Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.06 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 5-6

Тақырыбы: Микропроцессорлер мен сопроцессорлер

Мақсаты: Микропроцессорлермен таныстыру. Микропроцессорлерді алып тастау және орнату әдістерін көрсету

Қысқаша теория:

Копьютерлердің ең негізгі элементі, яғни "миы" микропроцессор болып табылады. Ол барлық ақпараттарды өңдеуді және есептеулерді орындайтын кішкентай электронды схема.

Микропроцессор жүздеген әр түрлі операцияларды орындайды. IBM PC типті компьютерлерде Intel фирмасының микропроцессорлары (AMD, Sis, IBM және тағы басқа) қолданылады. IBM PC компьютерлерінде қолданылатын Intel фирмасының микропроцессорлары мынандай: Intel - 8088, 80286, 80386 (SX және DX модификациялары), 80486 (модификациялары SX, SX2, DX, DX2, DX4), Pentium және Pentium Pro, Pentium ІІ, Pentium ІІІ, Pentium IV бұлар бағасы мен өнімділігінің өсу ретімен келтірілген. Бұл микропроцессорлардың өндірулігі жағынан айырмашылықтары өте көп.

Мысалы: Pentium IV жаңа микропроцессорлары Pentium ІІ микропроцессорларынан бірнеше мыңдаған есе тез. Микропроцессорлардың бірдей модельдері әр түрлі тактілік жиілікте болуы мүмкін - тактілік жиілік жоғары болған сайын, олардың жұмыс істеу өнімділігі мен бағасы жоғары болады. Тактілік жиілік мегагерцпен (МГц) өлшенеді.

Мысалы: Pentium микропроцессорлары 75-тен 200 Мгц-ке дейінгі тактілік жиілікпен шығарылады. Ал қазіргі Pentium IV микропроцессорларының 15000 МГц-тен - 3 ГГц-ке дейін шығарылып жатыр. Көбіне тактілік жиілік микропроцессор моделінен кейін көрсетіледі, мысалы Pentium/75Мгц.

Кей жағдайда компьютерлерде көптеген математикалық есептерді орындау керек болғанда, математикалық операциялар аппараты қолдау алғаны дұрыс, яғни микропроцессорлардың өзімен. Бірақ Intel - 8088, 80286, 80386, 80486 SX микропроцессорлары бұндай қолдауды қамтамасыз етпейді, сондықтан оларға негізгі микропроцессорлерге математикалық операцияларды орындауға көмектесетін математикалық сопроцессорды қосу талап етіледі. Intel фирмасының жаңа микропроцессорлары (80486 DX, Pentium және Pentium Pro, Pentium ІІ, Pentium ІІІ, Pentium IV) және осыларға ұқсас басқа фирма.

Микропроцессорды (cpu) орнату және алып тастау

CPU- ды ZIF- ұяшығынан алып тастау үшін: 1. Микропроцессор контактілерін босату үшін ZIF- ұяшығындағы рычагты көтереміз.

2. Ақырын ғана ұяшықтан микропроцессорды аламыз.

Жаңа процессорды орналастыру үшін: 1. ZIF ұяшықтарында және процессорде кесілген бұрышты табамыз.

2. Осы кесілген екі бұрышты бір-біріне беттестіріп, процессорды ZIF- ұяшығына орналастырамыз. Содан соң рычагты төмен қарай жайлап (суретте көрсетілгендей етіп) бұрамыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Микросхема дегеніміз не?

2.Микропроцессор қызметі қандай?

3.Тактілік жиілік қалай өлшенеді?

Зертханалық жұмыс № 7-8

Тақырыбы: Оперативті жадымен танысу және онымен жұмыс жасау.

Мақсаты: Оперативті және кэш жадыларымен танысып, оларды орнатуды меңгеру.

Қысқаша теория

Оперативті жады - компьютерлердің маңызды элементі болып табылады. Осы жадыдан процессор программаларды және өңдеу үшін бастапқы берілгендерді алады және оған алынған нәтижелерді жазады. Бұл жады "оперативті" деген атты өте тез жұмыс істейтіндіктен алды, сондықтан процессорге жадыдан берілгендерді оқу үшін немесе жадыға жазу үшін күтудің қажеті жоқ. Алайда ондағы мәліметтер тек компьютер қосулы тұрған кезде ғана сақталады. Компьютерді өшіргенде оперативті жадының мазмұны өшіріледі. Оперативті жады үшін көбіне RAM мағнасын қолданады (random accses memory).

Компьютерде орнатылған оперативті жадының санына байланысты сіз қандай программамен жұмыс істей алатыныңыз белгілі болады. Оперативті жадының жетіспеген санында көптеген программалар жұмыс істемей қалуы мүмкін немесе өте жай жұмыс істейді.

О перативті жады көлеміне қарай компьютердің мүмкіншіліктерінің классификациясын жобалап келтіруге болады:

1 Мбайт және кішкене жоғары - компьютерлерде тек DOS ортасымен жұмыс істеуге болады және де текстерді жөндеуге немесе берілгендерді енгізу үшін ғана қолдануға болады.

4 Мбайт - компьютерлерде DOS, Windows 3.1, Windows for Workgroups орталарында жұмыс істеуге болады. DOS-та жұмыс істеу өте ыңғайлы, ал Windows-та - кейбір Windows-программалар жадының мұндай көлемінде жұмыс істемейді. (мысалы: Corel Draw 5), ал кейбіреулері тек кішкене және қиын емес документтерді ғана өңдеуге мүмкіндік береді. Бірнеше Windows программаларын қатар жіберу жұмысы да қиындайды;

8 Мбайт - Windows 3.1, Windows for Workgroups орталарында жұмыс істеу өте ыңғайлы. Windows 95 және OS/2 Warp сияқты операциялық жүйелерде жұмыс жасау мүмкін, бірақ олар өте жәй жұмыс істейді.

16 Мбайт - Windows 95, OS/2 операциялық жүйе ыңғайлы жұмыс жасау қамтамассыз етіледі. Windows NT-ні қолдануға болады, бірақ ол үшін тағы да 8-16 Мбайт қосса кедергі болмайды.

32 Мбайт және 256 Мбайт - оперативті жадының бұндай көлемі фотобейнелерді немесе видеофильмдерді өңдеуге қолданылатын компьютерлерде және басқа да қосымшаларда қажет етіледі. Windows NT операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерлер үшін де қолайлы.

512 Мбайт -1 Гбайт- оперативті жадының бұндай көлемі локальды желілердің серверлері үшін қолданылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]