- •Сөз таптары
- •9. Одағай 8. Шылау Сөз Одағай сөздер Көмекші сөздер
- •Атауыш сөздер
- •Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік Етістік Үстеу Еліктеуіш сөздер
- •Деректі және дерексіз зат есімдер
- •Жалпы және жалқы есімдер
- •Зат есімнің жалғаулары
- •Тәуелдік жалғау.
- •3. Септік жалғаулары
- •4. Жіктік жалғаулары
- •Көмекші есімдер
- •Тест сұрақтары
- •Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.Б. Қасиеттерін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сұрақтары: қандай? қай?
- •Негізгі сын есім Туынды сын есім
- •Сапалық сын есім
- •Қатыстық сын есім
- •Дара сын есім
- •Күрделі сын есім
- •Сын есімнің заттануы
Сапалық сын есім
Қатыстық сын есім
Қатыстық сын
есімдер деп бір зат
пен екінші бір заттың қатысын, байланысын
білдіретін сын есімдерді айтамыз.
Мысалы, балалы үй, шөпті жер, орманды
алқап, аталық борыш, ауылдағы адам,
астаналық қыз. Қатыстық
сын есімдердің түбірі басқа сөз табынан
болады да, қай сөзден жасалса, сол сөздің
мағынасымен байланысып, кейде сол сөзге
синоним сияқты болып тұрады. Мысалы,
аталық борыш – атаның борышы, астаналық
қыз -астанадан келген қыз.
Сапалық сын
есімдер деп мағынасы
жағынан заттың әр алуан сыр сипатын
білдіретін, атап айтқанда, түрі мен
түсін, сыны мен сапасын, көлемі мен
аумағын, дәмі мен иісін ештеңеге қатыссыз
тікелей білдіретін сөздерді айтамыз.
Мысалы, жақсы, жаман,
тәуір, нашар, үлкен, кіші, кең, тар, ауыр,
жеңіл, ащы, тәтті, сасық, күлімсі.
Сапалық сын есімдер сын есімнің түп
қазығы
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Дара сын есім
деп бір ғана сөзден
жасалған сын есімді айтамыз. Мысалы,
көк, сары, кең, жылы, терең, таза, алыс,
ақылды, түнгі, ұмытшақ.
Күрделі сын
есімдер деп екі не одан
да көп сөздерден не бірігіп, не қосарланып,
не тіркесіп барып жасалған сын есімдерді
айтамыз. Мысалы, аппақ,
үлкен-үлкен, қара ала, қою қара сақалды,
селдір қара мұртты.
Сын
есімнің шырайлары
Асырмалы
шырай Заттың
сындық белгісін я тым асыра, я тым
төмендете көрсететін шырай түрі. А.
шырай ең,
аса, тым, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, кілең,
орасан, тамаша деген
күшейткіш үстеулерді сын есімнің алдына
қою арқ. жасалады. Мысалы,
өте жақсы, тым үлкен, аса тәуір, тым ащы,
орасан зор, шымқай көк.
Жай
шырай Заттың
жай белгісін, түрі мен түсін, сыны мен
сапасын, көлемі мен аумағын, дәмі мен
иісін ештеңеге қатыссыз тікелей
білдіреді. Мысалы,
жақсы, жаман, тәуір, нашар, үлкен, кіші,
кең, тар, ауыр, жеңіл, ащы, тәтті, сасық,
күлімсі.
Күшейтпелі
шырай Заттың
бастапқы жай белгісін күшейте түсетін
шырай түрі. Күшейтпелі шырай күшейткіш
буындардың үстелуі арқылы жасалады.
Мысалы,
қап-қара, жап- жақсы, сап-сары, ап-ащы,
аппақ, көкпеңбек.
Салыстырмалы
шырай Біркелкі
сынның
бір-бірінен не артық, не кем екенін
көрсетеді. Мысалы,
үлкенірек, ақшылтым, ақшылдау, ащылау,
ашқылтым, сарғылтым, қоңырқай, бозаң.
Жұрнақтары:
-рақ,
-рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу,
-тау, -теу, -қыл, -ғыл, -ғылтым, -шыл, -шілтім,
-аң, -қай, -ғыш.
Сын есім жасайтын
жұрнақтар
Есімдерден сын
есім жасайтын жұрнақтар
Етістіктен сын
есім жасайтын жұрнақтар
-шыл,-шіл;
ұйқышыл,
сауықшыл, күлкішіл, ойшыл, қоғамшыл.
-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік;
қалалық,
аудандық, көлемдік, көйлектік.
-сыз,-сіз;
баласыз,
әкесіз, мұңсыз, панасыз, ақылсыз, сенсіз,
олсыз, сөзсіз.
-шаң,-шең;
көйлекшең,
етікшең, ашушаң, сөзшең, бойшаң, тершең.
-дай,
-дей, -тай, -тей; таудай,
үйдей, қойдай, аттай, құстай.
-лы,
-лі, -ды, -ді, -ты, -ті; балалы,
атты, арлы, атақты, сиырлы, ұғымды,
көрікті, өнерлі.
-қы-,кі,-ғы,-гі;
ауызғы,
төргі, сыртқы, төменгі, баладағы,
цехтағы, көктемгі.
-малы,
-мелі, -палы, -пелі;
жинамалы,
төгілмелі, ауыспалы, көшелі.
-улы,-улі;
жабулы,
бүркеулі, ерттеулі.
-ыңқы,-іңкі,-ңқы,
ңкі;
жатыңқы,
көтеріңкі, салбыраңқы, желбіреңкі
-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек;
ашық,
сынық, үркек, ширақ, дөңгелек.
-қыш,-ғыш,-кіш,-гіш;
жабысқыш,
кеңескіш, байқағыш, білгіш.
-шақ,-шек;
аяншақ,
мақтаншақ, еріншек, ұрыншақ.
-аған,
-еген; қашаған,
сүзеген, қабаған, тебеген
