- •2. Формалар қорапшасы
- •3. Матрешканы бөлшекте және жина
- •4. Ойыншықтарды топтастыру (л.А.Венгер әдістемесінің бейімделген варианты)
- •5. Кесілген суретті құрастыр (3 бөліктен)
- •8. Текшелерді құрастыр
- •9. Сурет сал.
- •10. Сюжеттік суреттер.
- •1.Ойна.
- •Формалардың қорапшасы.
- •Матрешканы бөлшекте және құрастыр.
- •4) Ойыншықтарды топтастыру
- •5) Кеспе суретті құрастыр
- •6) Арбашаны ал
- •8. Кубиктерді құрастыр
- •9. Сурет сал
- •10. Сюжетті картинкалар
8. Текшелерді құрастыр
Бұл тапсырма еліктеу және мақсатқа бағытталған жұмыс қабілеттерін анықтауға бағытталған.
Құрылғысы: 2 бірдей құрылыс материалдарын компоненті – брусок, үшбұрышты призма, жарты сфера (бәрі бір түс).
Тексеру жүргізу: ересек адам баланың көзінше 3 бөлшектен ғимарат құрастырады. Сосын балаға тура осындай құрастыруын сұрайды. Егер бала бірден құрастыра алса, екінші бір ғимаратты құрастыруын сұрайды. Бұл кезде текшелердің орындары ауысады.
Үйрету: егер бала тапсырманы көрсеткен бойынша орындай алмаса,онда еліктеу арқылы жасауын сұрайды. Ересек адам өзінің жанына брусок қойып, балаға да тура сондай беріп, тура осылай қоюын сұрайды. Сосын, ересек үшбұрыш призманы салып, брусоктын үстіне қойып, балаға тура солай қоюын сұрайды. Кейін жарты сфераны қойып балаға тура сондай беріп қайда қоятынына назар аударады. Үйретіп болған соң, өзі құрастыруын сұрайды.
Баланың қимылын бағалау: Тапсырманы түсіну мен қабылдауы; тапсырманы еліктеу арқылы, көрсету бойынша үйреткеннен кейін орындау, өз әрекет нәтижесіне қатынасы.
9. Сурет сал.
Заттық суретті дамыту деңгейін анықтауға бағытталған тапсырма.
Құрылғысы: 2 түрлі түсті фломастер, таза парақ.
Тексеруді жүргізу: ересек адам баланың көзінше парақтың бетінде үрлемелі шарды салып, « Мен шар салып жатырмын, оған жібін салдым. Мынау тағы бір шар, ал бұған жіп сыз.» балаға фломастер беріп, жестпен салатын жерін көрсетіп жіпті салуын көрсетеді. Егер бала сала алса, оған тағы бір шар жібімен салуын сұрайды. Егер бала сала алмаған жағдайда, оған басқа қағаз беріп, тура осындай шар салуын сұрайды.
Бала әрекетін бағалау: тапсрманы түсіну мен қабылдауы, сурет салуға қызығушылығын қалыптастыру деңгейі; сурет салуға алғышарттар – фломастер ұстай білуі; заттық сурет бар болуы; нәтижеге қатынас.
10. Сюжеттік суреттер.
Бұл тапсырма сюжеттік суретті қабылдауды және байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған.
Құрылғысы: оқиға суреттелген сурет, өмірлік тәжірибесіне жақын (бала жуынып жатыр, қыз бала қуыршаұты тамақтандырып жатыр).
Көрнекілік материалдар: № 1 жинақ, 23-25 суреттер.
Тексеруді жүргізу: психолог кезек-кезек бір суреттен балаға көрсетіп, оны қарастыруын, сосын қыз немесе ұл не істеп жатқанын айтып, беруін сұрайды. Егер, бір сөзбен жауап берсе, бірақ адекватты түрде болса, онда психолог жетекші сұрақ қояды: (Кімді қыз бала тамақтаныдырып отыр? Бала не істеп отыр? Бала кімді сүйретіп жүр?) егер бала сөбен, фразамен жауап бере алмаса, үйретужұмысы жүргізіледі.
Үйрету: баланың алдына 2 сурет қойылады, бала қайда жуынып жатыр деген сұрақ қойылады, сосын : «Бала не істеп жатыр?» деп суретті көрсетіп, сұрайды. Егер бала сөйлемесе көрсетіліп тұрғанды «Жуынып жатыр» деп жауап беруін ұсынады.
Бала әрекетін бағалау: тапсырманы түсінуі мен қабылдауы. Баланың сөйлеу тілінің деңгейі (белсенді сөйлеу тілінің жоқтығы, фразалық сөйлеу тілінің бар, жоқтығы, түсінікті немесе жартылай сөйлеу тілі жеке сөздермен сөйлеу). Егер баланың сөзі түсініксіз, жеке сөздерді ғана айтса, онда толық педагогикалық тексеруді және сөйлеу тілін дамытуды дигностикалау жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыстардың қортынды нәтижелері ұпайлар арқылы бағаланады.
