Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӨШ билеттер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Құрамында флавоноид бар фитопрепараттарына сапалық реакциялар.

Цианидин реакциясы. 1 мл бөліндіге 2-3 тамшы концентрлі хлорсутек қышқылын және метады магнидің 1-2 түйірін қосады.

Бриант бойынша цианидин реакциясы. Цианидин реакциясының боялған өніміне көлем бойынша 1/3 бөлік октанол немесе бутанол қосады, қабаттар бөлінгенше сумен сұйылтады, сілкиді және пигменттердің сулы немесе органикалық фазаға өтуін белгілейді.

Сілтімен реакция. 1 мл бөліндіге 1-2 тамшы 10% калий немесе натрий гидроксидінің спиртті ерітіндісін қосады.

Алюминий хлоридімен реакция. 1 мл бөліндіге 1 мл 2% алюминий хлоридінің спиртті ерітіндісін қосады.

Темір (ІІІ) хлоридімен реакция. 1 мл бөліндіге 1-3 тамшы 1% темір хлоридінің спиртті ерітіндісін қосады.

Вильсон реакциясы. 2 мл бөліндіге 1 мл 2% бор қышқылы ерітіндісін және 1 мл 2% лимон (немесе қымыздық) қышқылының спиртті ерітіндісін қосады.

Концентрлі хлорсутек қышқылындағы ванилинмен реакция. 1 мл бөліндіге бірнеше тамшы 1% концентрленген хлорсутек қышқылындағы ванилин ерітіндісін қосады.

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 2

  1. Бүтін, кесілген және ұсақталған шикізаттың үгілгіштігін анықтау.

Шикізаттың аналитиакалық сынамасын саңылауларының өлшемі жеке бапта көрсетілген елекке салады және оның қосымша ұсақталмауын қадағалап елейді. Егер бир минут бойы қосымша елегенде електен өткен шикізат өлшемі елекке қалған шикізаттың бир пайыздан кем болса, онда ұсақталған бөлшектерді елеу аяқталды деп есептеледі. Тұтас шикізат үшін електен өткен бөлшектердің салмағын өлшейді және олардың аналитикалық сынамадағы пайыздық мөлшерін есептейді. Кесілген, ұсақталған, ұнтақ тәрізді шикізаттарды елегенде екі елек пайдаланылады. Шикізаттың талданатын сынамасын жоғарғы елекке салады және елейді. Содан соң жоғарғы елекке қалған және төменгі елек арқылы өткен шикізатты бөлек бөлек өлшейді. Жоғарғы електен өтпеген бөлшектердің және төменгі елек арқылы өткен бөлшектердің мөлшерін пайызбен өлшейді. Массасы жүз грамнан жоғары аналитикалық сынаманы ±1 грамм дәлдікпен, ал массасы жүз грамға тең немесе одан кем аналитикалық сынаманы өлшеуді ±0,05 дәлдікпен жүргізеді. Шикізаттың әрбір түрі үшін ұсақталған бөлшектердің рұқсат етілген өлшемі сәйкес жеке бапта көрсетілуі тиіс.

  1. Құрамында иілік заттары бар фитопрепараттарға сапалық реакциялар.

Илік заттар деп- фенолды гидроксилді радикалдары бар құрамы бойынша әртүрлі және күрделі ароматты қатардағы органикалық суда еритін заттар.

Екі граммға жуық ұнтақталған шикізатқа (нақты өлшем) елу мл қайнатылған су құяды және сулы моншада отыз минут бойы араластыра отырып қыздырады. Сұйықтықты бирнеше минутқа тұндырады, сыйымдылығы екі жүз елу мл өлшеуіш колбаға дәке арқылы сүзеді. Колбадағы шикізатты қайнатылған сумен қайта оқшаулайды, сол колбаға қайта сүзеді. Оқшаулауды илік заттарға теріс реакцияға дейін бірнеше рет қайталайды (темір аммоний квасцы ерітіндісімен сынама). Өлшеуіш колбадағы сұйықтықты суытады және белгіге дейін су құяды. Жиырма бес мл алынған сұйықтықты сыйымдылығы бир литр конусты колбаға құяды, жеті жүз елу мл су құяды және жиырма бес мл индигосульфо қышқыл ерітіндісін құяды. Сосын 0,1 н калий перманганаты ерітіндісімен алтын сары түске дейін титрлейді.

1 мл 0, 1 н калий перманганат ерітіндісі 0, 004157 грамм танинді қоса алғандағы илік затқа сәйкес келеді. Параллель бақылау сынағын жүргізеді.

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.