Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ГПА (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.64 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі.

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнайгаз ісі институты

«Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтар» кафедрасы

«Газайдағыш агрегаттар» пәні бойынш

Студенттердің пәндік оқу әдістемелік кешені

5В072400 - «Технологиялық машиналары және жабдықтар» мамандығының «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтарын» мамандандыру үшін

Алматы 2011

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ , 5В072400-«Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студентеріне арналған, «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтарын» мамандандыру бойынша «Газайдағыш агрегаттар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.

Құрастырғандар: Төлеуов Қалдыбай Төлеуұлы және Әбдікәрімов Садратдин Әбдікәрімұлы. Алматы: Қаз ҰТУ, 2011ж.

Құрастырғандар: Төлеуов Қалдыбай Төлеуұлы және Әбдікәрімов Садратдин Әбдікәрімұлы, «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтар» кафедрасының профессоры және техн. ғыл. кандидаты,доцент.

Аңдатпа

“Газ айдағыш агрегаттар” пәнінің оқу-әдістемелік кешені, пәнінің оқу-әдістемелік кешенін құрудың әдістемелік нұсқауларына сәйкес, кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттер үшін ОЭД дайындаған оқу-әдістемелік нұсқаулары бойынша құрастырылған. Оқу-әдістемелік кешен жұмыстық бағдарламаға сәйкес кіріспеден, пәннің мақсаты мен мәселелерінен, әсерлік үлестірілетін материалдардан тұрады, соондай-ақ дәрістердің тақырыптары мен практикалық сабақтардың тақырыптары, пайданалынатын әдебиеттердің тізімі келтірілген. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмыстарының әдістемелік нұсқалары мен өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі және емтихандық сұрақтардың тақырыптары келтірілген. Оқу-әдістемелік кешені оқушыларға газайдағыш агрегаттар пәні бойынша толық мәлімет береді, сондай-ақ студенттерге керек кезде әртүрлі тақырыптар бойынша өзіндік үйренуінде немесе білімін тереңдетуінде қосымша материалдар мен тапсырмаларды өзбетінше орындауда көмек көрсетеді. Жүйелік тәртіппен келтірілген тесттік сұрақтар тізімі студенттерге пән бойынша кез-келген уақытта өздерінің білімдерінің деңгейін тексеріп, соған сәйкес қортынды жасауға мүмкіндік береді.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық

университеті, 2011ж.

1. Пәннің оқу бағдарламасы-syllabus

1.1.Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Төлеуов Қалдыбай Төлеуұлы.,

Әбдікәрімов Садратдин Әбдікәрімұлы

тегі , аты, әкесінің аты

Байланыс түрі 702МҒ, __257-71-59___

телефон, Е-mail

Кафедрада болатын уақыты 702МҒ,900- _1700______

аудитория, уақыты

1.2 Пәндер туралы мәліметтер:

Пән атауы «Газайдағыш агрегаттар»

Кредит саны 3

Өткізу орны __410а-ГУК__________

1-кесте

Оқу жоспарының көшірмесі (5В072400)

Курс

Семестр

Кредиттер

Бір аптадағы академиялық сабақтар

Барлық

түрлі

Дәрістер

Тәжірибелік

сабақтар

ОӨЖ

ООӨЖ

Барлығы

3

5

3

2

1

3

3

9

Емтихан

Т-тест

1.3 Алдыңғы реквизиттері: мататематика, физика, жылу техникасы негіздері, гидравлика және гидравликалық машиналар, газды және мұнайды құбырлы тасымалдау.

1.4 Соңғы реквизиттері: газ-мұнай кәсіпшілігінің жабдығы, мұнай және газ орындарын игеру, газды тасымалдау және сақтау, магистралдық газ құбырларының компрессорлы станциялары.

1.5 .Пәннің мақсаттары мен міндеттері

1.5.1 Пәнді оқыту мақсаты

Пәнді оқұту мақсаты-стуідентерді мұнай және газ кәсіпшілігінде, сондай-ақ могистралдық газ құбылдарының компрессорлық бекеттерінде қолданылатын газайдағыш агрегаттарды (ГАА) қолданумен байланысты тәжірибелік есептердің шешімін дұрыс табуға дайындау болып табылады

1.5.2 Пәнді оқыту міндеттер

Пәнді оқыту міндеттеріне студенттерді әртүрлі сұлбадағы (схемадағы) ГАА-дің конструкцияларымен және жұмыс істеу принцептерімен таныстыру, олардың есептеу әдістерін, параметрлерін, жұмыс тәртібін бақылау дағдысын, сондай-ақ ГАА-дің ақауын (диагностика) анықтау әдістерін меңгерту жатады.

1.5.3 Пәннің роль імен мәні

Газайдағыш агрегаттар пәні « Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтар» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауға керекті негізгі пәнедердің бірі болып есептеледі. Ол жоғарғы математика, физика, жылу техникасы, мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтар пәндері бойынша білімдерімен негізделеді және профильдік (мамандық) пәндерімен байланысты

1.5.4 Пәнді оқыған бакалаврлар төмендегілерді білу қажет:

- компрессорлық бекеттердегі ( КС ) магистралдық газ құбылдарының, энергожетектің (ГТҚ), әртүрлі ГАА-дің энергожетектерінің жұмыс істеу көрсеткіштері мен тәртібін, газ құбырларының өткізу қабілетінің өзгеру ерекшеліктерін, табиғи газды ортадан тепкіш газайдағыштарды, олардың құрылымдары мен сипаттамаларын;

- қарапайым ГТҚ-ның рпинципалдық (қағидалық) жұмыс істеу сұлбасын (схемасын), шығатын газды қажеті қайта өндіруші (пайдаланушы) ГТҚ-ның, сығылғандығы ауаны аралық салқындатушы және ұлғаю кезінде отынның аралық жануындағы ГТҚ-дың негізгі жұмыс істеу принціптері туралы түсініктемелерді;

- ГАА-дың құрылымдылық сұлбаларын, сипаттамаларын және олардың жұмыс істеу принціптерін, газ кәсіпшілігінде қолданылатын әр түрлі ортадан тепкіш газайдағыштардың (ОТГА) атқаратын міндеттерін,ұрылымдарын және негізгі көрсеткіштерін;

- ГАА-ды пайдалану жағдайындағы техникалық диагностиканың мақсаттарын және әдістерін;

Іскерлік болу керек:

- әртүрлі тәртіптегі компрессорлық магистралдық газ құбырларындағы ГАА-дың негізгі көрсеткіштерін есептеудің әдістерін игеруде;

- ГАА-ды тиімді пайдаланудағы қазіргі замандағы есептеулікті шешуде;

- инженерлік қызметтегі мамандықпен байланыст негізгі техникалық өлшеулерді жүргізуде;

- ГАА-ды пайдалануда әртүрлі қолданбалы мақсаттарды шешуде;

дағдылану керек:

- зерттеулердің әдістерін және приборларын қолдануға;

- есептік қатынастарын және ГАА-ды тиімді пайдаланудың дағдыларын меңгеруге;

- технологиялық машиналардың және жабдықтарды пайдалану бойынша негізгі нормативтік құжаттарды қолдануда;

- қабаттас өндірістегі технологиялық процестер саласында өндіріс жағдайындағы техникалық бақылау әдістерін меңгеруге;

компетентті болу:

- ГАА-ды тиімді пайдалануды таңдауда;

- ГАА-ды пайдаланғанда өндірістік еңбек заңдары мен қауіпсіздік техникасы саласында.