Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
і медикобиологиялық факторлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.3 Кб
Скачать

Экологиялық қауіптер

Біздің жүзжылдықтың 60-шы жылдардың басында адамзат өз алдында тұрған экологиялық мәселелердің қауіптілігін ұғына бастады. Ауа-райының глобальды жылуы, плюстарда азон тесіктерінің пайда болуы, токсиканттардың таралуы және судың, ауаның, жер қыртысының, тамақтардың зиянды химиялық заттармен ластануы, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрінің құрып кетуі, ғаламшарлардағы тұрғындардың қызметінің өсуіне байланысты биотүрліліктің төмендеуі шындыққа айналды.

Бүгінгі кезде орта факторлары мен қарқындылықтың зиянды әсерінің жылдамдығы және оның әсері тіршілік ету ортасының өзгеруіне әкелетін экожүйенің биологиялық биімделуінен тыс шықты және тұрғындардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіреді. Қазіргі кезде әлеуметтік экономикалық тұрақсыздық жағдайында бұл негативті тенденциялар біздің елімізде де көрініп жүр.

Соңғы уақытқа дейін дамып келе жатқан технологияның принциптік кемшілігі биосферадағы заттардың айналысының бұзылуына әкеліп соқтырады, ол табиғи ресурстардағы қоршаған ортаның ластанғандығын көрсетеді. Егер де қоршаған табиғи ортаны тазалық мүмкіншілігі ластануды нейтралдауға жеткіліксіз болса, онда олар адам денсаулығына, өндірістегі технологиялық процестерге және ресурстардың қалпына келтірілуіне кері әсерін тигізеді.

Табиғи жүйелердің өздігінен қалпына келуінің темптерінің көрсеткіштерін қолдана отырып, (егерде өздігінен қалпына келтіру және биомассаның сапалық-сандық жағдайы және экожүйенің биологиялық өнімділігі) келесідей градиацияларды бөліп қарастыруға болады:

1) табиғи жағадай – тек қана фондық антропогенді әсер байқалады, биомасса максималды, биологиялық өнімділік минимальді;

2) тепе-теңдік жағдайы – қалпына келетін процестердің жылдамдығы жоғары немесе бұзылғыштың темпіне тең, биологиялық өнімділік табиғиға қарағанда жоғары болады, био-масса төмендейді;

3) кризистік жағдай – антропагенді бұзылулар жылдамдығы бойынша табиғи қалпына келетін процестерден жоғары болады, бірақ экожүйенің табиғи сипаттамасы сақталады, биомасса төмендейді, биологиялық өнімділік кенет артады;

4) критикалық жағдай – антропогенді әсерден барлық экологиялық жүйенің өнімділікке қайтымды ауысуы, (біртіндеп шөлейттенуі) биомасса аз немесе төмендейді;

5) апаттық жағдай – аз өнімділікті экожүйені қайтарудың қиын қайтымды процесі (қатты шөлейттенуі), биомасса және биологиялық өнімділік минимальді;

6) коллапс жағдайы – биологиялық өнімділіктің қайтымсыз жоғалуы, биомасса нөлге дейін жетеді.

Табиғи төмендеудің табиғи-экологиялық жіктелуінен басқа медициналық - әлеуметтік шкаланы қарастырайық, өйткені біз тек биосферадағы өзгерісті ғана ескермей, сондай-ақ осы өзгерістің адам денсаулығына әсерін ескеруіміз керек. Табиғат жағдайының осы айтылған жіктелулерін ескеретін төрт градиация бар.

Жақсы жағдайы - өмір ұзақтылығы қарқынды жоғарылайды, аурулар төмендейді.

Экологиялық катастрофа занасы: табиғи жағдайдан катастрофикалық фазаға көшуі, бұндай жағдайда адамдар өмір сүретін аумақты жарамсыз етеді (мысалы, Сахель немесе Арал өңірлерінің кейбір аудандары); табиғи немесе антропогенді құбылыстардың нәтижесінде пайда болған жерлерде адамдардың тұрақты немесе ұзақ өмір сүрулеріне (адамдар ол жерлерде тек аз ғана уақыт болуы мүмкін) өте қауіпті, мысалы, Чернобыль апатының зонасы; қиратып кететін табиғи катастрофалар аймағы, мысалы, күшті жер сілкіністері, цунамилер және т.б. Келтірілген критерилер негізінде, әр түрлі территориялардың және олардың әлемдік масштабының әсері бойынша, экологиялық жағдайларын бағалау.