Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.06 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер»

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

_________ Қ.Қ.Дәуренбеков

_____” __________ 2015 жыл

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету» мамандықтарының 3-курстың білім алушыларына «Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға

арналған әдістемелік нұсқау

Қызылорда, 2015 жыл

Құрастырғандар:

«ЕТ және АЖ» кафедрасының аға оқытушысы,

техника ғылымдарының магистрі: А.Ө. Есіркепова

«ЕТ және АЖ» кафедрасының оқытушысы: Ж.С. Шонбаева

Мазмұны

Кіріспе

Зертханалық жұмыстарды орындау ережелері

Зертханалық жұмыстардың мазмұны

Зертханалық жұмыс №1

Дербес компьютердің негізгі элементерін зерттеу

Зертханалық жұмыс №2

Жүйелік платаны жөндеу

Зертханалық жұмыс № 3

Микропроцессорлер мен сопроцессорлер

Зертханалық жұмыс №4

Оперативті жадымен танысу және онымен жұмыс жасау.

Зертханалық жұмыс №5

Қатты дискілер және оны жөндеу

Зертханалық жұмыс №6

Қоректену блогы және оны модернизациялау

Зертханалық жұмыс №7

Дербес компьютер конфигурациясын BIOS SETUP POST BIOS жабдықтары арқылы талдау.

Дербес компьютер конфигурациясын бағдарламалар мен операциялық жүйелер арқылы талдау

Зертханалық жұмыс № 8

Желілік тақшаны жөндеу

Зертханалық жұмыс №9

Пернетақта (клавиатура) мен тінтуірді модернизациялау және жөндеу

Дыбыстық карта және дыбыс ұлғайтқышты жөндеу

Бейне платаны жөндеу

Зертханалық жұмыс №10

PCI-EXPRES слоттарын зерттеу

Зертханалық жұмыс №11

SATA-ID коннектор жұмыстарын зерттеу

Ноутбуктер мен лэптоптарды зерттеу

Зертханалық жұмыс №12

ISA,PCI,AGP,CNR шиналары

Зертханалық жұмыс №13

CMOS Setup бағдарламасы

Зертханалық жұмыс №14

Plug-and-Play технологиясын пайдалану

Зертханалық жұмыс №15

Процессордың өнімділігі және сәулеті

ҒАТ файлдық жүйесі

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру»– ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу жəне оны пайдалану заңдылықтары мен тəсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пəн. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу, жинау жəне беру тəсілдері де күннен-күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пəн болып саналады. Сондықтан “ақпарат” ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. Бүгіннің көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға ақпаратты жинау, дайындау жəне өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып оқу, жазу, есептеу, сурет салу жəне ақпарат іздеу жолдарын меңгеруді айтады. ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мəдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мəдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мəселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау жəне ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу, есеп шығаруға керекті мəліметтерді айқындай білу мен алынған нəтижелерді талдау тəсілдерін əрбір адамның жетік меңгеру болып табылады.

Зертханалық жұмыстарды орындау ережелері

  1. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студент міндетті:

  • әдістемелік нұсқауда көрсетілген зертханалық жұмыстың теориялық бөлімін білу (Дәріс сабақтарының материалдарын және онда көрсетілген әдебиеттерді қолдану тиімді);

  • әдістемелік нұсқауда көрсетілген тапсырма вариантын орындау;

  • зертханалық жұмыстың есебін әзірлеу.

  1. Зертханалық жұмыстың есебін әзірлеу ережелері.

Есеп А4 форматындағы парақта дайындалады және келесілерді қамтиді:

  • сыртқы беті, жоғары оқу орны мен кафедра атауы, зертханалық жұмыстың нөмірі мен тақырыбы, студенттің аты-жөні және оқу тобы, оқытушының аты-жөні;

  • теориялық бөлім (қысқаша конспект, 2 парақ);

  • тапсырма мәтіні (әдістемелік нұсқауда көрсетілген);

  • орындалған тапсырма. Блок- схема, программа коды және т.б. болуы мүмкін;

  • бағдарламаны тестілеуден өткізуге арналған алғашқы мәліметтер;

  1. Әзірлеген есепті және ДК алынған нәтижелерді оқытушыға көрсету.

  2. Зертханалық жұмысты қорғау.

  3. Студент барлық зертханалық жұмыстарды орындап болғаннан кейін «C++ объектіге-бағытталған бағдарламалау» пәнінен зертханалық жұмыстар» атты жинақ әзірлеу тиіс.

Зертханалық жұмыстардың мазмұны Зертханалық жұмыс № 1-2

Тақырып: Дербес компьютердің негізгі элементерін зерттеу

Мақсаты: Студенттерді ең алдымен дербес компьютердің негізгі элементтері және қауіпсіздік

шараларымен таныстыру

Қысқаша теория

Компьютердің iшкі құрылысын қарастырмас бұрын қауіпсіздік шараларын ескерген артық болмас. Сіздің көптеген ic-әpeкeттepiңiз сізге емес сіздің құрылғыңызға көп әсерін тигізуі мүмкін. Қоректену блогын ескермегенде, қолданбалы компьютердің iшкi қуаты адамға қayin әкелмегенімен сезімтал электронды компоненттерді зақымдайды.

Төменде келтірілген ережелер таныс болғанымен ескерте кеткенді жөн көрдік: Қолданбалы компьютердің корпусын ашатын қандайда болмасын жұмысты бастамас бұрын розеткадан вилканы ажырат. Көп жағдайда қолданушы Вкл/Выкл кнопкасын басумен шектеледі, бipaқ оның сұранысты орындау ықтималдығы төмен. Толық көз жеткізу үшін қоректену шнурын ПК-ның артқы панелінен немесе қабырғадағы розеткадан ажыратқан жөн. Бойыңызда қалған статикалық электрді кетіру үшін, арнайы браслет киген жөн. Бұл әcipece қыс айларында қажет, өйткені бұл кезде бөлмедегі жылы құрғақ aya статикалық электрдің жиналуын көбейтеді. Сіздің компьютеріңіздегі барлық электронды компоненттер бip ғана разрядтан істен шығуы мүмкін. Егер сізде антистатикалық браслет болмаған жаудайда, компьютердің металл корпусына немесе қоректену блогының корпусына қолыңызды тигізіңіз. Сонымен қатар үйдегі жылу батареясын ұстап көруге болады.

Кең жұмыс орнын таңдаңыз. Бөлшектелген компьютер маңына жайма немесе сүлгі төсеген жөн. Ол майда винттардың жоғалмауын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Егер сіз өз компьютеріңіздің корпусын ашып қойсаңыз кепілділік уақытын жоғалтуыңыз мүмкін. Сондықтан алдымен кепілдік берушінің шарттарымен танысыңыз.

D esktop және Tower

ДК-дың негізінен екі түрлі компоновкасы бар: Desktop және Tower

Desktop моделі әртүрлі көлемде болады, мысалы full-size, baby-AT немесе slim-sized аттарымен беріледі. Алайда барлығы компьютердің үстелде көлденең орнатылатын моделін көрсетеді. Tower моделі де әртүрлі болады: mini-tower, midsize-tower, big-tower және т.б.

Егер анықтап қарасаңыз tower қабырғаға тікесінен қойылған.Tower моделі үстел үстінде аз орын алады, ал үлкен tower iшкi дисководқа қосымша орын ұсынады. ПК-ның қандай моделін алсаңызда (tower немесе desktop) барлық компьютерге жалпы элементтерді аңғарасыз. Бұл ең алдымен бip немесе бірнеше дисководтар, олар иілгіш (гибкий) диск дисководы, CD-ROM дисководы, DVD дисководы, магниттік лента, резервті көшіру құрылғысынан және ауыспалы қатты диск дисководы болуы мүмкін

ПК-ның алдыңғы панелінде Reset кнопкасы бар. Ол негізінен Power кнопкасының қасында орналасады. Power кнопкасы қоректену блогына келген тоқты жүйелік платаға жіберу үшін қолданылады. Reset кнопкасы ПК-ды қайта жүктеуге арналған, яғни компьютерді өшipiп қайта қocуғa болатын процедура. Бұл салқын қайта жүктеу (холодная перезагрузка) процедурасы деп аталады. (Горячая перезагрузка)-мұнда әрдайым қоректену жүреді, (Холодная перезагрузка) -қopeктенy өшірілгенде жүрeдi. Олардың арасындағы айырмашылық осы электро қоректенгіштің болу немесе болмауымен жүреді. Холодная перезагрузка - бұл кардиналды процесс, мұнда бірнеше жүйелік кэштер немесе жадыда болуы мүмкін берілгендер жойылады және онда кеңістіктен орын алады. Салқын түрде қайта жүктеуде POST (Power-On Self-Test -жүктелу кезінде өзін-өзі тестілеу)орындалады. Ал ыстық түрде жүктелуде сезімтал электронды компоненттерге үлкен қayiп әкелмейді.

ПК-ның сыртқы компоненттерінің идентификациясы

ПК-ның iшкі құрылысымен жұмыс істемес бұрын компьютердің сыртқы бөлігінде орналасқан разъемдармен толық танысайық. Әдеттегідей олардың көпшілігі ПК-ның артқы панелінде орналасқан. Төменде көрсетілген разъемдарды компьютердің артқы панелінен көруге болады:

Тізбектелген (последовательный) порт. Бұл тізбектелген құрылғыларды (яғни тізбектеліп берілетін информациялар биті) қосуға арналған: модемдер, принтерлер және т. б. Параллельді порт. Параллельді принтерлерді және ауыспалы тасымалдағыштағы кейбір сыртқы жинақтағыш түрлерін қосуға арналған. VGA видео порты. Бұл сіздің мониторыңызды қосатын орын. Клавиатура порты. Мұнда сіздің клавиатураңыз жалғанады. Ол үлкенірек АТ-сияқты разъем немесе кішірек РС/2 сияқты разъемдардың біреуінен тұрады. USB порты (Universal Serial Bus). Бұл 127 құрылғы жалғауға болатын 12 МБит/сек. жылдамдықпен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар интерфейс.

Тапсырма және бақылау сұрақтары:

  1. ДК – дің неше компоновкасы бар. Оларды ата?

  2. Компоновкаларының ерекшелігі неде?

  3. Процессорда қандай порт түрлері болады? Олар не үшін арналған?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]