Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Процесстер мен аппараттар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.15 Mб
Скачать

Материалдарды бөлшектеу процесіне әсер ететін көрсеткіштер

Материалдарды ұсақтау процесі материалдардың бөлшектін өлшемдеріне түйіршіктер құрамына бөлшектенетін материалдардың физ –механиканың қасиеттеріне , материалдардың беріктігіне , атауларына ылғалдылығына тұтқырлығына және бөлшектегіш машиналардың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты күрделі процесс. Зерттеулер мен тәжірибелер негізінде материал ұсаұтаудың энергиялық шығынын түсіндіретін және есептейтін бірнеше формула шығарылған

W- материалдарды ұсақтауға шығындалған жұмыс немесе энергия

Материалдардың теориялық және нақты беріктігі

Материалдың теориялық беріктігі дегеніміз- мейлінше төменгі температурада ақаусыз материалға берілетін шектік қысым, қатты материалдың беріктігі материалды құрайтын атомдар мен иондардың өзара әсерлесу есептік күшімен анықталады.Қатты материалдар кристаллдық және аморфтық құрылымдардан тұрады. Төменде кейбір қатты материалдардың теориялық беріктік көрсеткіштері беріледі:

Мыс: 40000 МПа

Темір: 177500 МПа

Алмаз: 205000 МПа

Графит: 1430 МПа

Кремний: 32600 МПа

Силикат: 16300 МПа

?

Материалдың нақты беріктігі олардың кристаллдың торларындағы ақауларын мен жарықшақтардың түріне байланысты болады.Криссталда атомдардың өзара орналасуына байланысты туындайтын ақаулар – атомдық ақаулар деп аталады.Олардың үш түрі бар:

А)бос түйісті;

Б)түйістілердегі атом араласуынан пайда болатын;

В)кристалл торға басқа текті атомдардың немесе иондардың енуінен пайда болатын .

Бір өлшемді сызықтық ақауларға: а)қарапайым б) бұрандалы в) шеттік дислокация жатады

Ірі түйіршікті және ұсақ түйіршікті материалдарды електеу тәртібі

Қатты материалдардың кесек және ұсақ түйіршіктерге бөлініп сұрыпталуын електеу деп аталады. Електеудің екі негізгі тәсілі бар: ылғалды және құрғақ електеу. Материалдарды електеу кезінде олардың илекке таралуын және бөтектенуінің екі негізгі түрі бар

1) ұсақтан іріге қарай илектеу 2) іріден ұсаққа қарай илектеу 3) аралас түрде илектену

Електеу процесінің түрлері сызба суретте көрсетілген

Мысал ретінде құмды топырақтың електе таралу көрсеткіштері кестеде көрсетілген

Илек санылауының өлшемі

Қалдықтар %

жекеше

толық

2,5

1,25

0,63

0,315

0,14

8

15

42

22

13

8

23

65

87

100

Материал бөлшектерінің електен өту жылдамдығы келесі формуламен есептеледі

V= (D-0,5d)/t

D- елек саңылауының диаметрі

d- материал түйіршігінің диаметрі

Електен өткен материалдардың диаметрі келесі формуламен есептеледі

dcp=(m1*d1+m2*d2+m3*d3+mn*dn)/(m1+m2+m3+mn)

r- електе жиналатын қалдықтардың меншікті салмағы

d- бөлшектер диаметрі

Ірілік өлшеміне байланысты тас материалдардың атаулары: а) d≥150мм-кесек тас, б) 5≤d≤70мм- қиыршық тас в) 0,014≤d≤5мм- құм(ұсақ)

Бақылау сұрақтары

  1. Ұсақталу процесіне әсер ететін көрсеткіштер

  2. Ұсақтану кезіндегі энергия шығының анықтайтын формула

  3. Қатты материалдың кристалл және аморфтың құрылымы

  4. Қатты материалдың теориялық беріктігі

  5. Кейбір қатты материалдың теориялық беріктік көрсеткіш

  6. Ірі және түйіршікті материалдарды илектеу және жүктеу

  7. Електеу процесінің түрлері

  8. Негізгі механикалық илектегіш түрлері,олардың сұлбалары

  9. Кристаллдардағы нүктелік ақаулар

  10. Нүктелік ақаулар түрлері

  11. Материалдың илектен өту жылдамдықтың формуласы

  12. Бөлшектенген материалдың ірілік бойынша атаулары

  13. Негізгі араластырғыштардың түрлері,сұлбалары