Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Экономика теория негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.81 Кб
Скачать

8. Практикалық сабақтарды орындау жоспары

1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Семинар сабағының жоспары:

  1. Кез келген индивидуум жасайтын экономикалық таңдайдың үш жағдайына сипаттама беріңдер:

А) табыс–тұтыну

Ә) еңбек-демалыс

Б) тұтыну-сақтау

  1. Қоғамдық қажеттіліктер жүйесін ашу үшін 1-сызбаны пайдаланыңыздар

2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері

Семинар сабағының жоспары:

  1. Бұл сұраққа сипаттама беру кезінде мынадай мәселелерге назар аударыңдар:

А) «экономикалық ресурстар» және «өндіріс факторлары» түсіініктері бір-бірімен қалай қатынасады?

Ә) ресурстар шектеулілігінің салыстырмалы сипатын қалай дәлелдеуге болады?

Б) экономикалық ресуелесі неде? рстар мен өндіріс факторларының қандай классификациясын білесіздер?

В) экономикалық ресурстарды ұдайы өндірудің мәселесі

  1. 1) «материалдық игіліктерді» өндіру тәсілі түсінігінің мазмұнын ашу үшін 2-сызбаны пайдаланыңыздар

Өндірістік қатынастар:

- әлеуметтік-экономикалық

- ұйымдық-экономикалық

- техникалық-экономикалық

Өндіргеш күштер

Жұмыс күші

Өндіріс технологиясы

Өндіріс құралдары:

  • еңбек заттары

  • еңбек құралдары

2-сызба. Өндіріс тәсілі және оның құрылымы

2) «Қоғамдық-экономикалық формация» және «материалдық игіліктерді өндіру тәсілі» түсініктері қалай қатынасқа түседі?

3-тақырып. Меншік қатынастары және олаілірдың экономикадағы орны

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Ұсынылып отырған мәлімдемелерді сараптап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Меншік құқықтары түсінігінің ойын ережелері ретіндегі маңызы қандай?

  2. Меншік құқықтарын жүзеге асыру кезіндегі «ойын ережелерінің» мәні неде?

  3. Неге өркениет әлемде өркениетті адам бөтеннің затын ұрламайды?

Өйткені:

а) қылмыстық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен қорқады;

б) қоғам салттарына бағынады;

в) бұған оның моральдық сенімдері жол бермейді;

г) өз пікіріңіз

Тапсырма – 2

Мына мәліметтерді пайдалана отырып, шағын жекешелендіруге сипаттама беріңіздер:

Жекешелендірудің І және ІІ сатылары шеңберінде жекешелендірілген кәсіпорындардың бір бөлігі қызмет көрсету саласына жатады. 1991-2000жж. Шағын жекешелендіру бойынша жекешелендірілген кәсіпорындар саны 26804 бірлікті құрады, олардың ішінде сауда кәсіпорындары бар. 34531 жекешелендірілген кәсіпорындар мен мүліктік кешендердің 8887 бірлігі сауда мен қоғамдық тамақтандыруға келеді.

4-тақырып. Қоғамдық өндірістің түрлері

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Осы сұрақтардың мазмұнын ашу үшін келесідей тапсырмаларды пайдаланыңыз:

  1. Тауардың екі анықтамасын келтіріңіз:

а) «тауар» - бұл сатып алу – сату жолы арқылы айырбасқа арналған еңбек өнімі»;

ә) «тауар – экономикалық игілік, яғни шексіз көлемде айырбасқа арналған және төлем қабілеті сұранысы қойылған игілік».

2. Осы анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы жаңа классикалық теорияға жатады.

Осы анықтамалар:

а) еңбек шығындарына;

ә) өндіріс сферасына;

б) айналыс сферасына;

в) сиректілік заңына;

г) қоғамдық қажеттіліктерге қандай роль береді?

Тапсырма -2

Кейс сабағын дайындау:

Экономикалық теорияда «Смит парадоксы» жақсы белгілі. Оның мәні: су алмасқа қарағанда адамға әлдеқайда пайдалы. Алмас неге сондай қымбат, ал судың құны неге мардымсыз? Осы сұрақтарға смит қалай жауап берер еді?

5-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

  1. 1-кестенің материалдарын пайдалана отырып, қорытынды жасаңыз

1-кесте

Баға

(мың тенге)

Сұраныс көлемі (кг)

Икемділік

Жалпы түсім

(мың тенге)

10

1

5

10

8

2

4

16

6

4

2,25

24

4

7

0,86

28

2

10

0,4

20

  1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) баға бойынша сұраныс икемділігінің дәрежесі дегеніміз не?

ә) баға бойынша сұраныс икемділігі коэффициентің қалай анықтауға болады?

б) сатып алушылар табысына байланысты сұраныс икемділігі коэффициентін қалай анықтауға болады?

Тапсырма – 2

Тұтынушының мінез-құлқын талдау үшін келесі тапсырмаларды пайдаланыңыз:

  1. 1кг капуста бағасы 20 теңге, ал 1 кг пияз бағасы 15 теңгеге тең деп болжайық. Тұтынушы капуста мен пияз сатып алуға 90 теңге жұмсай алады. Капуста мен пиязды сатып алудың мүмкін бірнеше вариантын көрсетіңіз.

  2. Тұтынушы айына Х және У тауарларын тұтыну үшін 120 теңге жұмсайды.

3-сызба. Тұтынушы тепе-теңдігі

6-тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Тапқырларға сұрақ:

«Максималдық пайда» дегеніміз не? Неліктен фирма өндірісті емес пайданы көп мөлшерде алуға талпынады? «Шекті түсім мен шекті шығын» анықтамасын түсіндіріп беріндер. Неліктен пайда «шекті түсім = шекті шығын» нүктесінде ең жоғары?

Тапсырма – 1

Білгірлерге сүрақ:

Әр фирманы иемденгенде кепілдік ретінде жауапкершіліктің шектеулілігі болып саналады: компания иегерлері ешқашанда өздерінің осы компанияға салған қаражатынан артық шығын жұмсамайды. Олардың міндеті шектеулі. Сұрақ: фирма дәрменсіз болып саналғанда, олардың иегерлеріне төленбеген шотының есебін жеке мүлік есебінен төлете аладыма?

7-тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Талқылауға арналған сұрақ:

  1. Капиталдың ауыспалы айналымы мен айналымы

  2. Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы

Дискуссияға арналаған сұрақ:

  1. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі. Тиімді және тиімсіз жақтары.

  2. Өндіру уақыты және айналдыру уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы.

8-тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі

  2. Фирманың табысы мен пайдасы

  3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы

Тапсырма – 2

Дисскусияға арналған сұрақтар:

  1. Сіздер «пайда» мен «шығын» түсініктерін айыра білесіздерме?

  2. Қалай ойлайсыздар, қай себептен кеңес одағы кезеңіндегі әдебиеттерде және жоспарлық тәжірибе шаруашылығында бухгалтерлік және экономикалық пайда түсініктері бөлінбеген?

9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Экономистердің көз қарастары бойынша пайда мен шығын түсініктері?

  2. Қай шығын – бухгалтерлік әлде экономикалық шығындар уақыт факторына қатынасын білдіреді?

Тапсырма – 2

Дисскусияға арналған сұрақтар:

  1. Өндіріс ауқымы есебіндегі ресурстар экономикасының заңы нені көрсетеді?

  2. Өндіріс ауқымы есебінен үнемдеу алуға қандай факторлар ықпал жасайды

  3. Фирманың экономикалық тепе-теңдігіне қандай жағдайда қол жеткізеді?

10-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Дисскусия сұрақтарына жауап береміз:

  1. Ұлттық шаруашылық түсінігін ашып беріңіздер.

  2. Ұлттық экономиканы құрылымын қандай қатынастар сипаттайды?

  3. Экономикалық құрылымды қалыптастыруға қандай факторлар ықпал жасайды?

  4. ЖҰӨ мен ЖІӨ немен ерекшеленеді?

  5. Жұмыссыздық мөлшері қалай анықталады?

  6. Ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) өзі нені көрсетеді?

  7. Қазақтан қай жылы және неге Ұлттық шоттар жүйесіне көшті?

  8. Ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес, операциялар номенклатуасы қандай топтарға бөлінеді?

  9. ҰШ қандай деңгейден тұрады№

  10. Қазіргі уақытта Қазақстанның ұлттық шоттарының жүйесі қандай шотты өзіне қосады?

Тапсырма - 2

Ұлттық шаруашылық жүйесі терминдерін қолданып экономикалық кроссворд құрындар.

11-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Вальрас моделінің мәні неде?

  2. Д.Патинкин моделі Вальрас моделінен немен ерекшеленеді?

  3. Кейнс теориясы бойынша табыс қандай құрамды бөліктерге бөлінеді?

Дискуссияға арналған сұрақтар:

  1. Макроэкономикалық теңдесудің классикалық моделінің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Әр елдегі тұтыну басымдылығын қандай факторлар аныөтайды?

  3. Инвестицияяның көздері қандай?

  4. Жиынтықты ұсынысқа қандай факторлар ықпал етеді?

Тапсырма – 2

Дәрісте берілген формуланы пайдаланып сеп шығарып келіңіз:

Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

  • Тұтыну шығындары (С) = 4600

  • Инвестициялар (I) = 1400

  • Мемлекеттік шығындар (G) = 1600

  • Мемлекеттік трансферттер (TR) = 200

  • Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N) = 200

  • Салықтар (T) = 1900

Есептеңдер:

А) жеке жинақтар;

Ә) мемлекеттік жинақтар;

Б) мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін.

Мына жағдай анық: тапшылық 50%-ға облигация шығарумен қаржыландырылады.

12-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Кезеңдерді реттеудің барлық тұжырымдамасы екі бағытқа тірелеі: неокейнсиандыққа және неоконсервативтікке (классикалық мектеп негізінде). Осы кезеңдерді реттеуді кестеге толтырып келіңдер:

Белгілері

Неокейнсиандық

Неоконсервативтік

Бағдар

Сұранысқа

Ұсынысқа

Мақсаттар

Реттудің басымдылығы

Мемлекет рөлін бағалау

Тапсырма – 2

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Экономикалық кезеңнің сыртқа себептерін атаңыздар.

  2. Өнеркәсіптік кезеңнің материалдық негіздері не болып табылады?

  3. Дағдарыс кезінде несие пайызының мөлшерлемесі неге өте жоғары деңгейде болады№

  4. Кредиттік экспансия дегеніміз не?

13-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне ықпалы. Оукен заңы

  2. ҚР-ғы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары

  3. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы негізгі түрлері

Тапсырма – 2

Дискуссияға арналған сұрақтар:

  1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары

  2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері

  3. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы

Тапсырма – 3

Тақырып бойынша терминдерді қолданып экономикалық кроссворд құрыңыздар

14-тақырып. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

Семинар сабағының жоспары:

Тапсырма – 1

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу

  2. Қаржы-кредиттік жүйе

  3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі

Тапсырма – 2

Дискуссияға арналған сұрақтар:

  1. Батыстың «Экономикс» оқулығында мемлекет қандай жаhандық үш қызметке бөлінеді?

  2. Экономикалық ғылымда ақша айналымы жүйесінің түрлері белгілі?

  3. Ақша реформасы дегеніміз не?

Тапсырма – 3

Лаффер қисығының графигін түсіндіріп беріңіз:

4-сызба. Лаффер қисығы

15-тақырып. Экономикалық өсу

Тапсырма – 1

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты

  2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары

  3. Экономикалық өсудің моделі

Тапсырма – 2

Экономикалық эссе сабағына дайындалу:

  1. «Мен экономист болсам елдің экономикасын қалай көтерер едім»;

  2. «Қазақстан экономикасына тигізер пайдам».

Тапсырма – 3

Өткен тақырыпты қайталау