Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекет пен құқық теориясының негіздері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.74 Кб
Скачать

Құқық мазмұныныц негізгі элементтері:

қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;

қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

коғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;

мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеті, басқару;

- халыкаралык қатынастарды реттеп, басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады; біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер аркылы қогамдық қатынастардын байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқыктың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы карым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық катынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-катынасын реттеп, басқарып отырады,

Құқықтық нормалардың белгілері:

1. Норма мемлекеттік органнын қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

 

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші ба­бында толық көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардын міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтык кодексінің 482 бабы). Диспозицияның үш түрі болдады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аякталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстін 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет кандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияпың турлері: абсолютmi анық, баламалы, салыстырмалы.