Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1196a0c8-31e3-11e3-8846-f6d299da70eeГеодезия-метод-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.48 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс№ 3.

Пландық және биіктік негіздеу

Жұмыстың мақсаты: пландық және биіктік негіздеме құрау әдістері мен жергілікті жердің геодезиялық түсіріс әдістерін теодолитпен және кипрегельмен орындау.

а) пландық түсірісті теодолитпен немесе кипрегельмен орындау, ол үшін теодолиттік түсірістің далалық абрисін жасап, мензулалық түсірістің кестесін толтыру керек;

б) тахеометрлік түсіріс варианттары бойынша мәліметтерді өңдеу және оның нәтижелері бойынша жергілікті жердің планын горизонтальдармен сызу керек;

в) тахеометрлік түсіріс мәліметтерін дербес компьютердегі Excel бағдарламасында өңдеу керек

Өткізілетін материалдар:

1) далалық журнал және теодолиттің пландық түсіріс абрисі мен объекттің мензулалық түсіріс планшеті;

2) координаталардың горизонтальдармен полярлық жүйесінде тахеомерлік түсіріс нәтижелері бойынша жергілікті жердің планы;

Пландық торлар. Топографиялық түсірістер мен құрылыстың геодезиялық қамтамасыз етуі үшін Жер бетінде координаталардың бірыңғай жүйесімен өзара байланысқан нүктелер ретін орналастырады. Бұл нүктелерді Жер бетінде немесе ғимараттар мен құрылыстарда белгілермен маркілейді. Мұндай нүктелердің жиынтығы геодезиялық торларды құрайды.

Биіктіктік торлар. Жоғары дәлдікті мемлекеттік биіктіктік пункттер арасында төменгі кластағы биіктіктік торлардың пункттері орналасқан. Пункттер арасында биіктіктік торларды құрайтын нивелирлік жүрістер қойылады. Нивелирлік нүктелерді репер деп атайды, олар мемелекеттің барлық территориясында бірдей бөлінген. Олардың арасындағы қашыққтық шамамен 5-7 км, ал қалаларда – 10 есе кем. 1-2 класты биіктіктік торлар негізінде құрылыстың қолданбалы мақсаты үшін техникалық кластағы торды жасайды. Торлар екі немесе одан да көп жалпы қиылысу нүктелерінің полигонын құрайды. Әрбір жүріс екі шетімен жоғарырақ класты реперлерге сүйену керек.

Зертханалық жұмыс №4. Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу.

Жұмыстың мақсаты – квадраттар төбелерінің анықталған белгілері бойынша жер бетін нивелирлеу планын горизонтальдармен құру.

Байланыстырғыш нүктелердің белгілерін есептеу ведомості

Станция №

Нивелирленетін нүктелердің №

Рейка бойынша есептеу

Өзара биіктік

Аспап горизонты

Белгілер

артқы

алдыңғы

Өлшенген

Орташа

+

-

+

-

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I

1730

1756

2520

2543

II

1555

1534

2367

2344

III

2543

2526

0936

0921

11642 11631

+ 11 мм

I, II, III станцияларында аспап горизонтын (АГ) анықтайды. Станцияда АГ есепке ала отырып артқы және алдыңғы байланыстырғыш нүктелер бойынша келесі формуламен есептейді:

мұндағы Ha и Hb – берілген станция үшін байланыстырғыш нүктелердің белгілері

aч и bч – станцияда рейканың қара жағы бойынша сәйкес алдыңғы және артқы есептеулер.

Есептеп шығарылған аспап горизонты мен рейка бойынша есептеулерді қолдана отырып квадраттардың белгілерін келесі формула бойынша анықтайды:

Квадраттар бойынша нивелирлеу схемасы

Нөлдік жұмыс сызығы шамасы келесі формуламен табылады:

Нивелирлеу нәтижелері бойынша горизонтальдарды құру мысалы

Тапсырмалар:

1. Көршілес горизонтальдар арасынан алынған А нүктесінің белгісін табу. А нүктесі кез келген екі горизонтальдар арасынан айқындалады. Табылған белгіні планда нүктенің жанына жазып қояды.

2. Екі көршілес горизонтальдар арасындағы кесіндінің еңісін анықтау. ВС кесіндісін планның кез келген жерінде оның В және С нүктелері екі көршілес горизонтальдарда жататындай жүргізеді. Еңістің табылған мәнін кесіндінің бойына жазып қояды.

3. Горизонталь 1:500 және вертикаль 1:50 масштабтарында 3А-1Б-2Д-4Г-5А нүктелерін бағытында жер бетін нивелирлеу планы бойынша бойлық профиль құру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]