Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-sem_B_KAZ_Toprak_biolog_dlyaprep_Sholpankulova.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 15-38/2-097

Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы

«Биология және БОӘ» кафедрасы

15 беттің 15 беті

СМЖ «Оқу-әдістемелік»

ҮК НҮ 07 - 2011

Баспа 1.Дана №1

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты

«Бекітемін»

Химия-биология

факультеті деканы

________Таубаева р.С.

_______ 2015ж.

ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Топырақ биологиясы

Мамандығы: Биология

Кафедра: Биология және БОӘ

Оқу жылы 2015-2016, семестр 7

Кредит саны: 2

Лекция: 15

Зертханалық сабақ: 15

ОСӨЖ: 30 сағат

СӨЖ: 30 сағат

Оқытушының аты-жөні: Шолпанқұлова Гаухар

E-mail: gauxar- mail.ru

Кесте: аптасына 2 рет

Консультация уақыты: кесте бойынша

Тараз 2015 ж

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің «Топырақ биологиясы» курсына арналған типтік бағдарламасы негізінде жасалынды.

Оқу жұмыс бағдарламасы «Биология және БОӘ» кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №__ «__»____2015 ж.

Кафедра меңгерушісі __________

Оқу жұмыс бағдарламасы жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу жұмыс бағдарламалары жөніндегі комитет кеңесінде бекітілді.

Хаттама №__ «__»___ 2015ж.

Комитет төрайымы__________________

Пәннің мақсаты мен міндеті

1.Пәнді оқытудың мақсаты: Топырақ биологиясы пәнін білу – болашақ биология мамандарының дүние танымын қалыптастыру үшін маңызды. Топырақ биологиясы кешенді ғылыми пән, оның негізін топырақтағы тірі организмдер тіршілігін, олардың өзара жоғары өсімдіктермен қатынасын зерттеу, тірі организмдердің топырақ құнаарлығының деңгейін арттырудағы және төмендетудегі ролін танып білу құрайды.

Топырақ биологиясы топырақ биотасы, биогенді элементтер және микроорганизмдер мен миркобиологиялық өзгерістер, топырақ құнарлылығы және топырақ түзілуін қалыптастыру фактурасы, экологиялық ұғымдардан тұрады.

Топырақ биологиясы топырақтағы тірі организмдер жүзеге асыратын процестердің мән-мағынасы туралы жан-жақты білім береді. Топырақ биологиясы – топырақ флорасы мен фаунасынында, оның ішінде топырақ микроорганизмдері топтарына, олардың топырақ қарашіріндісін түзудегі роліне назар аударып, олардың өсімдіктермен қарым-қатынасын зерттейді. Микроорганизмдер тіршілігінің байланысын бере отырып, топырақ организмдері тірішілігі қоршаған орта жағдайымен біртұтас экологиялық жүйе бірлігінде жүретінін дәлелдейді.

Пәнді оқытудың міндеті:

1.Студентлерге «Топырақ биологиясы» ғылымының негіздерін түсіндіру барысында топырақ биотасының құрылымдық ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері мен топырақ түзілудегі маңызымен таныстыру.

2.Топырақтағы зат және энергия айналымдарына тірі организмдердің қатысын қарастыру.

3.Топырақ биологиясы ғылымын жақсы меңгеру үшін топырақ биотасын ззерттеу әдістерін игеніп, арнайы құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуге машықтандыру.

4.Топырақ биологиясы пәнін оқыту барысында студентлердің танымдық белсенділігін дамыту.