Ұлпа қабынуы
1.Тісінде өз бетімен пайда болатын қайта-қайта қозбалы ауру сезімі 10-15 мин дейін созылып барып, біраз уақытқа /2-3сағ дейін/ толастайды. Ауру сезімі түнде жиі мазалайды, ал әртүрлі тітіркендіруші ықпалдар кезексіз және біраз уақытқа созылатын ауру сезімін туындатады. Келтірілген шағымдар ұлпа қабынуының қай түріне неғұрлым тән:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В.Ұлпаның жедел жартылай қабынуы
Г. Ұлпаның жарақаттана қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
2. Тісті өз бетімен пайда болатын, жан-жаққа таралатын, ұзаққа созылатын /1-2 сағ-қа/ қозбалы ауру сезімі аз уақытқа ғана /10-15 мин-ке/ саябырлайды. Сондықтан науқас сырқат тісін көрсете алмайды. Ауру сезімі түн кезінде қатты күшейеді, әртүрлі тітіркендіруші әсерлерден ауру сезімі күшейе түседі. Бұл шағымдар қандай ауруға неғұрлым тән:
А. Ұлпаның іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
3. Тісте өз бетімен толассыз солқылдап, толассыз мазалайтын және жан-жаққа таралатын суық су әсерінен ауру сезімі аздап басылғандай болады. Бұл субъективтік белгілер қандай ауруға неғұрлым тән:
А.Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
-4. Тісте терең тіс жегі қуысы анықталды, сауыт қуысымен байланыспайды. Сүңгілеп тексерген ұлпа мүйізшелері проекциясы аймағында ауру сезімі анықталды. Суық сумен әсер еткенде біраз уақытқа созылатын ауру сезімі пайда болады . Тістің электр қозғыштығы 30 мка тең. Төменде келтірілген аурулардың қайсысы аталған белгілерге неғұрлым сайкес келеді:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
-5. Сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысымен байланыспаған. Сүңгілеп тексергенде қуыстың сезімі бар тістің электр қозғыштығы 40 мка, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Келтірілген объективтік белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
-6. Сырқат тісте терең тісжегі қуысы бар.Сауыт қуысы ашылмаған. Қуыстың табанын сүңгілеп байқағанда онша ауырмайды, бірақ ұлпа мүйізшесі аймағында жұмсарған дентин оңай тесіліп , қанды-іріңді жалқық шықты. Және ауру сезімі басылғандай болады.Қағып тексергенде аздаған ауру сезімі бар. Тістің электр қозғыштығы 50-80мка. Суық су әсерінен ауру сезімі жеңілдегендей болады. Келтірілген клиникалық белгілер тқменде аталған аурулар диагнозының қайсысына НЕҒҰРЛЫМ САЙ КЕЛЕДІ:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
7. Қатты соғып алу әсерінен тіс сауыты сынған, ашылған сауыт ұлпасы қызылтүсті, құрғақ мақта анжы жанасып кетіп еді, қатты ауру сезімі пайда болды. Қағып тексергенде аздаған ауру сезімі бар. Келтірілген объективтік белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
8. Ұлпаның негізгі затында көптеген микроорганизмдер орын алған, клеткалар органойдтары еркін жатыр, нейтрофильдік лейкоциттер. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобластар біраз жерде жойылған. Сақталғандары жасушаішілік дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
9. Ұлпа тінінде талшықты құрылымдардың көбейіп клеткалық құрылымдардың , олардың ішінде дентинобластардың азайғаны орын алған: Қан тамырлары тарылып, ұлпа петрификаттануға ұшыраған, ұсақ микроабцестер төңірегінде грануляциялық жас дәнекер тін өсіп, фиброзды қабықпен қоршала бастаған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
В. Ұлпаның жедел жартылай қабынуы
Г. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
10. Ұлпа тіні қызара /гипермиялана / домбыққан, лейкоциттердің жиектей орналасуы және ұсақ қан құйылу ошақтары байқалады. Қабыну ошағында лейкоциттер мен домалақ клеткалардың шағын шоғырлары орын алған. Дентиноблатар қабатында жасушааралық және жасушаішілік домбығу митохондриялардың ісінуі байқалады. Бұл өзгерістер сауыт қлпасы аймағында орналасқан. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
11. Ұлпа тінінде микроорганизмдерге бай белгілі бір құрылымсыз аймақтар орын алған, май қышқылдары , кристалдары, қан пигменттері кездеседі. Құрылымы сақталған ұлпа тіні демаркациялық білікпен оқшауланған. Білік аймағында серрозды қабыну белгілері және грануляциялық тіннің өсуі байқалады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:
А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
В. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Г. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
12. Тіс ұлпасында жасушаларға дамып жетілмеген талшықты құрылымдарға бай жас грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылым байқалады. Біртіндеп оның бетін эпителилі құрылым жауып, белгілі бір пішінге ие болады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:
А. +Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
В. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
13. Ұлпаның жартылай жедел қабынуын қандай аурулардан ажырата білу керек:
А. Ұлпаның толық жедел қабынуы
Б. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
В. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
Г. Қарқынды дамыған терең тісжегі
Д. Үштік нерв невралгиясы
14. Ұлпаның толық жедел қабынуын қандай аурудан ажырата білу керек:
А. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Б. Үшкіл нерв невралгиясы
В. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
Г. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
Д. Қарқынды дамыған терең тісжегі
15. Ұлпа қабынуының қандай түрінде түбір ұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тінінде рентгендік зерттеу арқылы анықталуы мүмкін өзгерістер орын алуы мүмкін:
А. Ұлпаның толық жедел қабынуы
Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
Г. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
