоплазмалық тор

3-23.Кортикальді реакция –бұл:

a.жұмыртқа жасушасының сәулелі тәж қабығының жойылуы

b. жұмыртқа жасушасының құрамында ұрықтану төмпешігінің пайда болуы

c.жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың плазмолеммаларының қосылуы

d.сперматозоид бекінетін жылтыр қабықтың жойылуы

e. кортикальді түйіршіктердің перивительді кеңістікке өтіп,ұрықтану қабығының пайда болуы

3-24. Ұрықтағы ұрықтану қабығының жойылуы:

a.ұрықтануда

b.бөлшектенуге дейін

c.морула сатысында

d.имплантацияның алдында

e.гаструляция сатысында

3-25.Бөлшектену-бұл:

a.аталық жане аналық жыныс жасушалардың қосылып зиготаның пайда болуы

b.зиготаның бластамерлерге бөлініп,бластоцистаның пайда болуы

c.мүшелердің бастамасының түзілуі

d.ұрық жапырақшаларының пайда болуы

e.біліктік мүшелердің пайда болуы

3-26. Адам зиготасының бөлшектенуі:

a.толық,асинхронды

b.толық,тең емес

c.синхронды,тең

d.толық,тең емес,асинхронды

e.толық емес,тең

3-27. Адам ұрығындағы ашық жане күңгірт түсті бластомерлер мыналардың қайсысында пайда болады:

a.ұрықтануда

b.бөлшектенуде

c.гаструляцияның бірінші сатысында

d.гаструляцияның екінші сатысында

e.гистогенез бен органогенезде

3-28.Адам ұрығының морула сатысы мыналардың қайсысында түзіледі:

a.ұрықтануда

b.бөлшектенуде

c.гаструляцияның бірінші сатысында

d.гаструляцияның екінші сатысында

e.гистогенез бен органогенезде

3-29. Адам ұрығының морула сатысы мыналардың қайсысында орналасады:

a.жатыр мойнында

b.жатыр қуысында

c.жатырдың кілегейлі қабығында

d.жатырдың кілегейлі қабығының астында

e.жатыр түтігінің қуысында

3-30.Адам ұрығының бластоциста кезеңі мына процестердің қайсысында түзіледі:

a.ұрықтануда

b.бөлшектенуде

c.гаструляцияның бірінші сатысында

d.гаструляцияның екінші сатысында

e.гистогенез бен органогенезде

3-31.Бөлшектену кезеңінің соңында адам ұрығы қалай деп аталады:

a.бластоциста

b.амфибластула

c.целобластула

d.дискобластула

e.морула

3-32.Адам бластоцистасының трофобласты болып табылады:

a.бір қабатты , ашық түсті жалпақ жасушалар

b.бір қабатты, куб тәрізді жасушалар

c.бір қабатты, призма тәрізді жасушалар

d.екі қабатты куб тәрізді жасушалар

e.екі қабатты призма тәрізді жасушалар

3-33.Трофобласт адам ұрығының мына сатыларының қайсысында түзіледі:

a.бөлшектенуде

b.ұрықтануда

c.гаструляцияның бірінші сатысында

d.гаструляцияның екінші сатысында

e.гистогенез бен органогенезде

3-34.Адам ұрығының бластоцистадағы эмбриобласты болып табылады:

a.бластоцистаның ортасында орналасқан ашық түсті бір бластомері

b.бластоцәистаның ортасында орналасқан екі күңгірт түсті бластомері

c.трофобластың ішіндегі екі ашық түсті бластомері

d. трофобластың ішіндегі ашық түсті ірі бір бластомері

e. трофобластың ішіндегі күңгірт түсті бластомерлер жиынтығы

3-35.Адам ұрығының бластула сатысы мыналардың қайсысында орналасқан:

a.жатыр мойнында

b.жатыр қуысында

c.құрсақ қуысында

d.жатырдың кілегейлі қабығының астында

e.жатыр түтігінде

3-36.Имплантация процеске қай тәлікке жүреді:

a.3 тәлікте

b.15 тәлікте

c.7 тәлікте

d.10 тәлікте

e.1 тәлікте

3-37.Адам ұрығының гаструляция процесінде мыналар пайда болады:

a.зиготаның бөлінуінен бластомер пайда болады

b.аталық,аналық жасушаларының қосылуынан зигота пайда болады

c.үш ұрық жапырақшасы пайда болады

d.тіндер мен мүшелердің бастамасы пайда болады

e.бластоциста пайда болады

3-38.Гаструляция сатысындағы адам ұрығы мыналардың қайсысында орналасады:

a.жатыр мойнында

b.жатыр қуысында

c.құрсақ қуысында

d.жатырдың кілегейлі қабығының астында

e.жатыр түтігінде

3-39.Адам ұрығының 11,5 тәуліктегі даму кезеңінде ұрық жапырақшаларының материалы қайда орналасқан?

a. амнион көпіршігінің түбінде

b. амнион көпіршігінің жоғарғы бөлігінде

c. сары уыз көпіршігінің жоғарғы бөлігінде

d. амнион көпіршігінің бүйір қабырғаларында

e. аллантоис құрамында

3-40. Адам ұрығының 14-ші тәуліктегі дамуының 11,5 тәуліктегі ұрықтан айырмашылығы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді?

a. хорданың

b.амнион көпіршігінің

c.сары уыз көпіршігінің

d.ұрықтан тыс мезодерманың

e.ұрықтан тыс эктодерманың

3-41. Адам ұрығының 17-ші тәуліктегі дамуы 14 тәуліктегі ұрықтан айырмашылығы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді?

a.хорданың

b.амнион көпіршігінің

c.нерв түтігінің

d.аллантоистың

e.цитотофобласт пен симпластофобластың

3-42. Ұрықтың энтодермасы мыналардың қайсысының жасушаларының көшіп, орын ауыстыруынан түзіледі?

a.біріншілік жолақтың алдыңғы бөлігінің

b.прехордальді пластинканың

c.амнион көпіршігінің төбесінің

d.амнион көпіршігінің бүйір бөлігінің

e.трофобласттың

3-43. Ұрықтың мезодермасы мыналардың қайсысының жасушаларының көшіп, орын ауыстыруынан түзіледі?

a .прехордальді пластинканың

b.біріншілік жолақтың соңғы бөлігінің

c.амнион көпіршігінің жоғарғы бөлігінің

d.амнион көпіршігінің бүйір бөлігінің

e.трофобласттың

3-44. Ұрықтың бас бөлігіндегі тығыз орналасқан жасушалар қабатынан тұратын прехордальді пластинканың құрамында болатыны:

a.ұрықтық эктодерма мен энтодерма

b.ұрықтық эктодерма мен мезодерма

c.ұрықтық эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

d.ұрықтық энтодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

e.ұрықтық мезодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

3-45. Презумптиптік хорда бастамасы қайда орналасқан:

a.ұрық қалқаншасының ортаңғы сызығының бойындағы Гензенов түйінінде

b.біріншілік жолақтың алдыңғы бөлігінде

c.біріншілік жолақтың артқы бөлігінде

d.Гензенов түйінінде

e.прехордальді пластинка бөлігінде

3-46. Ұрықтың мүшелері мен тіндері мына процесстердің қайсысында түзіледі?

a .ұрықтануда

b.бөлшектенуде

c.гаструляцияның бірінші сатысында

d.гаструляцияның екіншілік сатысында

e.ұрық жапырақшаларының түрленуінде

3-47. Нефротомнан дамиды:

a.несеп шығару жүйесі

b.нерв жүйесі

c.тыныс алу жүйесі

d.ас қорыту жүйесі

e.эндокринді жүйе

3-48. Нерв түтігінен дамиды:

a.тыныс алу жүйесі

b.ас қорыту жүйесі

c.жыныстық жүйе

d.нерв жүйесі

e.эндокринді жүйе

3-49. Ганглиоздық пластинкадан түзіледі:

a .бас миы

b.жұлын

c.жұлын түйіні мен хромаффинді тін

d.сезім мүшелері

e.тері эктодермасы

3-50. Миотомнан пайда болатыны қайсы:

a.миокард

b.тегіс салалы ет тіні

c.қаңқа бұлшық еті

d.қаңқа сүйектері

e.терінің дәнекер тіні

3-51. Склеротомнан түзілетіні қайсы:

a .қаңқа сүйектері

b.қаңқа бұлшық еттері

c.терінің дәнекер тіні

d.хорда

e.тегіс салалы ет тіні

3-52. Дерматомнан дамитыны:

a.тері эпителиі

b.тері дермасындағы дәнекер тіні

c.қаңқа бұлшық еті

d.түктер

e.май бездері

3-53. Тері эпидермисі қайдан түзіледі?

a.мезенхимадан

b.ішек энтодермасынан

c.тері эктодермасынан

d.нерв түтігінен

e.мезодреманың спланхнотомынан

3-54. Қан түзетін мүшелер мыналардың қайсысынан дамиды?

a.мезодерманың сомиттерінен

b.мезенхимадан

c.энтодермадан

d.эктодермадан

e.мезодерманвң спланхнотомынан

3-55. Дәнекер тінің шығу тегі:

a.эктодерма

b.энтодерма

c.мезенхима

d.мезодерманың спланхнотомынан

e.нерв пластинкасы

3-56. Қанның шығу тегі:

a.эктодерма

b.мезенхима

c.энтодерма

d.нефротом

e.мезодерма спланхнотомы

3-57. Тегіс салалы ет тінінің шығу тегі:

a.мезодерманың сомиттері

b.мезодерманың спланхнотомы

c.нефротом

d.нерв түтігі

e.мезенхима

3-58. Қан тамырлар қайдан дамиды?

a.мезодерманың сомиттерінен

b.нефротомнан

c.мезенхимадан

d.нерв пластинкасынан

e.мезодерманың спланхнотомынан

3-59. Асқазан, ішек, бауыр және ұйқы безі эпителиінің шығу тегі:

a.мезодерма

b.мезенхима

c.эктодерма

d.ішек түтігі

e.ұрықтан тыс энтодерма

3-60. Кеңірдек, өкпе, бронхтың эпителилері қайдан дамиды?

a.мезодермадан

b.мезенхимадан

c.прехордальді пластинкадан

d.энтодермадан

e.нерв түтігінен

3-61. Бүйрек, жыныс бездері, жатыр, жатыр түтігі және ұрық шығаратын жолдарының эпителиі мыналардың қайсысынан дамиды:

a.эктодермадан

b.энтодермадан

c.мезенхимадан

d.спланхнотомнан

e.нефрогонотомнан

3-62. Трофикалық, тыныс алу, зәр шығару және қорғаныс қызметтерін атқарып, цитотрфобластпен біріншілік симпласт бүрлерінен тұратын ұрықтан тыс мүше қайсысы?

a.амнион

b.сары уыз қабы

c.аллантоис

d.біріншілік хорион

e.плацента

3-63. Трофобластан пайда болатын:

a.амнион

b.сары уыз қабы

c.аллантоис

d.біріншілік хорион

e.кіндік

3-64. Адам ұрығының амнион қабығына мына қызметтердің қайсысы тән?

a.қан түзу

b.қорғаныс

c.эндокринді

d.иммунды

e.тасымалдау

3-65. Адам ұрығындағы эпибластан ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы дамиды:

a.амнион

b.сары уыз қабы

c.аллантоис

d.екіншілік хорион

e.біріншілік хорион

3-66. Адам ұрығының екінші апталық даму кезеңінің басында эпибласт жасушаларының арасында қуыстар пайда болады. Осы кезде ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы пайда болады?

a.амнион

b.сары уыз қабы

c.аллантоис

d.плацента

e.кіндік

3-67. Ұрықты механикалық зақымдаудан сақтайтын ұрықтан тыс мүше қайсы?

a.сары уыз қабы

b.амнион

c.аллантоис

d.кіндік

e.плацента

3-68. Іші суға толы, резервуар түріндегі ұрықтан тыс мүше қайсы?

a.амнион

b.сары уыз қабы

c.аллантоис

d.хорион

e.плацента

3-69. Амнион көпіршігінің қабырғасының құрамында болады:

a .ұрықтан тыс энтодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

b.ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

c.ұрықтық эктодерма мен ұрықтық мезодерма

d.ұрықтық энтодерма мен ұрықтық мезодерма

e.ұрықтық мезодерма мен ұрықтық мезенхима

3-70. Адам ұрығындағы сары уыз қабының қызметі:

a.қорғаныс

b.қан түзу

c.эндокринді

d.зәр шығару

e.секреторлы

3-71. Аталған қызметтердің қайсысы адам ұрығындағы сары уыз қабының қызметіне тән:

a.қорғаныс

b.қан түзу

c.эндокринді

d.иммунды

e.зәр шығару

3-72. Ұрықтың алғашқы қан тамырлары мен қан жасушалары және біріншілік жыныстық жасушалары қабырғасында түзілетін ұрықтан тыс мүше қайсы?

a.амнион

b.аллантоис

c.сары уыз қабы

d.плацента

e.кіндік

3-73. Ұрықтық дамудың гаструляция сатысының барысында гипобласттан не пайда болады?

a.амнион көпіршігі

b.біріншілік сары уыз қабы

c.ұрықтық мезодерма

d.біріншілік хорион

e.екіншілік хорион

3-74.Сары уыз қабының қабырғасында мыналардың қайсысы бар?

a.ұрықтан тыс энтодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

b.ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

c.ұрықтық эктодерма мен ұрықтық мезодерма

d.ұрықтық энтолерма мен ұрықтық мезодерма

e.ұрықтық мезодерма мен ұрықтық мезенхима

3-75. Аллантоис қабырғасының құрамында:

a.ұрықтан тыс энтодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

b.ұрықтық энтодерма мен ұрықтық мезодерма

c.ұрықтық эктодерма мен ұрықтық мезодерма

d.ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтық мезодерма

e.ұрықтық эктодерма мен ұрықтық энтодерма

3-76.Гаструляцияның соңында ұрықтан тыс эктодермадан саусақ тәрізді өсінді шығып амнион аящасына өтетін ұрықтан тыс мүше қайсы?

a.амнион

b.аллантоис

c.сары уыз қабы

d.плацента

e.кіндік

3-77.Ұрықты Ана ағзасымен байланыстыратын ұрықтан тыс мүше:

a.сары уыз қабы

b.амнион

c.аллантоис

d.кіндік

e.планцента

3-78.Планцента құрамындағы мына құрылымдардың қайсысы гормон түзеді?

a.хорион эпителиі

b.хорион бүрлері

c.ұрық қан тамырларының эндотелиі

d.Лангханс фибриноиді

e.планцентаның ана бөлігінің базальді пластинкасы

3-79.Ұрықты Ана ағзасымен байланыстырып, екі бөліктен тұратын (нәресте жане ана)ұрықтан тыс мүше қайсы?

a.кіндік

b.амнион

c.плацента

d.сары уыз қабы

e.аллантоис

3-80.Плацентаның нәресте бөлігінде мыналардың қайсысы болады?

a.хорион пластинкасы мен хорион бүрлері

b.жатырдың кілегейлі қабығының түспейтін бөлігі

c.жатырдың кілегейлі қабығының қалталы бөлігі

d.жатырдың кілегейлі қабығының қабырғалық бөлігі

e.жатырдың ет қабығы

3-81.Плацентаның ана бөлігінің құрамында болатыны:

a.хорион пластинкасы мен хорион бүрлері

b.жатырдың кілегейлі қабығының негізгі түсетін бөлігі

c.жатырдың ет қабығы

d.жатырдың кілегейлі қабығының қалталы бөлігі

e. жатырдың кілегейлі қабығының қабырғалық бөлігі

3-82.Плацента құрамындағы котиледондар мыналардың қайсысынан түзіледі?

a.бағаналы бүрлерімен (якорлы) оның тармақтарынан түзіледі

b.ана қанына толы шұңқырлардан

c.базальды пластинкамен перделерден

d. жатырдың кілегейлі қабығының қалталы бөлігінен

e. жатырдың кілегейлі қабығының қабырғалық бөлігінен

3-83.Адам плацентасындағы хорион бүрлері:

a. жатырдың кілегейлі қабығының эпителиімен байланысады

b. жатырдың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасына енеді

c.ана қанына толы шұнқырларда орналасады

d.хорионның үстінде орналасады

e.қан тамырларының эндотелиімен байланысады

3-84.Мына ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы нәрестені планцентамен байланыстырады?

a.сары уыз қабы

b.амнион

c.аллантоис

d.кіндік

e.біріншілік хорион

3-85.Аталған қызметтердің қайсысы кіндік жібіне тән?

a.қорғаныс

b.қан түзу

c.эндокринді

d.иммунді

e.тасымалдау

3-86.Кіндіктің негізін түзетін қай тін?

a.борпылдақ дәнекер тіні

b.май тіні

c.шеміршек тіні

d.ретикулярлы тін

e.кілегейлі тін