Батыс- Қазақстан инновациялық технологиялық университеті
5В060800 «Экология», 5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 5В070400 Есептеуші техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В071800 «Электр энергетикасы» , 5В072900 «Құрылыс», 5В073100 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортыны қорғау,5В070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В090100 Жүк тасмалдауыды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану, 5В060200 Информатика, 5В090300 Жерге орналастыру, 5В090700 Кадастр
мамандықтарының күндізгі, сырттай оқу бөлімінің 2; 1 (қысқартылған бағдарлама бойынша) курс студенттеріне 2015-2016 оқу жылының 3,4; 2,1 семестріне арналған
«Экономикалық теория негіздері»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал - 2015 ж.
«БЕКІТЕМІН» |
|
|
«КЕЛІСІЛДІ» |
Инженерлік технологиялық факультетінің деканы |
|
|
КӘС төрайымы Жаркеева А.М. |
Н.М.Кадыргалиев |
|
|
__________________ |
__________________ |
|
|
|
«___»_______20_ж. |
|
|
«___» _______20__ж. |
Құрастырушы:э.ғ.м. аға оқытушы Тулеугалиева Жазира Калеловна
«Экономика және менеджмент » кафедрасы
Кредит саны – 2
Дәріс – 15 сағат
Зертханалық сабақтар – 15 сағат
СӨЖО – 15 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Барлығы – 90 сағат
«___»___________2015 ж кафедра отырысында талқыланды, №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Б.Г.Искакова
1. Оқытушы туралы мағлұмат:
Тулеугалиева Жазира Калеловна - «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы
2. Өтетін уақыты және орны:
Өтетін уақыты: 2015-2016 оқу жылының 3 семестрі
Өтетін орны: Орал қаласы, Ыхсанов көшесі 44/1үй, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесі бойынша.
3. Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер: талап етілмейді.
Постреквизиттер: «Микроэкономика».
4. Курстың қысқаша сипаттамасы
«Экономикалық теория негіздері» курсы барлық мамандықтар мен бағыттарында оқытылатын міндетті компонент болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер береді және келесі сұрақтарды қарастырады: экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің түрлері. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, экономикалық өсу.
Курстың негізгі мақсаты экономиканың кез-келген саласында талдау құралдары мен әдістерін қалыптастыруда студенттерге жеке қолдану тәсілдерін меңгеруді, экономикалық ойлауды, экономикалық үдерістерді үйрету болып табылады.
Міндеттері:
экономикалық теорияның жалпы ережелерін, экономикалық заңдарын, нарықтық экономика жұмысының принциптерін білу;
мемлекеттің ақша-несие, салық, инвестициялық және әлеуметтік саясатын оқып меңгеру;
негізгі макроэкономикалық категориялары мен көрсеткіштерін оқып меңгеру;
макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу, экономикалық өсу қарқынын, инфляция және жұмыссыздық деңгейін білу;
нарық экономикасының маңызды заңдары мен механизмдерін меңгеру;
мемлекеттік реттеу тіртібін оқып меңгеру
Пәнді оқу үрдісінде білуі тиіс:
экономикалық заңдар мен функцияларын;
қоғамдық өндіріс факторларын, өндірістік мүмкіншіліктер қисығын;
иелену түрлері мен формалары, меншік формалары және түрлерін;
экономикалық жүйелер түрлері және оның элементтер сипаттамасын;
нарық механизмінің элементтерін, түрлерін, принциптерін, және құрылымын;
өндірістік функция, ауыспалы және тұрақты функция және олардың бір-бірімен алмасуын.
Істей білу керек:
алған білімді тәжірибеде қолдану;
экономикалық жүйелердің салыстырмалы талдауын жасау;
натуралды және тауарлық өндірісті салыстыра білу;
сұраныс және ұсыныс қисықтарын құрастыру;
икемді сұранысты икемсіз сұраныстан айыра білу;
жалпы және шекті пайдалылықты анықтау,
жиынтық және шекті өнімді анықтау;
өндіруші тепе-теңдігі, жалпы альтернативтік, тұрақты, ауыспалы шығындарды анықтай білу,
фирма кірісін анықтау, графикалық талдау жасау.
Студенттің экономикалық теорияда алынған білімдерін, өзіндік бағалау мүмкіндігін ажыратып тәжірибелік жұмысқа дағдысы болуы керек.
Құзыретті болу:
нарықтық экономика жағдайларындағы өмірдегі мәселелерді шеше білу қабілеттілігі, ғылыми мәселелерді ойлау;
алынған экономикалық білімдерін болашақта тәжірибеде қолдана білу;
- рационалдық шаруашылықтың әдістері мен ұсынымдарын анықтау.
