- •5В07300 - «Құрылыс материалдары , бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған дәрістердің тірек конспектісі
- •Дәрістердің тірек конспектісі
- •Әк төрағасы _________________ Жукенова г.А.
- •Кіріспе.Процестердің негізгі түрлері. Процестерді зерттеу талдаудың негізгі принциптері.
- •Негізгі процесстердің түрлері.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Механикалық процесстер
- •Құрылыс материалдарына арналған уатқыш маштналар және диірмендердің түрлері
- •Електеуіш қондырғылар мен аппараттар
- •Құрылыс материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі араластырғыштардың түрлері
- •Материалдарды бөлшектеу процесіне әсер ететін көрсеткіштер
- •Материалдардың теориялық және нақты беріктігі
Дәрістердің тірек конспектісі |
|
Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/30 |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Құрылыс материалдарын бұйымдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы
«Процесстер мен аппараттар » пәні бойынша
5В07300 - «Құрылыс материалдары , бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған дәрістердің тірек конспектісі
Павлодар
Әдістемелік нұсқаулықты бекіту парағы |
|
Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/30 |
БЕКІТЕМІН
____________СҚФ деканы
Кудерин М.К.
20_ж «___»_____________.
Құрастырған: аға оқытушы _________ Шайхислам Такібайұлы
«Құрылыс материалдарын бұйымдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы
«Процесстер мен аппараттар » пәні бойынша
5В07300 - «Құрылыс материалдары , бұйымдары және конструкцияларын өндір» мамандығының студенттеріне арналған
Дәрістердің тірек конспектісі
Кафедра отырысында ұсынылған
20__ж «_____»______________, №__хаттама
Кафедра меңгерушісі____________________ Станевич В.Т.
ӘК құпталған
20__ж. «____»______________, №__хаттама
Әк төрағасы _________________ Жукенова г.А.
Дәріс
Кіріспе.Процестердің негізгі түрлері. Процестерді зерттеу талдаудың негізгі принциптері.
Оқулықтар: Еремин И.Ф.Процессы и аппараты в технологий стройтельных материалов. -М.:Высшая школа, 1981.-280с.
Д.А.Баранов,А.М.Кутепов.Процессы и аппараты.-М.: «Академия»,2005.-304с
Бұл пән элементар процесстердің теориялық негіздері және технологиялық процесстердің жекелеген кезеңдерінің немесе сатыларының (стадия) жалпы жүрілу заңдылықтарын үйретеді.
Процесс сөзінің мәні қандай да бір құбылыстың жұмыстың жүріліуі немесе өтуі деген мағынаны білдіреді.
Технология- бұл қандай бір істі орындау реттілігі немесе тәртібі деген мағынаны береді. Құрылыс өндірісінің процесстері түрлі шикізаттардан қондырғылар мен аппараттарды қолданып, құрылыс материалдарын өндіру,өңдеу технологиясы жөніндегі ғылым. Бұл пәнді оқыған студенттер механика, гидродинамика, термоднамика т.б. негізгі техникалық процесстер жөніндегі үлкен иженерлік білім алады. Процесс ұғымын нақтылау үшін, құрылыс материалдарын өндіру процессінің негізгі сұлбасына мысал келтірейік. Мұнда жұмыс процесстері басынан аяғына дейін белгіленген реттілікпен жүргізілгені көрсетілген.
Қажетті материалдарды дайындау(шикізаттарды дайындау)
Оларды бөлшектеу және ұсақтау
Оларды мөлшерлеу және араластыру
Материалдарды пішіндеу
Кептіру
Күйдіру немесе қыздыру
Салқындату
Дайын өнім.
Негізгі процесстердің түрлері.
Құрылыс материалдарының технологиялық процесстері, негізгі заңдылықтарға тәуелді жүру жылдамдықтарына байланысты төмендегі топтарға бөлінеді:
Механикалық процесстер – қатты денелердің механика заңдары бойынша жүрілетін әсерлесулер. Механикалық процесстерге қатты компоненттердің бөлшектенуі, ұсақталуы,
сұрыпталуы, өзара араласуы және тасымалдануы жатады.
Гидромеханикалық процесстер- сұйықтар мен газдардың қозғалыс заңдары бойынша анықталады. Мысалы, сұйық ішіндегі бөлшектердің орын ауыстыруы және ауырлық күші әсеріне шегуі. Сонымен қатар араластыру кезіндегі сұйықтардағы бөлшектердің қозғалу заңына жатады.
Массаалмасу процессі- бұл механикалық және гидромеханикалық және жылупроцесстері кезінде материалдың массасын өзгеріске ұшырауы.
Жылупроцесстері жылу бөлу заңдылықтары бойынша жүріледі.
