- •Пән бойынша студенттердің білімін, дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшеуіш құралдары
- •Көмірсулар алмасуы
- •*!Өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналымы бұзылған кезде келесі заттардың сіңірілуі бұзылады
- •Сүйек тінінің биохимиясы
- •766. Цинга кезінде байқалады
- •768. Остеобласттардың минорлық кальцийбайланыстырушы белогы
- •769. Остеобласттардың түзілуін стимулдейді
- •771.Гидроксиапатиттер
- •2) Апоптоз
- •864. Нейтрофилдердегі метаболизм ерекшеліктеріне жатады
- •5) Креатинкиназа
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тәжірибелік дағдылардың тізімі
5) Креатинкиназа
877. МИОЗИТ (БҰЛШЫҚЕТ ҚАБЫНУЫ) КЕЗІНДЕ ҚАНДА ЖОҒАРЫЛАЙТЫН ФЕРМЕНТТЕР
амилаза
фосфатаза
аргиназа
альдолаза
креатинкиназа
трансаминидаза
1, 2
1, 3
3, 4
4, 5
5, 6
878. ЖҮРЕК ЗАҚЫМДАНҒАН КЕЗДЕ ҚАНДА ЖОҒАРЫЛАЙТЫН ФЕРМЕНТТЕР
А) аспартатаминотрансфераза
Б) аланинаминотрансфераза
В) креатинфосфокиназа
Г) трансаминидаза
Д) амилаза
Е) липаза
А, Б, Г
А, Б, В
А, В, Г
Б, В, Д
В, Г, Е
879. 25 ЖАСТАҒЫ НАУҚАС ӘЙЕЛ ОҢ ЖАҚ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ АСТЫ АУРАТЫНЫНА, ЖҮРЕГІНІҢ АЙНЫУЫНА ШАҒЫМДАНАДЫ. ҚАРАЛҒАН КЕЗДЕ: КӨЗІНІҢ АҚТАРЫ АЗДАП САРҒАЙҒАН. ҚАН АНАЛИЗІ: АЛЬБУМИН – 39Г/Л, ЖАЛПЫ БИЛИРУБИН - 30 МКМ/Л, АСТ ЖӘНЕ АЛТ ЖОҒАРЫЛАҒАН. ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТ В МАРКЕРЫ ОҢ. НАУҚАСҚА ЕҢ СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СИНДРОМ
холестатикалық
цитолитикалық
бауыр жасушалық жетіспеушілік
гиперспленизм
геморрагиялық
880. 35 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ САЛЫНЫП ІШІМДІК ІШКЕННЕН КЕЙІН ЭПИГАСТРИЙДІҢ БҰЫНДЫРЫП АУРАТЫНЫНА, АШТЫҚ НЕМЕСЕ АУЫРСЫНУДЫ БАСАТЫН ДӘРІЛЕР ҚАБЫЛДАҒАН КЕЗДЕ БАСЫЛЫП ҚАЛУЫНА ШАҒЫМДАНДЫ. ҚАНДА АМИЛАЗАНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ БЕС ЕСЕ ЖОҒАРЫЛАҒАН. ОСЫ КҮЙДІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ
1) гастрит
2) гепатит
3) энтерит
4) холецистит
5) панкреатит
881. БҮЙРЕКТЕГІ СОЗЫЛМАЛЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІС КЕЗІНДЕ ЕҢ ЫҚТИМАЛ БОЛАТЫН БИОХИМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
1) абсолютты эритроцитоз
2) гиперкреатининемия
3) респираторлы ацидоз
4) креатин жоғарылауы
5) гиперурикемия
882. ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ ФЕРРИТИННІҢ АНЫҚТАМАСЫНА ЕҢ СӘЙКЕС КЕЛЕДІ
1) сүйек кемігі деңгейіндегі темірдің утилизациясы
2) трансферриннің темірмен қанығу дәрежесі
3) ретикулоциттардағы гемоглобиннің мөлшері
4) тасымалданатын темірдің мөлшері
5) қор болып жиналатын темірдің мөлшері
883. МАКРОЦИТАРЛЫ МЕГАЛОБЛАСТЫ АНЕМИЯ ДАМУЫ МҮМКІН
A. цианокобаламин жетіспеушілігінде
Б. фоль қышқылының жетіспушілігінде
B. статиндерді қабылдағанда
Г. бауыр ауруларында
Д. алкоголизм кезінде
Е. гепатит
А, Б
А, В
А, Г
Б, В
Д, Е
884. В12-ЖЕТІСПЕУШІЛІК АНЕМИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
A. асқазанның париеталды жасушаларының атрофиясына әкелетін аутоиммундық бұзылыстар
Б. ішекте шамадан тыс бактериялардың көбеюі
B. созылмалы қансыраулар
Г. қатаң вегетарианство
Д. темірі аз диета
Е. майсыз диета
А, Б
А, В
А, Г
Б, В
Д, Е
885. АДДИСОН-БИРМЕР АНЕМИЯСЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН КҮЙЛЕР
A. тағамда витаминдердің болмауымен байланысты ауру
Б. тұқым қуалайтын себебі бар ауру
B. темір жетіспеушілік анемияларға жататын ауру
Г. гем синтезі бұзылған
Д. эритропоэз бұзылуы
Е. дерматиттің дамуы
А, Б
А, Г
А,Д
Б, В
Д, Е
886. ФОЛЬ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ КЕЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН АНЕМИЯҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН КҮЙ
1) қатаң вегетарианецтерде дамиды
2) рационда жаңа піскен көкөністер және жемістердің болмауы
3) қан сарысуында фолатты анықтау ақпарат бермеді
4) негізгі емдеу - фолатты ішке еңгізу
5) жүйке жүйесінің зақымдануы байқалмайды
887. 56 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ОҢ АЯҒЫНЫҢ БІРІНШІ БАРМАҒЫНЫҢ ЖАНҒА БАТАР АУРУЫНА, ІСІНУІНЕ ШАҒЫМДАНДЫ, ЖАРАҚАТТЫ МОЙЫНДАМАДЫ. ДӘРІГЕР НАУҚАСТА ПОДАГРА ДЕП БОЛЖАУ ЖАСАДЫ. ДИАГНОЗДЫ ҚОЮ ҮШІН ҚАНДА ҚАНДАЙ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АНЫҚТАУ КЕРЕК
1) ураттарды
2) холестеринді
3) мочевинаны
4) креатининді
5) триглицеридтерді
888. АШ ҚАРЫНҒА АЛЫНҒАН ҚАН ПЛАЗМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ ЛИПЕМИЯЛЫҚ БОЛЫП ТАБЫЛДЫ. МҮМКІН СЕБЕПТЕР КЕЛЕСІ ЗАТТАРДЫҢ ЖОҒАРЛАУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ
А) ТТЛП
Б) ТЖЛП
В) ТӨТЛП
Г) холестерин
Д) ферменттер
Е) хиломикрондардың
А, Б
А, В
А, Г
Б, В
В, Е
889. ҚАРТ АДАМ АУРУХАНАҒА ЗӘРІ ЖҮРМЕЙ ҚАЛҒАНДЫҚТАН ТҮСТІ. ҚАНЫНЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІНДЕ – мочевина 48 миЛлимоль/л, креатинин – 520 мкм/л. КЕЛЕСІ ҚОСЫМША КӨРСЕТКІШТЕР БҮЙРЕК ЗАҚЫМДАНУЫН ДӘЛЕЛДЕЙДІ
А) анемия
Б) мочевин жоғарылауы
В) несеп қышқылының жоғарылауы
Г) глицинамидинтрансферазаның жоғарылауы
Д) аланинаминотрансферазаның жоғарылауы
Е) трансаминидаза төмендеуі
А, Б, В
А, Б, Г
А, Г, Д
Б, В, Е
В,Д, Е
890. ӨТ ТАСТАРЫН АЛЫП ТАСТАУ ҮШІН ОПЕРАЦИЯ ЖАСАҒАННАН КЕЙІН, ТӨРТ КҮН ӨТКЕНДЕ НАУҚАСТА САРҒЫШТАНУ БАЙҚАЛДЫ. ЖАЛПЫ БИЛИРУБИННІҢ МӨЛШЕРІ 90МКМ/Л, СІЛТІЛІ ФОСФАТАЗАСЫ ЖОҒАРЫЛАҒАН. БАСҚА ФУНКЦИОНАЛДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ НОРМАДА. САРҒЫШТАНУДЫҢ МҮМКІН СЕБЕПТЕРІ
А) жалпы өт жолының зақымдануы
Б) дәрілік холестаз
В) гематоманың жазылуы
Г) гепатит
Д) цирроз
Е) стеатоз
А, Б
А, В
А, Г
Б, В
Д, Е
891. ҚАРТ ӘЙЕЛДЕ АУРУ СЕЗІМІ ЖОҚ САРҒЫШТАНУ БАЙҚАЛДЫ, ДЕНЕ САЛМАҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН. ЖАЛПЫ БИЛИРУБИН – 280МКМ/Л, ТІКЕЛЕЙ БИЛИРУБИННІҢ ЕСЕБІНЕН; АСПАРТАТАМИНОТРАНСФЕРАЗА ЖӘНЕ СІЛТІЛІ ФОСФАТАЗА ЖОҒАРЫЛАҒАН. ДӘРІГЕР ХОЛЕСТАЗ ДЕП БОЛЖАУ ЖАСАДЫ. ОСЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІС ҚОСА БОЛУЫ МҮМКІН
А) гемолизбен
Б) миоглобиннің артуымен
В) сүйек тінінің ауруымен
Г) ұйқы безінің ісігімен
Д) гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауымен
Е) креатинфосфокиназаның жоғарылауымен
А, Б, В
А, Б, Г
В, Г, Д
Б, В, Е
В, Д, Е
892. ОЖЖ ҚОЗУ ОНДА АДЕНИЛ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ДЕЗАМИНДЕНУІ ЕСЕБІНЕН АММИАКТЫҢ ТҮЗІЛУІМЕН ЖҮРЕДІ. МИДА, СОДАН КЕЙІН БАУЫРДА АММИАКТЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ҚАНДАЙ ҮДЕРІСТЕР ҚАТЫСАДЫ?
1) фосфорлану
2) амидтену
3) амин қышқылдарының декарбоксилденуі
4) мочевина синтезі
5) гиппур қышқылының синтезі
6) несеп қышқылының синтезі
1) 1,3 |
2) 1,5 |
3)2,4 |
4) 2,6 |
5) 3,5 |
893. 18 ЖАСТАҒЫ НАУҚАС СУЫҚТАП АУЫРҒАННАН КЕЙІН САРҒАЙЫП КЕТУІНЕ КӨҢІЛ БӨЛДІ. ӘЛСІЗДІК ПАЙДА БОЛДЫ. НӘЖІС ЖӘНЕ ЗӘРДІҢ ТҮСІ ҚАЛЫПТЫ. КҮЙДІ АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАНДАЙ КӨРСЕТКІШТІ АНЫҚТАУ КЕРЕК
1) тиамидиназа
2) қышқыл фосфатаза
3) креатинфосфокиназа
4) тікелей емес билирубин
5) креатинин клиренсі
894. ГЕМОГЛОБИНГЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТІ ТАБЫҢЫЗ
1) көмірқышқыл газын өкпеден тіндерге тасымалдау
2) көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау
3) оттекті тіндерден өкпеге тасымалдау
4) қанда лактаттың мөлшерін қалыптастыру
5) сутекті өкпеден тіндерге тасымалдау
895. ЭРИТРОЦИТТЕРДЕ ОТТЕКТІҢ АКТИВТІ ФОРМАЛАРЫН ИНАКТИВТЕУІНЕ ҚАТЫСАТЫН ФЕРМЕНТ
1) глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа
2) миелопероксидаза
3) супероксиддисмутаза
4) глутатионредуктаза
5) цитохром
896. ФАГОЦИТ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ОТТЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ЖОҒАРЫЛАТУҒА ӘКЕЛЕТІН КҮЙ
1) супероксиданионның түзілуінің жоғарылауы
2) синтезделген липидтердің мөлшерінің жоғарылауы
3) холестеринэстераза активтілігі жоғарылауы
4) протеиназа активтілігі жоғарылауы
5) пентозды циклдің активтенуі
897. БҮЙРЕКТІҢ ДЕПУРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЕҢ ОПТИМАЛДЫ БАҒАЛАЙТЫН КӨРСЕТКІШ
1) қан мочевинасы
2) зәр белогы
3) зәр аммонийі
4) зәр мөлшері
5) креатинин клиренсі
898. Үш «Д» ауруы – осы витаминнің жетіспеушілігі
1. витамин Н
2. витамин РР
3. витамин В6
4. витамин Р
5. витамин К
899. МЕГАЛОБЛАСТТЫҚ АНЕМИЯ ОСЫ ВИТАМИНДЕРДІҢ ПОЛИАВИТАМИНОЗЫНЫҢ САЛДАРЫ
1. Е
2. С
3. В6
4. В1
5. Вс
6. В12
1. 3,4
2. 5,3
3. 4,5
4. 5,6
5. 1,6
900. ОСЫ ВИТАМИНДЕРДІҢ ПОЛИАВИТАМИНОЗЫ ӘЛСIЗДIК, ҚЫЗЫЛ ИЕГIНIҢ ҚАНАУЫ, КАПИЛЛЯРЛАРДЫҢ ЖАРЫЛУЫ,ТІСТЕРДІҢ ТҮСУІНЕ ӘКЕЛЕДІ
1. А
2. К
3. Д
4. РР
5. С
6. Р
1. 1,2
2. 5,6
3. 5,4
4. 3,6
5. 2,3
1 есеп
Кейбір сырқаттану кезінде науқастың ауруға қарсы тұруының салдарынан оның дене қызуы көтеріледі. Дегенмен дене қызуының көтерілуі ағза белоктары үшін ауыр соққы болып табылады. Не себепті дене қызуы +400С-тан жоғары көтерілсе, белок қызметі бұзылып, адам өміріне қауіп төнетінін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Белоктардың құрылымы және олардың құрылымын нативті конформацияда ұстап тұратын байланыстары.
Температура жоғарылағанда белоктардың қызметі мен құрылымы қалай өзгереді?
Ферменттер үшін оңтайлы температура дегеніміз не? Қайтымды және қайтымсыз инактивация.
2 есеп
Ми нейропептиді Leu-энкефалин тир-гли-гли-фен-лей тізбегінен тұрады. рН-ң мәні 3,0-ке; 7,0-ге; 11,0-ге тең болғандағы молекуланың қосынды зарядын анықтаңыз. Осы пептидтің изоэлектрлік нүктесі рН-ң қандай мәнінде жатады?
Шешу алгоритмі:
Берілген пентапептидтің формуласын келтіру.
Берілген амин қышқылдары химиялық құрылымы және қасиеттері бойынша қандай топтарға жататынын анықтау.
Берілген рН мәндерінде амин қышқылдарын ион түрінде жазу.
3 есеп
Мидағы пептидтер нейропептидтер болып табылады. Нейропептидтердің алдыңғы екі өкілі энкефалиндер деп аталады, олар 1975 жылы жануарлар миынан бөлініп алынған. Бұл пептидтер ауруды тыныштандыратын қасиетіне орай дәрілік құралдар ретінде пайдаланылады. Берілген пентапептидті сипаттаңыз.
Шешу алгоритмі:
Тир-Гли-Гли-Фен-Мет метионин-энкефалиннің құрылымдық формуласын жазыңыз және пептидтің «N» және «С» шетін айқындаңыз.
Бейтарап ортада пептидтің қосынды зарядын және оның электрофорезде жылжу бағытын анықтаңыз.
Бұл пептидпен қандай түсті реакциялар оң болады?
4 есеп
Молекулаларды немесе иондарды мембрана арқылы тасымалдайтын белоктар кей жағдайда трансмембраналық белоктар деп те аталады. Мұндай белоктардың құрылымында биомембрананың липидтің қабатында қоршалған және жасушаның ішкі жағына (цитоплазмаға) қарай, сонымен қатар жасушаның сыртқы аймағына бағытталған аумағы болады. Осындай белоктарды сипаттаңыз.
Шешу алгоритмі:
Берілген трансмембраналық протеиннің түрлі телімдерінде қандай аминқышқылдары басым болатындығын жобалаңыз.
Полярлы және полярсыз радикалды амин қышқылдарына мысалдар келтіріңіз.
Қандай жағдайда белок молекуласының қосынды заряды нөлге тең болатынын түсіндіріңіз.
5 есеп
Фенилкетонуриямен ауыратын науқастың зәрінде фенилаланиннің мөлшері – 6мМ/л (қалыпты жағдайда 0,01мМ/л) және оның метаболиті болып табылатын фенилпирожүзім қышқылы – 4,9 мМ/л (қалыпты жағдайда болмау керек) анықталды. Не себепті науқастың ағзасында фенилаланиннің деңгейі жоғары және оның метаболиті зәрде пайда болған?
Шешу алгоритмі:
Қай фермент болмаған кезде фенилаланиннің тирозинге айналуы тоқтайды? Реакция теңдеуін жазыңыз.
Жоғарыда аталған реакцияны жылдамдататын ферментті, оның коферментін және ферменттің дұрыс жұмыс істеуіне қажет витаминдерді атаңыз.
Жаңа туылған сәбиде фенилкетонурия ауруы анықталған жағдайда дәрігер қандай ұсыныстар беру керек және бұл ауру дер кезінде анықталмаса, қандай қауіп тудыруы мүмкін?
6 есеп
Қазіргі кезде биохимиялық зертханаларда адам ағзасынының биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттерінің активтілігін анықтау үшін автоматты биохимиялық анализаторлар қолданылады. Лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) активтілігін анықтау үшін қажетті реактивтерді дұрыс таңдауға лаборантқа көмектесіңіз.
Шешу алгоритмі:
ЛДГ катализдейтін реакцияны жазыңыз.
Субстратты, коферментті, негізін қалаушы витаминді, ферменттің кездесетін жерін көрсетіңіз.
Ферментативті реакция жылдамдығын қандай параметрлер бойынша бағалауға болатындығын түсіндіріңіз.
7 есеп
Адам гомойотермді (температурасы тұрақты деңгейде) тірі ағзалар қатарына жатады. Медицинада кейбір жағдайларда емдік әсерде экстремалды температура қолданылады. Жекеше алатын болсақ, мәселен, ұзаққа созылатын ота кезінде, әсіресе миға және жүрекке ота жасағанда гипотермиялық жағдай қолданылады. Гипертермиялық жағдайлар тіндерді коагуляциялау мақсатында қолданылады. Аталған жағдайлардың қаншалықты дұрыстығын түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Көптеген ферменттер үшін оптималды температураны және ферментативті реакция жылдамдығының температураға тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз.
Ұзаққа созылатын ота кезінде гипотермиялық жағдайдың қажеттігін түсіндіріңіз.
Тіндерді термиялық коагуляциялау әдісі неге негізделгендігін суреттеңіз.
8 есеп
35 жастағы әйел ауруханаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну үдерістеріне, бұлшық ет әлсіздігіне, конъюнктивитке шағым айта келді. Науқас әйел ұзақ уақыт бойы өзінің рационынан бауыр, сүт, қарабидай, ашытқы тәрізді тағамдарды алып тастап, бір текті тамақтанған. Дәрігер В2 витаминінің гиповитаминозын анықтады. Байқалған симптомдардың себептерін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Құрамына В2 витамині кіретін коферменттерді атаңыз және олардың құрылысын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.
Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз.
Аталған ферменттер қандай реакцияларды жылдамдататынын атаңыз (кез-келген біреуінің реакция теңдеуін жазыңыз).
9 есеп
Науқас көзінің шырышты қабатының және зәр шығару жолдарының жиі қабынуға ұшырайтындығына, сонымен қатар қараңғыда көзінің көруі нашарлағанын айтып шағымданды. Тексеру барысында көздің қасаң қабығының қабынуы мен құрғақтығы, склерасында гиперкератоз, яғни ақ шел баса бастағандығы айқындалды. Бұл күйі қалай аталады? Бұл белгілердің механизмдері қандай?
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз және әріптік белгісін көрсетіңіз
2) Бұл витаминнің провитамині қалай аталады, витамин мен оның провитамині қандай тағамдарда кездеседі?
3) Витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.
