- •Мемлекеттің пайда болуының, дамуыныц бірнеше турлері бар:
- •Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік құрылымынын нысаны және саяси режим.
- •Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары:
- •Құқық мазмұныныц негізгі элементтері:
- •Құқықтық нормалардың белгілері:
- •Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
- •5. Нормативтік-құкықтық кесім мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы карым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер аркылы реттеліп, басқарылады.
- •Норма шығармашылықтың кезеңдері:
- •Құқықты бұзушылықтың мазмұны төрт бөлімнен тұрады:
Норма шығармашылықтың кезеңдері:
1. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субьектілер әр мемлекеттің конституциясында көрсетіледі.
2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жасауға тапсырма береді.
3. Жобаны талқылау.
4. Жобаны парламентте талқылау.
5. Нормативтік кесімді қабылдау, бекіту.
6. Норманы жариялау.
Ел Президенті өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативтік жарлық шығарады. Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот да өз құзырларына жататын мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының министрліктері, Мемлекеттік комитеттер, жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттар және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттіктерінің ауқымында нормативтік-құқықтық кесімдер жасауға құқылы.
Құқық - қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жузеге асырудыц ерекше тәсілдері бар:
- құқықты сактау (мәні: тыйым салынған әрекетті жасаудан бас Тарту);
- құқықты орындау (мәні: жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау);
- құқықты пайдалану (мәні: түлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі);
- құқықты қолдану (мәні: бұл билік кызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады).
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:
істің нақтылы мән жайларын анықтау;
істің заңды негізін анықтау;
құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;
шешімді жүзеге асыру.
Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін, және де баска себептермен бір-бірімен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.
Осылардың ішіндегі құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқықнегізіндегі қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір-бірімен байланысты үш негіз болуы керек:
1) құқық нормасы; 2) субъективтік құқықтар мен міндеттер; 3) заңға негізделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жігіт достасып жүреді. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негізінде жүріп жатады. Ал, екеуі заңды некеге тұрғаннан кейін, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттік органға барып тіркелуі, заңға негізделген айғаққа айналады.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады. субъект, объект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастардың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, баска елдердің азаматтары сондай-ак азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып үғынылады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілет - құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.
Әрекеттілік - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат -мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтык және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.
2. Кұқықтық қатынастың объектісі (заты) -қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық,әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтык, кылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылыктың өнімдері,жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субьектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері -құқық қатынастарының обьектілері.
3. Субьективтік құқық - құқықтық катынастардағы субьектілердің екі жақты мүдде-максаттарының орындалуы. Субьективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; үшінші - көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субьектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.
4. Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субьектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субьектілердің міндеттері бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара колданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Заңға негізделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруімен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тіршілік жағдайлары. Олардың түрлері: оқиғалар және әрекеттер.
Оқиғалар - адамдардың ерік-ыктиярынсыз пайда болады. Мысалы, адам өлімі мұрагерлік құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
Әрекеттер - адамдардың ерік-ықтиярымен пайда болатын заңға негізделген айғактар. Олар құқыкқа сай (заңды әрекет) және кұқыққа карсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлінеді.
Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетін, субьектілердің құқықтары және міндеттерімен қабысатын мінез-құлық. Заңды әрекет үш топқа бөлінуі мүмкін: жекелеген әрекет; заңды қылык; заңда көрсетілген нәтиже тудыратын, әлеуметтік мәні бар заңды әрекет.
Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтік құқықтарға нұқсан келтіреді, адамдарға жүктелген міндеттерге сәйкес келмейді.
Жоғарыда айтылғандай, қоғамдык мүдде мен максатты дамыту, нығайту үшін мемлекет пен кұкық көп жұмыс атқарады. Халықтың басым көпшілігі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтауға, нығайтуға көп үлес қосады. Өкінішке орай, сол қоғамдық мүдде-мақсаттарды қорғайтын толып жатқан нормативтік кесімдерді дұрыс орындамай, кұқықтық тәртіпті бұзатындар да жеткілікті. Сондықтан олармен мемлекет ылғи да қатаң күрес жүргізіп отырады.
Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:
нормативтік актілерді дүрыс орындамау;
қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-әрекет;
қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.
Құқықты бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жағы - нормативтік кесімге келетін карсы - іс-әрекет және оның зияны; теріс қылык пен зияннын арасьшдағы байланыс.
Субъективтік жағы - теріс қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі болуы.
