- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •________Таубаева р.С.
- •Кредит саны: 2
- •Оқытушының аты-жөні: Шолпанқұлова Гаухар
- •Тараз 2015 ж
- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •2. Білім мен біліктілік талаптары
- •2.1. Студент танысуы қажет :
- •2.2.Студент білу тисті:
- •2.3.Студент жасай білу қажет:
- •2.4. Пәннің пререквизиті мен постреквизиті
- •2.5.1. Лекцияның календарлық тақырыптық жоспары
- •2.5.3. Зертханалық сабақтардың календарлық тақырыптық жоспары.
- •2.5.4. Студентдің сөж тапсырма тізімі.
- •Коллоквиум сұрақтары
- •1 Рубеждік сұрақтар
- •2 Рубеждік сұрақтар
- •Реферат тақырыптары
- •3. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.
- •3.1.Негізгі әдебиеттер
- •3.2. Қосымша әдебиеттер
- •4. Сөж түрлері және студентлердің білімін бағалау критерилері:
- •Курс компоненттеріне қойылатын талаптар
- •Курс компаненттері
- •Баға қою саясаты
- •Білімді тексеру кестесі
- •5. Курстың саясаты
- •6. Академиялық тәртіп пен этика саясаты.
Курс компоненттеріне қойылатын талаптар
Студентлер пәнді ынтамен әрі қызықты оқу тиісті. Сіздерге талқыланатын тақырып материалы алдын ала беріледі.
Берілген тақырып материалынан басқа қосымша әдебиеттерден де іздестіру керек. Берілген лекция материалын оқып болған соң, қысқаша конспект және тезис құру керек, оны оқытушы тексеріп балл қояды.
Рефераттардың тақырыптарымен танысып болған соң міндетті түрде өтілген тақырып бойынша реферат жазу тиіс.
Студентлердің қызығушылығы мен ынтасы сабақ кезінде қалыптасады. Сондықтан сабақ барысында сабаққа белсенді қатысқан студентлерге жоғарғы балл қойылады.
Сонымен қатар студентлер өзіне қызықтыратын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады, яғни зерт сабақтарда немесе ғылыми зерттеу орындарында жүзеге асыруға болады. Келешекте сол тақырып бойынша курстық жұмыс немесе диплом жұмыстарын жазуға болады.
Курс компаненттері
Үй тапсырмасы (ҮТ). Тапсырма зерт жұмыстарда беріледі. Әрбір ҮТ нөмірленеді және тақырыбы болады. ҮТ тапсырмасы альбом дәптерге орындалады. ҮТ төмендегідей тәртіппен орындалады: дәптерге ҮТ нөмірі көрсетіледі, тақырыбы жазылып сосын жауап жазылып, сурет салынады. ҮТ сіздер келесі зерт сабақ басталғанша тапсыру керек.
Дискуссия. Студент сабаққа толық даярланады, алдын-ала өз пікірін білдіруге болады. Сабақ үстінде белсенді қатысу аттестация кезінде ескеріледі.
Зерт жұмыстар. Лекция бойынша өткізілген тақырыптарға байланысты зерт жұмыстар жүргізіледі. Зерт жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары кафедрада бекітілген, сол бойынша тақырыптарға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Студентлердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ). Берілген тақырыптарта курстық жұмысты орындау. СӨЖ А4 форматта орындалады. Сіздер баяндаманы даярлап, оны дер кезінде қорғауларыңыз қажет. СӨЖ тақырыптары 1-ші аптада беріледі. Егер студент СӨЖ-ді орындамаса онда төмендегідей қатаң шаралар салынады:
1. Тапсырма өз уақытында орындалмаса минус 10 балл
2. Егер мүлдем орындалмаса -0 балл қойылады.
Коллоквиум. Сіздер аралық бақылауға даярлануларыңыз қажет. Ол бір апта бұрын ескертіледі. Аралық бақылау сұрақтары өткен бүкіл тақырыптарды қамтиды. Рубеждік бақылау 7-ші және 14-ші аптадан соң болады.
Қорытынды бағалау. Қорытынды бағалау емтихан түрінде өтеді. Ол бүкіл пән бойынша бағаның 40% тең. Емтихан тестілік әдіспен өтеді.
Баға қою саясаты
Баға қою саясаты объективтілік, тазалық, жоғары дифференциалды икемділік принціпіне негізделуі керек. Несиелік жүйе шартында оқитындар үшін оқушыларды бағалауда балл-рейтингтік жүйе қолданылады, онда білімгерлердің білімі келесі бақылау түрлерінің нәтижесі бойынша бағаланады:
ағымдық баға 5 өзіндік шығармашылық жазбаша жұмыс пен СОӨЖ алынған бағадан құралады;
рубеждік бақылау деканат графигі бойынша жүргізіледі;
аралық бақылау академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі.
Бақылау түрлері бойынша рейтенгтік балдарды бөлу
№ д/п |
Бақылау түрлері |
Балл |
1. |
Аралық бақылау |
100 |
2. |
Рубеждік бақылау |
200 |
3. |
Ағымдық бақылау |
1500 |
Білімгердің білімін бақылау:
Оқытушы сіздердің білімдеріңізді тесттермен, сонымен қатар алдын-ала ескертусіз мини-интервью, мини-викториналар түрінде тексере алады, бақылау түрлері бойынша алынған баға қорытынды бағаға қосылады. Сондай-ақ, оқытушы кез-келген сіздің СОӨЖ жұмысыңызды бағалайды.
Білімгердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Барлық рейтингтік, индивидуалдық, рефераттық және т.б.с.с тапсырмалар белгілі бір график уақытына сәйкес тапсырылуы керек. Білімгер СОӨЖ сабағында өзінің білімін кез-келген түрде көрсете алуы қажет: сөз сөйлеу, қосымша, басқа білімгерлермен орындалған тапсырмалар немесе жауаптарды рецензирлеу.
Оқытушы келесі штрафтық санкцияларды пайдалана алады:
- конспектісі болмаса 10 балын алып тастайды;
- оқытушы берген тапсырманы уақытынан кешіктіріп тапсырса 10 балын алып тастайды.
Білімгерді мадақтау
Сабақтың тақырыбы бойынша өз бетінше материал тапса, қызықты ғылыми мәліметті өз бетінше дайындаса және ең жақсы баяндамаға, рефератқа, ауызша жауапқа т.б.с.с. 10 балл қосылады.
Білімгердің барлық сабақтардағы белсенді жұмысы үшін 20 балл қосылады.
Үй жұмысын дәл уақытында тапсырған алғашқы 5 білімгерге 10 балл қосылады.
СӨЖ дайындауға қойылатын талаптар
Бір семестрде білімгерге 8 СӨЖ тапсырмасын орындау ұсынылады. Әр қайсысына білімгер 100 балл алады. Осылайша, СӨЖ-дің қорытынды бағасы 0 - ден 800 балды құрайды.
Рубеждік бақылауға қойылатын талаптар
Осы курс бойынша 2 рубеждік бақылау қарастырылған. Олардың біріншісі-ауызша коллоквиум түрінде, екіншісі-жазбаша бақылау жұмысы түрінде өтеді.
Әрбір рубеждік бақылау 100 балмен бағаланады. Қорытынды баға 0-ден 200 балл аралығын құрайды.
Аралық аттестацияға қойылатын талаптар
Аралық аттестация емтихан түрінде жүреді, жалпы бағасы 40 %-ды құрайды. Емтихан тест түрінде жүреді, онда барлық өтілген материал қамтылады.
Білімгер емтиханда курс бағдарламасын пайдалана алады. Бірақ, оған глоссарий, анықтамаларды, шпаргалканы және т.б.с.с. пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер білімгерден шпаргалка табылса, ол емтиханнан шығарылып жіберіледі.
Курстың бағасы аралық және ағымды, қорытынды бақылау келесі категориямен анықталады:
№ |
Курс компоненттері және бақылау түрі |
Тапсырма саны |
Барлық бағалар% |
Жоғары балл |
1 |
Зерт жұмысты қорғау және орындау |
15 |
60 |
100*15=1500 |
2 |
СӨЖ (Реферат) тапсырмаларын орындау, қорғау |
8 |
32 |
100*8=800 |
3 |
Рубеждік бақылау (аттестация) |
2 |
8 |
100*2=200 |
4 |
Барлығы |
25 |
100% |
100*0,6=60 балл |
Барлық жұмыстарды бағалау тәртібі:
Балл білімді тексеру кестесі бойынша қойылады.
Егер студент семестр бойы бірде-бір сабақты жібермей, сабаққа белсенді қатысса 10 балл қосылады.
Егер студент сабақты себепсіз жіберсе, онда 50 балл алынады.
