- •2. Формалар қорапшасы
- •3. Матрешканы бөлшекте және жина
- •4. Ойыншықтарды топтастыру (л.А.Венгер әдістемесінің бейімделген варианты)
- •5. Кесілген суретті құрастыр (3 бөліктен)
- •8. Текшелерді құрастыр
- •9. Сурет сал.
- •10. Сюжеттік суреттер.
- •1.Ойна.
- •Формалардың қорапшасы.
- •Матрешканы бөлшекте және құрастыр.
- •4) Ойыншықтарды топтастыру
- •5) Кеспе суретті құрастыр
- •6) Арбашаны ал
- •8. Кубиктерді құрастыр
- •9. Сурет сал
- •10. Сюжетті картинкалар
5. Кесілген суретті құрастыр (3 бөліктен)
Тапсырма суретті берлген заттық бейнені тұтастай қабылдаудың даму деңгейіне бағытталған.
Құрылымы: 2 бірдей заттық суреттер, олардың біреуі 3 бөлікке бөлінген (тауық және көйлек).
Көрнекі материал: №1 жинақ, 13-16-сурет.
Тексерудің жүргізілуі: мұғалім балаға 3 бөлікке кесілген суретті көрсетіп: «Толық суретті құрастыр» деп тапсырады.
Үйрету: егер бала суретті дұрыс құрастыра алмаса, мұғалім толық суретті көрсетеді және бөліктерден осы суретті құрауын сұрайды. Егер бала бұл реттегі тапсырманы орындай алмаса, мұғалім бөлшектерден толық суретті құрайды және оны тұтас суретке қоюын сұрайды. Бұдан кейін балаға тапсырманы өздігінен орындауын тапсырады.
Бала іс-әрекетінің бағалануы: тапсырманы қабылдауы; орындау жолы; үйренуі; нәтижеге қатынасы; нәтиже
6.Арбашаны ал (шыбықпен бірге; С.Л.Новоселованың әдістемелерінің бейімделген нұсқасы ). Тапсырма көрнекі – белсенді ойлау деңгейін анықтауға бағытталған.
Құрал – жабдықтары: таяқша мен арбаша, 3 таяқша: сақинамен, тележка со стержнем, три палочки: с колечком, шанышқымен, арқанмен бірге.
Тексеруді өткізу: баланың қолы жетпейтіндей, бала алдындағы үстелдің басқа бөлігінде арбаша тұр.Баланың бүйір жағынан алыс емес жерде таяқшалар жатыр. Балаға арбашаны алып, онымен ойнауын өтінеді. Егер бала оған қолымен ұмтылса, онда оған: «Ойлан, оны қалай алуға болады» деп айтады. Сол жағдайда бала таяқша мен арбашаны алар алдында, оған сынама әдіс бойынша тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Егер бала орнынан тұруға ұмтылса, оған орындықта ойланып отырып, арбашаны алуын сұрайды.
Оқыту жүргізілмейді.
Баланың іс-әрекетін бағалау: тапсрыманы қабылдауы мен түсінуі; орындау әдістері – ретсіз іс-әрекеттер; сынама әдіс; көрнекі коррекциялық әдіс; нәтижеге қатынасы; нәтиже.
7. Жұпты тап (суреттерді салыстыру).
Тапсырма суреттегі бейнені талдау мен салыстыру дағдыларын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға бағытталған.
Құрал – жабдықтары: әр түрлі тізбектегі үш жұп карточкалар (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш); Көрнекі материал: жинақ № 1, сур. 17—22.
Тексеруді өткізу: орналасуы әр түрлі геометриялық пішіні бар үш суретті алып, оны баланың алдына жайып қояды, ал ұқсас суреттер үлкеннің қолында болады. Ол баладан ұқсас карточканы алдындағы берілген геометриялық пішіні бар карточкаға ұқсасын табуды өтінеді.Бала тарапынан тапсрыма дұрыс орындалғаннан кейін, оған басқа екі карточканы береді. Егер тапсырма орындауда қиыншылықтар болса, оқыту жүргізіледі.
Оқыту: берілген жұп карточканың біреуі алынып тасталса, бала берілген карточкалардан таңдау жасауы қажет, бұл берілген көмектің бірінші түрі ұсынылады. Егер осыдан кейін де бала тапсырманы орындай алмаса, онда көмектің екінші түрі ұсынылады. Ересек адам бірдей карточкаларда формалар арақатынасын белгілейді де, нұсқаушы жестпен кезекпе-кезек: «Мұнда бірінші үшбұрыш және мында да солай; мұнда дөңгелек және анда да дөңгелек пішін; мұнда шаршы анда да шаршы. Мына карточкалар бірдей » деп көрсетеді. Эти карточки одинаковые». Бір жұпты толық қарастырудан кейін балаға келесі жұп суретті таңдау ұсынылады.
Баланың іс-әрекетін бағалау:тапсырманы қабылдауы мен түсінуі; суреттегі бейнені талдау мен салыстыра білуі; оқытушылық; нәтиже.
