Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз стоматология 2014-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
440.83 Кб
Скачать

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе.

Құқық негіздері – бұл мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, саяси және құқықтық қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстары жөніндегі білімнің бір саласы. Құқық туралы білім беру жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларымен таныстыратын кешенді оқу пәні.

2.2. Пәннің мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге заң саласындағы негізгі теориялық ережелерді үйрету, заңмен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс жүзінде туындаған жағдайлар барысында жөн тауып алған білімдерін іске асыруды үйрету.

Барлық мамандықтағы дәрігерлердің жұмысы құқық негіздерін білуді талап етеді. Әрбір дәрігер құқықтық тұрғыдан мәселелерді дұрыс шешуге дайын болуы қажет. Жұмыс барысында медициналық құжаттарды заң жүзінде дәрігердің өзі рәсімдеу қажеттілігі жиі кездесіп тұрады.

2.3.Оқыту мақсаттары:

- студенттердің құқықтық мәдениетін дамыту;

- құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына қатысты мәдени-құндылықты қалыптастыру;

- құқықтық жағдайлар туындағанда теориялық талдау жасай білу қабілеттілігін дамыту;

- қағидалардың анықтамаларын білу және зерделеу;

- категориялар мен түсініктерді меңгерту;

- құқық саласының әртурлі нормаларын қолданып, талқылау дағдыларын қалыптастыру;

- студенттерге құқықтық мәдениеттің құрылымы бойынша бағдар беру;

- ҚР Конституциясында қарастырылған құқықтары мен міндеттерін үйрету;

- ҚР азаматтары мен болашақ мамандардың құқықтық тәрбиесі мен құқықтық санасының ролі мен маңызын оқу барысында қарастыру;

Студент білуі қажет:

- кәсіби мамандық жүйесіндегі тәртіптің орны мен рөлін;

- мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен алған білімінің маңыздылығы туралы.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

А. Студент білуі және түсінуі қажет:

1. Жеке тұлғаның құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарды.

2. ҚР Конституциясы бойынша азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін.

3. Құқықтық терминологияны.

В. Студент өзінің білгенін және түсінгенін қолдануы қажет:

1. ҚР Конституциясының нормаларын, азаматтық, отбасы, еңбек құқығының нормаларын.

2. Құқықтық қатынастардың түрлерін және құқықтың жеке салаларын қолдану аясын анықтау.

3. Заңды жауапкершіліктің түрлерін білуіне байланысты жағдайлық есептерді сауатты шешу.

4. Берілген тақырып бойынша презентацияларды сауатты құрастыру.

D. Студент коммуникативті дағдылармен иемдену қажет:

1. Пән аралық топтарында жұмыс істеу білу.

2. Озінің зерттеулерін немесе әдеби іздеулерінің қорытындыларын тәжірибелік сабақтарды ұсына білуі.

3. СӨЖ қорғауына шығармашылық әдістерді құрастыру.

4. Түрлі тапсырмаларды бірлесіп шешуге дағдылану (іскерлік ойын барысында, жұптасып жұмыс жасағанда, шағын топтарда).

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсетуі қажет:

1. Әдістемелік нұсқаулықтар бойынша өз бетінше дайындалу сұрақтарына дайындалып жауап беру.

2. Құқықтық жағдайларды талдай білу.

3. Құқық бұзушылықтың және оларға заңды жауапкершіліктің түрлерін талдай білу.

4. Тақырыптық глоссарийлерді құрастыра білу.

5. Кейс-стадияларды құрастыра білу.