Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.98 Кб
Скачать

Сөз таптары

Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасына, тұлғасына және атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінуін

сөз таптары дейміз. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Сөз таптары үш топқа бөлінеді.

9. Одағай 8. Шылау Сөз Одағай сөздер Көмекші сөздер

Атауыш сөздер

Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік Етістік Үстеу Еліктеуіш сөздер

  1. Атауыш сөздер - лексикалық мағыналары, өздеріне тән грамматикалық тұлғалары бар, түрлі қосымшаларды қосып алып, сөйлемде сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алатын сөздер. Атауыш сөздерге есімдер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер), етістікер мен үстеулер жатады.

  2. Көмекші сөздер – өздеріне тән лексикалық мағыналары анық емес, көмескі болғандықтан, атауыш сөздермен селбесіп қана жұмсалатын сөздер. Көмекші сөздерге шылау сөздер, сонымен бірге жеке сөз табы ретінде жұмсалмайтын көмекші есімдер мен көмекші етістіктер жатады.

  3. Одағай сөздер – ешқандай белгілі ұғымды білдіре алмайтын, сөйлемде ешқандай сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын, тек адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін ғана білдіруге қатысатын сөздер.

Зат есім

Сөйлемдегі Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағынада жұмсалатын сөздер зат есімдер деп аталады. Мысалы, студент, малшы, агроном, ана деген сөздер кім? деген сұраққа, қалам, кірпіш, кітап, трактор, комбайн деген сөздер не? деген сұраққа жауап береді.

Деректі және дерексіз зат есімдер

Деректі зат есім деп көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат атауларын атаймыз. Мысалы, Асан, қала, қоян, балға, шеге, үй.

Дерексіз зат есім деп көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап барып қана айтуға келетін заттарды атаймыз. Мысалы, ой, сыр, мінез, арман, қуаныш, реніш, кек, кеңшілік.

Жалпы және жалқы есімдер

Бірыңғай көптеген заттардың жалпылама атын көрсететін зат есімдер жалпы зат есімдер деп аталады. Мысалы, кітап, қағаз қалам, қоян, сиыр, ағаш, комбайн, есік, шаш, сия.

Бірыңғай көптеген заттың ішінен дараланған жеке нәрсенің арнаулы атын білдіретін зат есімдер жалқы зат есімдер деп аталады. Мысалы,

Жалқы есімдер

Мысалдар

Адамның аты жөні

Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев,Шоқан Уәлиханов

Кейбір мал мен хайуанаттарға қойылатын аттар

Құлагер, Бөрібасар, Аламойнақ, Майлыаяқ,Тайбурыл

Мемлекет, облыс, аудан, су, тау, қала көше аттары

Қазақстан, Мерке ауданы, Жамбыл облысы, Абай көшесі, Ертіс өзені, Көкшетау, Жетіқарақшы

Тарихи оқиғалар, газет, журнал, әдеби кітаптар жеке мақалалардың аттары, т.б.

«Егеменді Қазақстан» газеті, «Абай жолы» эпопеясы, «Көзімнің қарасы», «Зәуреш» әндері

Ел, ауыл, фабрика аттары, т.б.

«Бірлік», «Алғабас» елді мекендері, «Скороход», «Электросталь» зауыттары

Екі не одан да көп түбірден құралған туынды зат есімдерді күрделі зат есімдер дейміз.

Күрделі зат есімдер

Тіркескен зат есім ауыл аруашылық, балалар бақшасы, күн тәртібі

Қысқарған зат есім

ҚР, ҚазМУ, АҚШ,

ЕҚЫҰ, пед колледж

Қосарланған зат есім – ата-ана, бала-шаға, ұрыс-керіс.

Біріккен зат есім- қарақат, қолғанат, белбеу.

Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

Зат есімнің жұрнақтары

Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар

  • -шы,-ші; қойшы, әдебиетші, қайлашы, бүркітші

  • -лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік;кісілік, достық, аздық, көптік, жеңілдік, жоқтық,

  • -шылық,-шілік; жұртшылық, кемшілік, малшылық, тіршілік

  • -шақ,-шек,-ша,-ше; мақтаншақ, маңдайша

  • -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес; жолдас, табақтас, одақтас, пікірлес.

  • -стан; Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан.

  • -ма,-ме,-ба- па,-пе; аялдама, терме, тұнба, елірме, қоспа.

  • м,-ым; алым, білім, тойым, күтім, ағым.

  • -ыс,-іс,-с; ұрыс, күйзеліс, айқас, желіс.

  • -қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек; тарақ, күрек, сызық, қайрақ, түкірік.

  • -ыш,-ғыш,-қаш,-ғаш; жылтқыш, жапқыш, қырғыш, қысқаш.

  • -ыш,-іш; желпуіш, өлшеуіш, түйреуіш, төсеніш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]