Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карттар мугедектер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293.35 Кб
Скачать

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру

Оңалту жүйесін дамыту оңалту қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кемтар адамдардың мәселесімен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

Медициналық оңалту

Оналтудың негізгі принциптері: ерте бастау, кешенді қарау, аурудың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оңалту кезеңінің үзілмеуі және мирасқорлығы

1) іс-шаралар ерте реконваленсценция мерзімінде басталу керек;

2) қалпына келтіру іс-шаралардың қатаң мирасқорлығы;

3) түрлі мамандардың қатысуымен қалпына келтіру іс-шаралардың кешенді сипаты;

4) өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне тұрақты бақылау жасау;

Оңалту кезеңдері-станционар бөлімі, оңалту бөлімі, отбасылық дәрігерлік амбулатория. Протездік-ортопедиялық орталықтармен өзара байланыста жұмыс жүргізуі қажет.

28 дәріс

Тақырып: Мүгедектердің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешудің формалары мен әдістері

Дәрістің мазмұны

1. Өндірістік-экономикалық аспекті

2. анатомо-функционалдық аспекті

Медициналық оңалтудың мақсатына сай аурудың н/е зақымның пайда болу зардабын жеңіп шығу, ол организм функцияларын қалпына келтіру, тіршілік-тынысын қалпына келтіру және аурудың әлеуметтік мәртебесін жандандыруға бағытталатын болады.

Ол үшін мыналар қажет болады:

1) жоспарлық және жедел станционарлық көмек;

2) күндізгі станционарда жыл сайынғы жоспарлы емделу;

3) отбасылық дәрігерге жылына 2- 4 рет диспансерлік байқаудан өту.

4) бөгде адамның көмегіне мұқтаж мүгедектерді тоқсанына 1 реттен жиі үйінде қарау.

5) оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеу.

Әлеуметтік оңалту

Әлеуметтік оңалтудың нәтижелілігін арттыру мақсатында мына шаралар қолданылатын болады:

1) мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің одан әрі дамуы мыналарды көздейді:

  • мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;

  • әлеуметтік ж/е әлеуметтік-консультативтік көмекті жақсарту;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратындарға білім беру және түзеу қызметтерін;

  • күндізгі оңалту мекемелерінде білім беру мен медициналық қызметтерді;

  • үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерді;

  • жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары қызметтер көрсететін болады;

2) мүгедектердің компенсаторлық құралдарға, протездік-ортопедиялық, сурдо және тифло көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру;

3) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым обьектіліріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • мүгедектердің тұруына және тіршілік әрекетіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әзірленген мемлекеттік стандарттарды іске асыру;

  • жобаларды сараптау барысында мүгедектер мен халықтың осал топтарының көрсетілген обьектілерге қол жеткізу жөніндегі құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • қала ішіндегі жол жүру көліктерінде ҰОС мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ 1-2 топ мүгедектеріне тегін жол жүру;