Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӨШ билеттер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 8

  1. Эфир майларының физикалық көрсеткіштерін анықтау.

Эфир майлары түссіз немесе сарғыш, мөлдір сұйықтық, жиі қара қоңыр, қызыл, хлорофильдің болуына байланысты жасыл немесе көк, азуленнің болуына байланысты жасыл көк. Майларының өзіне тән ароматты иісі бар, дәмі ащы, күйдіргіш. Эфир майларының көпшілігі 1ден төмен тығыздыққа ие, кейбірі судан ауыр. Суда ерімейді, бірақ араластырғанда сол иіс пен дәмге ие болады. Көпшілігі спиртте ериді және хлороформмен барлық пропорцияда араласады. «Судан 3» реактиві майды қызыл сары түске бояйды.

  1. Итмұрын ДӨШ-нің сыртқы белгілері. «Итмұрын шәрбатына» сапалық көрсеткіштер.

Тұтас, гүлтабақшасынан тазаланған, жемістері әр түрлі формада кездеседі: шар тәрізді, жұмытртқа тәріздес. Жемістерінің ұз 0.7-3см, диаметрі 0.6-1.7см. Жемістің төбесінде бес бұрышты алаңдары бар. Жемістері етті. Кептірілген жемістерінің қабырғалары қатты, сынғыш, сыртқы беті жылтыр, кейде матовый, аздаған қыртыстары бар. Жемістерінің іштерінде ұзын талшықтары бар, сүйегі ұсақ. Түсі қызғылт сарыдан қүңгірт қызылға дейін. Сүйектері ашық сары кейде қоңыр. Иісі жоқ, дәмі қышқылдау тәтті.

Сапалық көрсеткіші. Бөгде қоспалар: жемісінен басқа бөліктері 2% аспау керек, қарайған, бұзылған, жанған жемістері 3% аспау керек, жетілмеген жемістері 5% аспау керек, органикалық қоспалар 0.5% аспау керек, минеральды қоспалар 0.5% аспау керек. Кептіргендегі масса шығыны 15% аспау керек. Микробиологиялық тазалығы, ауыр металдары, радионуклейдтері мемлекеттік орган талаптарына сай болуы керек.

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 9

  1. ДӨШ-тің ылғалдылығын фармакопеялық әдіспен анықтау.

ДӨШтің құрамында әдетте 10-14% гигроскопиялық су болады, егер құрамында ылғалдылығы жоғарыласа шикізаттың түсі өзгереді, иісі пайда болады, құрамында әсер етуші қоспалары бұзылады. ДӨШтің құрамында ылғалдылығын анықтайтын көптеген әдістер бар, әдетте айдау әдісі арқылы анықтайды, ол үшін арнайы приборлар жасалған. Мысалы, Дина және Старка приборы. Тағы химиялық әдістер қолданылады, оның ішінде Карл Фишердің әдісі танымал. Сонымен қатар, спектроскопиялық және электрометриялық әдістер және сәйкес құрал жабдықтар арқылы анықтайды. Ылғалдылық анықтаудың ең минимальді уақыт алатын спектроскопия әдісі.

  1. «Итмұрын шәрбатындағы» аскорбин қышқылын сапалық (хроматографиялық) анықтау.

Әдістеме. 0,5 г ұнтақталған шикізатты колбаға салады. 5 мл дистилденген су қосады, араластырады, 15 минут тұндырадыжәне фильтрлейді. Силикагель қабатымен қапталған пластинкадағы аскорбин қышқылы ерітіндісінің жанына капиллярмен фильтратты тамызады және хроматограмманы этилацетат-мұзды сірке қышқылы (8:2) еріткіштер жүйесі бар камераға салады. Хроматографиялаған соң пластинканы ауада сорғыш шкафта кептіреді (NB!). Хроматограмманы судағы 0,04 % натрий 2,6-дихлорфенолиндофенолят ерітіндісімен өңдейді.

Аскорбин қышқылы көк фонда ақ дақ түрінде көрінеді.

Хроматограмма сызбасы

Дақ

Rfшамасы

Дақтардың бояуы

1-фильтрат

2-аскорбин

2

Rf=а/в

Rf=а/10

Ак түсті көк фонда

Еріткіштер жүйесі:Этилацетат-мұзды сірке қышқ . (8:2)

Көрінуреактиві:0,04%-натрия 2,3-дихлор

Қорытынды: Аскорбин қышқ Тилмонс реактив/ң түсін жойып жібереді ж/е фильтр/та сондай әсер көрсетті;

Яғни фильтр/та акорбин қышқ.бар

1-объект. Итмұрын жемістері

1-тапсырма.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Латын тілінде

ДӨШ атауы

Итмұрын жемістері

ПЛОДЫ ШИПОВНИКА

FRUCTUS ROZAE

ДӨ атауы

шиповника майского

R. majalisHerrm.

Тұқым-дасы

Розоцвет тұқымдасы

сем.

розоцветных

Rosaceae

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.