Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.29 Кб
Скачать

2. Мақсаты:

    1. Студенттерде активті сірке қышқылының (АСҚ) пайдаланылуының негізгі жолдары туралы білім қалыптастыру.

    2. Студенттерде холестерин алмасуы туралы білім қалыптастыру.

    3. Студенттерде кетогенез туралы білім қалыптастыру

    4. Студенттерде липидтер алмасуының бұзылуының биохимиялық механизмдері туралы білім қалыптастыру.

    5. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

    6. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.

3. Оқытудың міндеттері:

1. АСҚ-ң БМҚ, кетон денелері, холестериннің синтезіне пайдаланылу жолдарын қарастыру.

2. Холестерин алмасуын қарастыру.

3. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдерін қарастыру.

4. Жаңадан түсініктер енгізу және терминдерге анықтама беру: кетон денелері(ацетон, ацетосірке қышқылы, бета-гидроки-май қышқылы), кетогенез, ГМГ-редуктаза,мевалон қышқылы, ланостерин, сквален.

5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. АСҚ-ның пайдаланылу жолдары.

2. БМҚ биосинтезінің сатылары.

3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.

4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.

5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.

6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.

7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.

8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.

9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.

5. Оқыту мен білім берудің әдістері:

Аралас-әдіс 1) (жазбаша бақылау, тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талқылау анимация көрсету арқылы) .

Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, анимация: ХС синтезі; биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі.

Сабақтың сценариі:

Мазмұны

Әдістемелік қамтамасыз етілуі

Уақыты, мин (болжаммен хронометраж, топтың дайындығына және тағы басқа факторларға байланысты өзгері мүмкін)

        1. сабақты ұйымдастыру

        2. жазбаша тексеру

        3. ауызша сұрау, анимация көрсету

        4. аз топпен жұмыс

        5. сабаққа қорытынды жасау

Оқу журналы,

Жазбаша тексеруге арналған билеттер,

Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал сценариімен

Силлабус

Тақырып бойынша дәріс

  1. 5

  2. 10

  3. 20

  4. 10

  5. 5

Сабақтың ұйымдастыру . Үйге тапсырма: Студенттерге келесі сабақ 3-тілдің біреуінде болатынын ескерту. Жай белоктардың аралық алмасуы.Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі.Ішекте белоктардың шіруі. Бауырда шіру өнімдерінің залалсыздануы.Асқазан сөлінің биохимиясы. практикалық жұмыстар:№20б-83,85-87 конспектілеу).

Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:

  1. Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы

  2. Асқазан сөлінің тұз қышқылының ролі

  3. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөлігі , олрадың пайда болу себебі.

  4. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері , олардың патология кезінде өзгеруі.

  5. Асқорыту жолдарында белоктардың қорытылуы, бұл процесске қатысатын ферменттер, оларға сипаттама ( тақырып бойынша глоссарий – ағылшын, орыс тілінде, жауаптарын электронды вариантта өткізу)

  6. Белоктардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі

  7. Белоктардың ішекте шіруі, улы заттардың залалсыздануы.Залалсыздану әдістері мен орны.