Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
і медикобиологиялық факторлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.3 Кб
Скачать

 Адамға қауіпті медикобиологиялық факторлар.

Әлеуметтік және табиғи қауіптер

1. Табиғаты бойынша:

а) адамға психикалық әсер етумен байланысты (ұрлық, бопса және);

б) физикалық күштеуге байланысты (қарақшылық, тонаушылық, террор, зорлау, кепілдікке алу);

в) адам ағзасын бұзатын заттарды пайдаланумен байланысты (шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық);

г) аурулармен байланысты (СПИД, сөз аурулары);

д) суицидтердің қауіп-қатері

2. Уақиға масштабы бойынша

а) жергілікті

б) аймақты

в) жалпы

3. Жыныстық жасының қасиеттеріне байланыстыбалаларға, жастарға, әйелдерге, қарт адамдарға тән әлеуметтік қауіптердің айырмашылығы болады.

4.Ұйым бойынша әлеуметтік қауіп-қатерлер кездейсоқ және қасақана болуы мүмкін.

Әлеуметтік қауіп-қатерлердің себептері

Өзінің әлеуметтік қауіп-қатер негізінде қоғамда ағып өтетін әлеуметтік-экономикалық процесстер пайда болады. Сол уақытта солардың салдарынан әлеуметтік қауіп-қатер болып табылатын себептің қарама-қарсы сипаттамасын айтып кетуге болады. Адам табиғатының аяқталмауы - әлеуметтік қауіп-қатерлердің көрінуіне басты жағдай жасайды. Адекватты құқық жүйесінің болуы әлеуметтік қауіп-қатерлерді қорғау және ескерту шараларының негізі болуы мүмкін. Әлеуметтік қауіп-қатердің таралуына халықаралық байланыстардың, туризмнің, спорттың интенсивті дамуы көмектеседі.

Әлеуметтік қауіп-қатерлердің түрлері

Әлеуметтік қауіп-қатерлердің кейбір түрлерін қарастырайық.

Заң тәжірибесінде шантаж қауіп-қатерді әшкерелеу, қандай да бір пайда табу мақсатымен ұят мәліметтерді жариялау сияқты қылмыс ретінде қарастырылады.

Алаяқтық– алдау немесе сенімге қиянат ету жолымен мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікті (немесе мүлікті алу құқығын иемдену) иемдену қылмысы болып табылады. Алаяқтық құрбаны болған адам әрине үлкен психофизиологиялық күйзеліске ұшырайтыны белгілі.

Бандитизм – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға шабуыл жасау мақсатында қарулы бандылардың ұйымы, сондай-ақ осындай бандаларға қатысуы және олардың шабуылы.

Қарақшылық – қарақшылық құрбаны болатын адамның денсаулығына және өміріне зиян келтіретін, күштеу қаупінің күштеуімен қосылған мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті иемдену мақсатында шабуыл жасау қылмысы.

Зорлау – зиян шегушінің әлсіздігін пайдалана отырып, физикалық күш қолдану кезіндегі жыныстық қатынас. Қылмыстық құқықта зорлағаны үшін қатаң жаза қарастырылады, өлім жазасына дейін (ауыр жағдайларда).

Кепілге алу – қылмыс формасының бір түрі. Кепілге алудың мәні бір адамдардың басқа адамдарға арнайы талаптарын орындату мақсатында адамдарды (кейде балалар мен әйелдер) кепілге алу.

Террор – физикалық жоюға дейін болатын физикалық күштеу.

Наркомания(грекше narke – естен айырылу және mania - есалаңдық) – наркотикті қолдануға адамның тәуелділігі, наркотикалық заттарды қолданғанда организм қызметінің белгілі бір деңгейде тұрғандықты көрсететін және физикалық, психикалық функцияларының терең қанығуына әкеп соқтыратын ауру. Наркотикті қолдануды кенет тоқтату организм функцияларының бұзылуына - абстиненцияға әкеледі. Наркоманияның дамуы құмарлық, тәжірибе жүргізу нәтижесінде, жансыздандыру, ұйықтатын құрал ретінде пайда болуы мүмкін.

Алкоголизм– спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде қолдану шартынан шығатын созылмалы ауру.

Табиғи қауіптер

Табиғи қауіп-қатерлерге адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін, қауіпті стихиялық құбылыстар жатады. Мысалы, жер сілкінісі, вулканның атқылауы, қар көшкіні, селдер, көшкіндер, тастардың құлауы, су тасқыны, дауылдар, цунами, тропикалық циклондар, құйындар, найзағайлар, тұман, ғарыштық сәулелену және ғарыштық денелер және басқадай құбылыстар. Табиғи ортаны дамыту және өмірдің табиғи феномендері ретінде олар сондай-ақ адаммен аномал ретінде қабылданады.

Тіршілік қауіпсіздігі кезінде барлық табиғи апаттар мен стихиялық құбылыстар қарастырылмайды, тек қана адамның өліміне немесе денсаулығына зиян келтіретіндері ғана қарастырылады.

Кейбір табиғи қауіп-қатерлер адамның мүшесі мен жүйесінің дұрыс қызмет етуін бұзады немесе қиындатады. Бұндай қауіп-қатерлерге, мысалға, тұман, мұз тайғағы, ыстық, барометрлік қысым, электромагнитті сәулелену, салқын және т.б. жатады.

Табиғи қауіп-қатерлерді айтқанда, олардың түзілуіне әсер ететін антропогенді әсер рөлін айта кету қажет. Қауіпті әсерлердің күшеюіне әкеп соқтыратын адам қызметінің нәтижесінде табиғи ортада тепе-теңдікті бұзатын көптеген айғақтар белгілі.

Табиғи қауіп-қатерден табысты қорғанысқа алдын ала жағдай жасау – олардың себебін және механизмін оқу болып табылады. Процесстің мәнін біле отырып, оларды алдын ала айтуға болады. Ал қауіпті құбылыстың нақты және алдын ала болжамы – маңызды әсерлі қорғанысқа алдын ала жағдай жасау болып табылады.

Табиғи қауіп-қатерден қорғану активті (инженерлік-техникалық құрылыстарды салу, құбылыс механизміне интервенция, табиғи ресурстарды мобилизациялау, табиғи объектілерді реконструкциялау және т.б.) және пассивті (мысалы, панаханаларды қолдану) болып бөлінуі мүмкін. Көптеген жағдайларда активті және пассивті әдістер бір-біріне ұқсас болып келеді.

Табиғи қауіп-қатерлер тоқтатылуы бойынша белгілі шартты дәрежелерге байланысты 4 топқа бөлінеді:

- литосфералық (мысалы, жер сілкіністері, жанартаулар, көшкіндер);

- гидросфералық (мысалы, су тасқындары, цунамилер, дауылдар);

- атмосфералық (мысалы, урагандар, дауылдар, құйындар, бұршақтар, нөсерлер);

- ғарыштық (мысалы, астероидтар, ғаламшарлар, сәулеленулер).

Жер сілкінісі – жер қыртысындағы немесе мантияның жоғары бөлігіндегі күтпеген шайқалулар мен жарылыстардың нәтижесінде туындайтын жер астындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы қабатының тербелуі және серпімді тербеліс арқылы алыс қашықтықтарға таралу.

Магма – жердің терең аймақтарындағы түзілетін силикат құрамдас бөліктердің балқуы.

Лаваның магмадан айырмашылығы – жанартау атқылауындағы бөлініп ұшатын газдардың болмауы.

Вулканның геологиялық негізі: магма жердің бетіне атқылауында жер қыртысында айырықтар мен арықтардың пайда болуы.

Атылған өнімдер (газ тәрізді, сұйық және қатты) 1…5 км биіктікке атқылап, алыс қашықтықтарға таралады.

Сел – тау өзендеріндегі қысқа уақытта болатын лайлы-тасты жойқын тасқын.

Көшкін – тау қыртысынан түрлі әсерлерден құлаған және төгілген қардың құлауы, қар жиыны, өз жолында жаңа қар жиынын қосып алады.

Жылжыма – ауырлық күшінің әсерінен жер қабатының төменге сырғып жылжуы.

Су тасу – өзен арналарынан, көл аумақтарынан асуының апатты сипаттамасы.

Өзен сулары тасуының негізгі себептері – арнасынан асуы немесе жиі қайталанатын тасқыннан, кейде мұздың кептелуі.

Жайылма – өзен бөліктері, тасқын. Көктемгі су тасу деп мезгіл сайын әрдайым қайталанатын өзен суларының тасуы, су деңгейінің жоғарылауы.

Тасқын – өтпелі және периодсыз су деңгейінің жоғарылауы.

Цунами – бұл вулканды, күшті жер сілкінісі жанындағы, гравитациялық толқынның өте үлкен ұзындығы.

Антициклон–бұл атмосфера орталығының максимум қысымының жоғары облысы. Антициклон жел жүйелерімен, сағат тіліне сәйкес солтүстіктен және оңтүстіктен қарсы соғатын, ылғал ауа райы және самал желмен сипатталады.

Көктайғақ– мұз қабатының тығыздығы, тұман және жаңбырдың әсерінен жердің қатуы.

Тұман – су тамшыларының немесе мұз кристалдарының, басқа да атмосфера қабатының жиналуы.

Бұршақ – атмосфералық жауын түрі, сфералық бөліктердің немесе мұз түйіршіктерінің мөлшері 5-тен 55 мм дейін, 130 мм мөлшерлі бұршақ немесе 1 кг салмағындағы бұршақтар кездеседі.

Күн күркіреу – найзағай разрядтарының атмосфералық дыбысы. Күн күркіреу адамдарға психологиялық әсерін, найзағай жолдарының жоғары қысымы ауаға әсерін тудырады.

Найзағай – жарық свет әсерінен пайда болатын атмосфераның гиганттық электрлі разряды.

Боран – бұл теңіздерде болатын үлкен толқындар және өте күшті жел.

Дауыл – бұл циклон, қирату күштері және желдің үлкен жылдамдығы, ал орталықтың төменгі қысымы. Желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да көп.

Қара құйын – кеңістікте қараңғы түрінде немесе теңіздің жоғары бағытталған атмосфералық ала құйын.

Қара құйынның жоғарылығы 800 … 1500 м. Ауа құйынның айналуында және бір уақытта жоғарыға көтерілетін, шаң немесе су. Айналу жылдамдығы 330 м/с. Су парының конденсациясынан ішкі қысымы төмендейді. Су және шаңды құйын көрінетін болады.

Құйынның ұзындығы 1-ден 40…60 км дейін. Құйын бұршақты жауыннан, бұршақтан, жолында кездескен мыңдаған километрлердің қирауынан пайда болады.