Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_370047952657317893.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.59 Mб
Скачать

Дәрігердщ коммуникативтік компетенттілігш төмендететін психологиялың ерекшеліктер

Дәрігердің кәсіби әрекеті, терапевтік шараларының стратегиясы мен тактикасының кұрылуымен байланысты болады, яғни ауыр халдегі науқастың дертінің болжамын, аурудың даму ерекшелігің, оның түрлерін, асқынуларын, фармакологиялық емдеудін салдарын білуі керек. Осыған байланысты дәрігердің өз басында мазасыздану, қапалану, қобалжу сияқты эмоциялық жағдайдың болуы, дәрігер тарапынан науқастың эмоцияларын, ойларын болжау мүмкіндігіне әсер етеді. Дәрігердің коммуникативтік білгерлігін, оның кейбір тұлғалық психологиялық ерекшеліктері (урейлену, депрессия, интраверсия) төмендетіп, дұрыс арақатынасқа қиыншылықтар тудырады.

Үрейлену дәрігердің белгісіздікке бағытталған эмоциялык реакциясының жеңіл түрі, мүмкін болатын қауіп туралы сигнал беруі, ол бұл жерде адаптивті (қорғаныс) функцияяы атқарады. Үрейлену эмоциясы кезінде, адаптивті - компенсаторлық және қорғаныш механизмдерінің әсерінен адамның күш жігері, мүмкін болатын қауіпке, нақтылы түрде карсы түрады. Үрейленуден туатын мазасыздаиу, қобалжу арқылы - дәрігер пациенттің жағдайының өзгеруін анық сезуге тырысады. Қобалжу - науқастың дертінің ағымы бойынша болашаққа қарай бағытталған болжауы және бәлкім болатын сәтсіздіктерді күтуі себебінен туған дәрігер эмоциясының көрінісі. Қобалжу эмоциясы белгісіздік және үміт ету ситуациялары кезінде пайда болады. Үрейлену эмоциясының қарқынды (қорқу, байбаламдық) болуы, дезорганизация және бұзу функциясын да атқарады. Қарқынды қобалжу, ситуацияның тиісті түрде бағалауына, оның даму түрлерін анықтауға және осы жагдайда дұрыс шешім қабылдауга бөгет келтіреді. Дәрігерде қорқу және байбаламдық сезімі болуы, бұл оның науқаспен коммуникациясы тоқтауымен, олардың арасындагы психологиялық жанасудың бұзылуымен пара-пар.

Дәрігердің қобалжуы пациентке де беріледі және оны қосымша дезорганизациялайды. Қобалжу ыкпалымен, ағзаныц әртүрлі функцияларының бұзылуы, мысалы ұйқысы бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе оның жоғарылауы, яғни кейбір науқастарда қобалжу кезінде булемия байқалады. Қобалжу сезімінің жоғарылауы, көптеген науқастарда, әртүрлі аурулармен сырқаттанғанының көрінісін береді. Бұл кезде науқас өзінің жағдайына күдіктенеді, сауығуына сенімін жоғалтады.

Дәрігердің депрессивті көңіл-күйі оның өткен шақтағы уайымымен байланысты, дәрігердің болып кеткен конфликтері, психотравмалық жағдайлары есіне жиі келгендіктен, науқаспен психологиялық жанасуы қиындайды. Депрессиялык жағдайдағы дәрігердіц науқаспен әрекеттесуінде ол әмоциональды қолдауды керекті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды.

«Дәрігер-науқас» қатынасының сенімді кұрылуына қиындық әкелетін тағы бір психологиялық сииаттама ~ дәрігердің терең интроверттілігі. Интраверсим бұл термин, субъектінің өз-өзіне қарай бағытталуын анықтайды, өзінің сезімдеріне, уайымдауына, тану конструкция сына шектен тыс назар аударуын білдіреді. Интровертті дәрігер өз психологиялық дүниесіне енген, өзімен, өзінің сезімімен, ойымен айналысқан адам, сондықтан онын науқас адамдарға ынтасы, кызығушылығы төмен болады.

Дәрігер, диссонанс мәселесімен де кездесуі мүмкін. Диссонанс сұхбаттасу кезінде науқас адамның психикалық белсенділі тежеліп, сұхбаттасу алаңынан алшақтап кетеді де, ішкі психологиялың факторлардың күшеюінің алаңы пайда болып, «дәрігер - науқас» жүйесіндегі нәтижелі қарым-қатынас жолында бөгет құрайды.

Дәрігердің коммуникативтік білгерлігін құрайтын психоло­гиялык сипаттамалар - оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, карым-қатынасты дамытуы, науқастың туыстарымен, басқа да адамдармен әрекеттесуі, түрлі әлеуметтік ситуацияда араласуы, тәжірибе жинастыруы, түрлі әрекет жасауы негізінде құралады. Бұл арқылы дәрігер тұлғасының қалыптасқан психологиялық ерекшеліктері негізінде әрекеттесу, оның коммуникативтік білгерлігін дамытады.

Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде дәрігер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы жатады: басқа адамдармен бірге болу ынтасы, бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршағандармен жақсы көңіл-күйде әрекет жасауы, тұлғааралық қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және араласудың өршігуі кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр жақты тыныштандыру, оқиғаға дұрыс және дәл баға беру.

Аффилиация. Дәрігер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ьшталануы. Адамға басқа адамдардың кажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация - сенім және жақындасу сезімі, ал сырттай — көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Дәрігер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті дәрігерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтандырып, қорғайды.

Әмоциональды тұрақтылық. Дәрігердің коммуникативтік білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама — бұл көңіл-күйінің тұрақтылығы (әмоциональды тұрақтылық) -дәрігердің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, әмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылауы. Әмоциональді тұрақтылық, дәрігерге аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті әмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше, дәрігердің көңіл-күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, әмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарым-қатынас құруға ыкпал етеді. Науқастанған адамның қобалжуына байланысты, әмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркенгіш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар дәрігердің сенімділік туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.

Емдеу шараларының нәтижесіне жету үшін, дәрігер пациентпен тиісті психологиялық жанасу құруында түрлі әдістемелерді игеріп, біліп қолданады.

«Дәрігер - науқас» жүйесіндегі тұлғааралык қабылдау механизміне келесілер жатады:

• проекциялау (науқастың бұрын кездескен ұлағатты адамдармен қарым-қатынас тәжірибесін қазіргі сұхбаттасқан адамына- дәрігерге жатқызуы, балауы);

• децентрация (науқастың өз көзқарасынан алшақтап, басқа адамның - дәрігердің көзқарасын қабылдауы);

• стереотипизация (жеке тұлғаның касиеттерін, мінез-құлқын бір әлеуметтік категорияға жатқызу).

Қатынасу процесінде, дәрігер өзін науқас адаммен салыстырып, ол арқылы өз-өзін сезініп, оның көзқарасы, пікірі бойынша, өз-өзін сипаттайды. Адам өзін-өзі басқалар арқылы түсініп, сезінуінің келесі түрлері анықталған.

Идентификация - ұғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өз-өзін сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой - пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. Әдетте, сұхбатқа қатынасушы дәрігер мен науқас өзара әрекет жасап, бір-бірінің ойын білу үшін өзін оның орнына койып, сезіну арқылы басқаларды түсінуге тырысады. Сонымен, идентификация дегеніміз - қатынасушы адамды, яғни науқасты дәрігер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану.

Рефлексия - қатынасушы дәрігерде «науқас мені кандай турде сезініп таниды, түсінеді» - деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс - әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір-біріне көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсіп, өзіне жорамалдайды.

Эмпатия - науқастың уайымын әмоциональды турде дәрігер өз басына ауыстырып, сезінуі, науқастың кайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың кайғысына психологиялық қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл - тиісті дәрежеде дәрігер-науқас коммуиикациясын камтамасыз ететін психологиялық кұбылыс. Эмпатия ұғымында дәрігер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді. Эмпатия — идентификация механизмдеріне негізделеді, ол — науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Дәрігердің әмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы - ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға науқастың дәрігер білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық - емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі. Эмпапия - дәрігердің интеллектуалдық деңгейіне негізделеді және бұл тәсілді қолданғанда, интуиция негізінде басқа адам туралы көріністі болжауға мүмкін болады. Дәрігердің эмпатиялық қасиеті, әсіресе науқастың шағымдары, дерттің объективтік клиникалық көрінісіне сәйкес болмаған жағдайларда (агравация, диссимуляция) пайдалы болады.

Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық сипаттамасы - сенситивтілік. Сенситивтілік - коршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, дәрігер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі, ол дәрігердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл - дәрігер жұмысының сапасын адасеретуі мүмкін.Ол дәрігергеде психикалық әсер етеді, әмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін.

Дәрігердің коммуникативтік білгерлігін құру. Дәрігердің коммуникативтік білгерлігі - бұл өнер, аурулармен араласып, қарым-қатынас жасау икемділігі. Бұл өнер - студент медицина институтында оқып жүрген кезден калыптаса бастап, кейін өз бетімен мамандық қарым-қатынас жасағанда әрі қарай дамиды. Әсіресе түрлі ауру адамдармен қатынасу жасағаңда, дәрігердің білгерлік тәжірибесі өсе түседі психологиялық қасиеті әртүрлі, әр жастағы, әр білімді, әр мамандықтағы және әлеуметтік жағдайы әрқандай адамдармен араласу дәрігер тәжірибесін толықтыра түседі.

Үйренудің бастапқы кезінде аурулармен қарым-қатынас құра, жас дәрігер көбінесе санасыз түрде, ұстаз-дәрігерлердің мәнерін өзіне көшіріп, олардың қарым-катынас жасау тәжірибесін, әсіресе вербальды емес әдістерін (жесттер, мимикасын, позаларын), олардың сөздерін, фразаларын қайталайды. Мамандық қатынасуда тәжірибе жинастырып, жас дәрігер енді саналы түрде, аурулармен қатынасуды жеңілдететін, түрлі психологиялық дағдыларды қолдана бастайды. Дәрігердің тәжірибесі неғұрлым көп болса, соғұрлым ол диагностикалық-терапевтік үрдістің психологиялық жақтарына көп назар аударып, дәрігерлік коммуникативтік білгерлігін жетілдіріп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]